400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Иванов. Полька

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Иванов.Полька- ашық сабағына жасалған ҚМЖ, Музыка, өнер мектептерінің баян пәні мұғалімдеріне үлгі ретінде ұсыным.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Иванов Азарий Иванович «Полька»

(ашық сабақ)


Сабақтың мақсаты:

.


Білімділік:

Баян аспабын жетік меңгеру үшін музыкалық

сауаттылық элементтерінен білім беру.

И.Аз. Иванов. «Полька» үйрете отырып, композитор

туралы, мағұлмат беру

Тәрбиелік:

Оқушыны өнерді сүюге , ұйымшылдыққа, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу.


Дамытушылық: Шығармаларды тыңдату арқылы оқушының есте сақтау

қабілетін,ырғақ сезу қабілетін, музыкалық сауатын

дамыту.

Көрнекілік:

Композиторлардың портреттері, интерактивті тақта, слайд суреттер, видеолар, баян аспабы.

Пәнаралық байланыс:

Сольфеджио, Өзін-өзі тану, музыка әдебиеті

Сабақтың түрі.

Аралас сабақ.

І.Сабақтың

жүрісі:

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1.Ұйымдастыру


Сынып тазалығы , оқушының киім үлгісі, оқу

құралдарын қадағалау





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.К.Черни. «Этюд» - жатқа ойнау.


2.«Во поле береза стояла» (о.х.әні) - жатқа ойнап келу.



Қатемен жұмыс жүргізу.(мех, аппликатура,динамикалық белгілер).

Қатемен жұмыс жүргізу.(мех, аппликатура,динамикалық белгілер).



Халық әні дегеніміз не? –оқушыдан сұрау.


1.Саусаққа жаттығу жасау:

*До-мажор гаммасы - оң қолда лигамен ойнау

*До мажор гаммасы - сол қолда стаккатомен ойнау

2. Оқушыдан К.Чернидің өмірбаянын айтып береді.

Халық әні дегеніміз- ұрпақтан –ұрпаққа жеткізушісі ұмыт болған әндер.

Оқушының жаттығулар, шығармалар ойнау барысында аспапты меңгеру қабілетінің жоғарылағаны аңғарылады.

ІІІ. Оқушының музыкалық сауаттылығын дамыту:



Мұғалім лига, стаккато, пауза туралы кеңінен

дамыта отырып,жіктеп оқушыға түсіндіру,

ойнап көрсетеді

Лига (Итал. Легато) – үзбей жалғап ойнау.

Стаккато (Итал.Staccato-бөлу, ажырату) – Музыкада – музыкалық аспапта, әнші даусында дыбыстарды үзіп-үзіп қысқа орындау.

Пауза- үзіліс жасау.

Оқушы шығармадағы динамикалық

белгілермен танысып, оны аспапта ойнауды үйренеді.



ІҮ. Жаңа сабақ.



«Полька»- (Чех тілінде Pulka-жарты адым) - чех халқының ұлттық биі. Жылдам екпінмен, шағын адыммен билейтін би, музыкалық өлшемі 2/4.

Польканы екі адам шеңбер бойымен билейді. ХІХ ғ. Словакия, Сербия, Венгрия, Австрия елдерінде бал биі есебінде таралды.

И.Аз.Иванов 1895 жылы 10 желтоқсанда Ресей империясы Қазан қаласында дүниеге келген. Педагог, композитор, редактор қызметін атқарған. Шығыс музыкалық техникумында фортепиано класын бітірді.1928-1931 ж.ж. Чкалов қаласында музыкалық техникумында дәріс береді.Баян мен аккордеонға арналған көптеген кітаптары шығады. 1956 ж. 13 шілде күні Ленинград облысында дүние салады.

«Полька»-оқушы шығарманы талдайды. Өлщемі: 2/4

Динамикалық белгілер –mf,Лига, стаккато

Екпіні : көңілді, жеңіл

Кездесетін ноталар: Сегіздік, он алтылық, ширектік.


Ү. Сергіту сәті.

Сергіту сәтінің мақсаты, оқушының ойын сергітіп, рухани құндылықтармен толықтыру.

(Интерактивті тақтадан композитордың шығармалары оқушыға тыңдатылады)


Оқушы өз бетімен шығарманы талдап үйренеді.


ҮІ. Қорытындылау.

.



Тест: Интерактивті тақтадан көрсетіледі.


1.Жаңа тақырыптың өлшемі қандай?


2. И.Аз.Ивановтың дүниеге келген жері?


3.Стаккато дегеніміз не ?


4. . Полька дегеніміз не ?




1.А) 3/4; Ә) 2/4; Б) 4/4.

2. А)Ресей империясы Қазан қаласы

Ә) Ресей империясы Ленинград қаласы

Б) Австрияның Вена қаласы

3. А) Үзбей жалғап ойнау

Ә) Үзіп, бөліп нақты ойнау

Б) Үзіліс жасау.

4. А) Чех халқының ұлттық биі

Ә) Үнді халқының ұлттық биі

Б) Орыс халқының ұлттық биі.

Сабақта алған мәліметтерді есте сақтайды,

бекітеді.

ҮІІ. Үйге тапсырма:


«Этюд» .К.Черни. - қайталау.

«Во поле береза стояла» (орыс. х әні) – қайталау.

«Полька» (И.Аз.Иванов) - нотамен санап , екі қолда жүргізіп ойнау.


Күнделікке үй тапсырмасын жазып

алады

Үйден өз бетімен дайындалып келеді.

ҮІІІ. Мадақтау және бағалау:


Оқушының жақсы қасиеттерін айтып, сабаққа деген құлшынысын арттыру. Журналға бағасын қою.

Бағасын күнделікке қойдырады.

Мадақтау- оқушының сабаққа қызығушылығы артады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12