ӘЖЕМНІҢ САНДЫҒЫ
(сәндік аппликация)
Мектеп/МҰ :
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқыту мақсаттары
0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ қазақ ою-
өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/үлгіқалып бойынша түрлі бұйымдарды,
шырша ойыншықтарын, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды
тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың
бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
-ұлттық бұйымдарды ою элементтерімен сәндей алады;
-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қиып ала алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-қазақ халқы өрнектерінің желісі негізінде үлгіқалыпты пайдалана алады;
-екіге бүктелген қағаздан орталық пен бұрыштарды сәндеуге арналған симметриялы пішіндерді қиып ала алады;
-қағаз парағын толтыра алады, заттарды бір сызыққа орналастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-жапсыруда түсті бейнелілік құралы ретінде пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту:
-сұрақтарға жауап беру және бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;
-ұлттық дәстүрлермен және қолөнермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарын
жасаған кезде сөздік қорды байыту;
-тапсырмаларды орындау және проблемалық мәселелерді шешкен кезде сөйлеу және тыңдау
дағдыларын бекіту;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-өз жұмысын және өзге тәрбиеленушілердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау.
Көптілділік: сандық – сундук – trunk.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-cандық, ою, сәндік жапсыру, қазақ халқының өрнегі, симметриялы пішін, екіге бүктелген.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақ халқының қандай тұрмыстық заттарын білесің?
Ою дегеніміз не?
Оюдың қандай элементтерін білесің? Оларды ата.
Тұрмыстық заттарды не үшін сәндейді?
Өрнекті қандай тәсілмен қиып аласың?
Алдыңғы білім Қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі туралы түсінік. Әртүрлі өрнектерді
жасау бойынша бастапқы дағдылар. Қазақ ұлттық өрнегінің кейбір элементтері туралы білім. Қайшымен жұмыс істеудің техникалық дағдылары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Оң көңіл күй орнату.
0–1 минут
ҰОҚ оң көңіл күй орнату.
Төбелерден секіріп,
Жүріп шарбақ бойымен,
Күн таңертең жарқырап:
Жеміс бағына қарай өтті,
Өзен үстінен жанай өтті,
Жаңа, балғын жапырақты,
Жылы қолымен сипай өтті.
Күнмен бірге көзін ашты,
Құстар, шөптер, гүлдер,
Бәрі Күнге күлімдеді,
Біз де Күнге күлімдейік!
II. Өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
Мақсат қою
2–5 минут
Педагог балаларға өлеңнен үзінді оқиды:
Әжемнің бар үйінде,
Бір сиқырлы сандығы.
Сол сандықта не барын
Қалай білсем болады?
Алтын-күміс болмаса,
Қандай мүлік жиналған?
Сандықты әжем ашпақшы,
Қызығын оның көруге
Жиналды қыздар ынтыға...
Педагог тәрбиеленушілердің болжамдарын тыңдайды. Алдағы әрекетке жұмылдырады
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс
6–25 минут
Әліппе-альбомның иллюстрациялық материалымен жұмыс.
Педагог балаларға сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Бұрынғы замандарда адамдар сандықта не сақтағанын білесің бе? (Балалардың болжамдары.)
Шағын зерттеу: тәрбиеленушілер әженің сандығының қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айқындайды.
Қуаныш балаларды дизайн шеберханасына шақырады. Әженің
сандығын ұлттық ою-өрнектердің элементтерімен сәндеуді ұсынады.
Саусақтарға арналған жаттығу.
«Кім келді?»
Кім келді? (Бас бармақтар жанасады.)
Біз, біз, біз. (Қалған төрт саусақ жанасады.)
Апа, апа, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.)
Иә, иә, иә.(Сұқ саусақтар жанасады.)
Әке, әке, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.)
Иә, иә, иә. (Аты жоқ саусақтар жанасады.)
Қарындасым, бұл сен бе? (Шынашақтар жанасады.)
Барлығымыз біргеміз, иә, иә, иә. (Барлық саусақтар жанасады).
Аппликацияны орындау технологиясы.
Педагог суретті құрастыру процесін, жапсырма жасау кезектілігін__Жұмыстың кезектілігі тақтада барлық кезеңдері көрсетілген сызба түрінде бейнеленеді. Өрнектерді жасауға кірісуді ұсынады. Оюдың элементі – қайнар мен қошқармүйізге көңіл аудартады.
Қайнар. Әзірлемені тігінен екіге бүктейді, оюдың үлгіқалыпты (педагог дайындаған) әзірлеме парақтың бүгілген жеріне қойып, үлгіқалыпты жай қарындашпен сызады. Ою контур бойынша қиып алынып, жазылады.
Қошқармүйіз. Бүктеу сызығын жақсылап тегістей отырып әзірлемені қатпарлап бүктейді. Оюды қойып, суреттің жартысын бүктеу сызығынан бастап жай қарындашпен бастырады. Шеткі сызық бойынша қиып алынады. Оюдың екі жағы да бірдей болуын қадағалайды.
Педагог балалардың бөлшектерді бүлдірмей, дәл қиюын қадағалайды.
Қию сызығы бұдырсыз, анық болуы және қиған кезде қағазды ойып
алмауға тырысуы қажет. Педагог оюдың шет сызықтарына абай
болуларын ескертеді. Шет сызықты қиғанда оңнан солға қарай қиған
оңай болатынын айтады.
Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып, жапсырманың
барлық бөлшектерін негіз-параққа орналастырады.
Барлық бөлшектер кезектілікпен негізге жапсырылады.
Педагог оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін балалардың бірін шақыра
алады. Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті
тағы да бір рет қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап
түсіндіреді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді. Өткен ҰОҚ-дегі қию
тәсілдерін айтқан тәрбиеленушілерді
мадақтайды.
Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.
Педагог сабақ шеңберінде жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру
керектігін еске салады.
Желіммен жұмыс істеу ережесі:
Желімді шағын мөлшерде шығар.
Майлық пен жаққышты пайдалан.
Көзге немесе киімге түскен кезде көп мөлшерде сумен жу.
Жадынама.
IV. ҰОҚ қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
Рефлексиялық бағалау:
Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, ең үздік
жұмыстарды таңдайды.
Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға
жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын
кейіпкерлеріне не бүкіл топқа дауыстап айтады:
Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?
Бүгін саған кім көмектесті?
Сен нені жасай алмадың және не себепті?
Келесіде оны жасау үшін не істейсің?
Ең қиыны не болды?
Ең қызықтысы не болды?
Тағы да нені жасай алмадың?
Сабақтағы жұмыс үшін кімге алғыс айтар едің?__
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз