Әжемнің ақыл мектебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әжемнің ақыл мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дәстүрлерді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды сіңіруге, бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру мақсатымен жазылатын мақала, эссе, шығармаларға қолдану ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ӘжЕМНІҢ АҚЫЛ МЕКТЕБІ»


Ұлттың тірегі де алтын арқауы да – ана мен әже.


Ұрпақтар арасындағы байланыс мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды аспектісі болып табылады. Өкінішке орай, бүгінгі күні жақын адамдарда баланың өміріне толық қатысуды айтпағанда, бір-бірімен қарапайым қарым-қатынасқа уақыттары жетпейді. Қазіргі педагогикадағы ең өзекті және маңызды тақырыптардың бірі – ынтымақтастық идеясы. Оның мәні дені сау және бақытты балаларды тәрбиелеудегі ортақ мақсатқа жету үшін мектеп мекемесі мен барлық отбасы мүшелерінің өзара әрекеттесуінде жатыр. Әрбір жаңа ұрпақ отбасының берекесін қабылдап, бойына сіңіріп, арттыра білді. Ал мұны әжеден артық кім жасай алады? Әже есімімен бала көп жылдар бойы ұмытылмайтын жақсының бәрін байланыстырады: үйдегі жайлылық, бесік жыры, ертегі, алақанның жылуы және бала жанын емдейтін жылы сөз. Әже – шаңырақтың ұйытқысы, өзгелермен қуана бөлісетін білім мен өнердің қайнар көзі. Жақсы отбасылық қарым-қатынаста әжелер мен немерелердің арасында эмоционалды байланыс пен психологиялық үйлесімділік орнатылады, бұл әртүрлі ұрпақ өкілдерінің бір-бірін толық түсінуінен және өзара мүдделерінен көрінеді.

Қазақ – басынан қандай нәубет өтсе де, қиын заман болса да ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…" деген екен.

Алайда қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден ажырап бара жатыр. Қазақтың бесік жырын шетелдің даңғаза әуені алмас­тырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер алмастырды. Ал әженің орнын техника басты.

Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, ұрпақ жалғасы үзіліп қалды.

Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.

Сондықтан бүгінгі таңда отбасы культін, аға ұрпақ өкілдеріне құндылық көзқарасты қалыптастырудың жолдары мен әдістерін іздестіру, олардың тәрбие ісіндегі белсенділігін арттыру өзекті мәселеге айналып отыр. Өкінішке орай, соңғы кездері ата-аналар өздерінің ата-әжесіне емес, балаларын тәрбиелеуді сеніп тапсырып, кәсіби медбикелер мен күтушілерге басымдық беріп отыр. Соның салдарынан ұрпақтар алшақтығы кеңейіп барады.

Айналып келгенде, әже тәр­бие­сінің негізінде – ұлт тәр­бие­сі жатыр. Ендеше, сол ұлт тәр­биесінің бір кездегі тәр­биешісі – әжелер мектебін қалып­тастырсақ, орашолақ ұл мен қыз жіптіктей болып, ұлт ру­хында жігерлі болып өсері сөзсіз. Тілдегі мүкістіктен, ойда­ғы бұлыңғырлықтан арылар еді. Өзгенің көлеңкесі болып қалу­дан құтылар еді.
Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендіру бүгінгі таңда өзіндік ерекшеліктерімен айшықталары анық. Бұл жолда біз ұлттық құндылықтарды, мәдениетті, тарих, дәстүрімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра өзге халықтарға таныту ол пәннің ғылыми мағынасын тереңдете түседі.

  • Мақсаты: Оқушыларға дәстүрлерді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды сіңіруге, бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі