Материалдар / "Әжемнен қалған -асыл мұрам, киіз басу-өнер маған"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әжемнен қалған -асыл мұрам, киіз басу-өнер маған"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобында киіз басу өнерін үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
1926
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

КМҚК «№144 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ»









«Әжемнен қалған асыл мұра,

киіз басу өнер маған»



Мектепалды даярлық «Балауса» тобы

(Ашық көрсетілім)



Тәрбиеші: Агинбаева А С















Алматы 2020ж


Білім беру саласы:Қатынас, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сөйлеуді дамыту, Сауат ашу негіздері Жапсыру

Тақырыбы:«Әжемнен қалған асыл- мұрам, киіз басу-өнер маған»

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды жалпы жүннен жасалатын бұйымдармен таныстыру,жасалу технологиясын үйрету, шеберлік арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білу деңгейін арттыру;

Дамытушылық: Халық қолөнерін игеру арқылы балаларды тарихи мұраны қадірлеуге тәрбиелей отырып, ұлттық өнерді қастерлеу, дәстүрді сақтау, экологиялық таза материалдардан бұйым жасаудағы шығармашылық іс – әрекеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Балаларды салт-дәстүрді бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке шеберлікке, іскерлікке, икемділікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше практикалық жұмыс.

Көрнекілігі: презентация, суреттер, дайын бұйымдар, нақыл сөздер, шамалы көлемде түрлі түсті жүн, т.б.

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалалар мен сендерді бүгін көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын .

Шаттық шеңбері:

Щеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар, білесіңдерме, бүгін маған ауылдан ата қонаққа келді. Бірақ атамыз ауылда жалғыз қалған әжені уайымдап отыр. Келіңдер бәріміз әжеге қонаққа барайық ауылға.

Әжеге баратын жол қысқартайық. Келіңдер, мына, мақал-мәтелдерді толықтырырайық.

Өнерді үйренде, ……………(жирен)

Үйренгенің өзіңе, істегенің еліңе……(құт)

шебердің саусағы……….( алтын)

Оюдыояалмаған…….(ойланбаған)

Еріншектің………бітпейді (ертеңі)

Жетіретөлшеп………….реткес (бір)

Әже ауылына қонаққа келдік. Әже жүн түтіп отырады.

Әже біз №144 балабақшасының мектепалды даярлық «Балауса» тобынан сізге қонаққа келдік. Сіз не істеп отырсыз?

Әже: киіз басуға дайындық жасап, қой жүні күзем жүнін түтіп отырмын.

Әже:Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.


Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады


Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді.

Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет,  сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.

Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.


Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.

Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан.


Жүн сабау, киіз басу, текемет басу, сырмақ жасау жұмыстары жастардың бас қосып ойын-сауықпен көңілді отетін. Жұмыстары болған сон жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.

-Рахмет, әже. Әже, біз сізге көмектесейік, ал сіз бізге киіз басуды үйретіңіз Балалар, киіз басу бұл да бір қолөнер екендігін білесіңдерме?

Қолөнер- халық өмірімен, тұрмысымен бірге келе жатқан өнер.Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары, халықтың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, табиғатпен, эстетикалық талғамдармен байланысты болған. Қазақ қолөнеріне пайдаланған негізгі шикізаттың бірі-жүн.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тішілігінде үлкен рөль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.эстетикалық талғамдармен байланысты болған. Қазақ қолөнеріне пайдаланған негізгі шикізаттың бірі-жүн.

Жүннен арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр-түрлі төсеніштер, қап, шекпен, аяққап, басқұр сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.

Қазақ халқаның шаруашылығында мал жүнінің ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті.

Киіз үйдің даму тарихында киіз басуды ойлап табудың маңызы аса зор болды. Киіз басу өндірісі өзінің өсу шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен. Қазақ халқының киізге деген мұқтаждығы әр уақытта орасан зор болған, ол тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасауларына да қолданылады.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты оның ішінде жүннен алуан түрлі бүйымдар жасау белгілі бір өнерлілікті, шеберлікті қажет етті.

 Алаша, кілем, сырмақ, киіз,тұскиіз, арқан, текемет,

Киізді бүкіл үйдің жабыны және төсеніші ретінде пайдаланған.Киізді жасау үшін ең алдымен кірінен, шайырынан тазартып қырқылғанқойдың күзем жүнінен киіз басылады

Киіз басу - ұжымдық жұмыс, бұған әдетте көрші әйелдер мен қыз-келіншектер шақырылған. Киіз басу үшін қой жүнін таңдап алады, негізінен күзем жүн алынады.

Киіз- (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше.

Киіз Басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау.

Фетр - (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.

Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады.

Қазіргі кезде киіз бұйымдары қауырт өркендеу үстінде, шеберлер бұйымды жасауда өте кең ауқымды киізді пайдаланады. Қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды -жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды уйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жур. Олардың ішінде - моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезіктер мен белдіктер, сөмкелер, әмияндар, ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті етіктер де бар.

Сергіту сәт

«Қара жорға» биі

Балалар, сендер мектепке баруға дайындалып жүрген балалар екенсіңдер,осы киіз бетіне өз аттарыңның алғашқы әрпін жазсаңдар жақсы болар еді.

Қазір дымқыл жүннен дайындау жұмыстарын біріктіре келе киізге атымыздың алғашқы әріпін жазамыз.

Жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін пысықтап аламыз.

Қорытынды:

Жүннен қандай бұйымдар жасалады екен?

Киіз туралы не білдіңдер?

Жүн қандай малдан алынады екен?


Әжемен қоштасу. Бауырсақ тарқату

Әже: Балалар, қонаққа келіп, мені бір қуанттыңдар. Ал, сендер, қазақ халқының ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татыңдар.


Міне, балалар, біздің жасаған жұмыстарымыздың барлығы еңбектің арқасында ғана нәтижеге жеттік деп ойлаймын.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, ұжымдасып бірге жұмыс істегендеріңе, өз халқымыздың қолөнері туралы, білгендеріңізбен бөліскендеріңізге көп-көп рахмет.

Әжем менен анадан, мирас болған бұл өнер,

Келешекте тапсын жалғас – асыл мұра қолөнер.

Ғажайып қой бұл күнде үйрене білген пендеге,

Береміз басқан киізді сый қылып біз сіздерге.

















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!