А.Жұбанов “Қарлығаш” шығармасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Жұбанов “Қарлығаш” шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша Білім Беру ұйымдарындағы қобыз класы оқытушыларына арналған ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау ауданы «Балалар өнер мектебі»










Тақырыбы:

А.Жұбанов «Қарлығаш»

(ашық сабақ)










Қобыз сыныбы мұғалімі: Қабасова Ақбөбек.

2-сынып оқушысы: Жұмабай Таңшолпан












Шетпе 2018 ж.

Сабақтың тақырыбы: А.Жұбанов «Қарлығаш»


Сабақтың мақсаты: Шығарманы үйрете отырып, композитор туралы мағлұмат беру. Композитордың өмірімен әндерінің байланысын ашу.


Дамытушылық мақсаты: Оқушының күй, шығарма меңгеруде дұрыс есту, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік мақсаты: Оқушының музыкаға деген сүйіспеншілігін оятып, өнерді құрметтейтін жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы жоғары, орындаушылық шеберлігін дамыта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Көрнекілік құрал: Композитордың суреті, интерактивті тақта, слайд, видеолар, қобыз аспабы, пульт, нота,дәптер, журнал.


Сабақта көрсетілетін әдістемелер: Әңгіме, аспапта ойнап көрсету, сұрақ-жауап, бейне баян арқылы әуенді тыңдату.


Сабақтың жүрісі: 1) Ұйымдастыру-оқушының сабаққа дайындығын тексеру,құрал-жабдықтарды дайындау, өткенді қайталау. Гамма ойнау.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Бетховен «Сурок»

Композитор туралы сұрау.

3) Жаңа сабақ бойынша түсінік беру, қобызда ойнап көрсету, оқушымен шығарманы талдау.

4) Сергіту сәті: Қарлығашты бейне баяннан тыңдату, Сурок-мультфильмнен үзінді, орысша әнін тыңдау.

5) Қортындылау: Шығарманы тағыда қайталап ойнау, бағалау, үйге тапсырманы нақтылап беру, күнделік пен журналға баға қою.

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру-оқушының сабаққа дайындығын тексеру,құрал-жабдықтарды дайындау,өткенді қайталау.

Гамма ойнау: Си b мажор.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________




2) Үй тапсырмасы: Л.В.Бетховен «Сурок». Композитор туралы сұрау. Жатқа ойнатып, қатемен жұмыс жасау. Күй сандықпен қостатып ойнау.


Оқушыға сурокты тартқан видеоны тыңдату.


3) Жаңа сабақ. А.Жұбанов «Қарлығаш».


Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі.(1944). Өнертану ғылымының докторы(1943), профессор(1948), академик.

Ол 1906 ж. 29 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ол жастайынан көптеген оқу орындарын оқып, музыкалық білімін жетілдіріп отырған. 1933 ж. Алматы музыкалық драма училищесінде ұстаз болып жұмыс жасады. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқап, домбыра, скрипка аспаптарында ойнауды меңгерді.

А.Жұбанов оркестрге, ансамбльге, домбыраға арнап ноталар түседі. Әндер жазады. Композитор әр жылдары «Бейбітшілік туы берік қолда», «Отаным», «Ақшолпан», «Ақ көгершін», «Қарлығаш» сияқты әсем де көркем әндер жазған. Аспаптарға арнап көптеген сауат ашу кітаптарын жазған.


Shape1

Ғалым


Shape2

Дирижер

Shape3

Өнертану ғылымының докторы

|

Shape4

А.Жұбанов

------- -----

Shape5

Қ.Р. халық әртісі

Shape6

Профессор, академик

----- -----

Shape7

Композитор

|



«Қарлығаш» - шығарманы кесте бойынша талдау.

Shape8

А.Жұбанов


Shape9

Си минор тональдігі. Фа,до#

Shape10

Moderato- асықпай, әндете

Shape11

«Қарлығаш»




Shape14 Shape13 Shape12

p, f, mf, лига, фермато.

Нота ұзақтықтары:

Жарты, ширек,8, 16.

Өлшемі 2/4



Шығарманы қобызда тартып әуенін тыңдату. Сосын нота бойынша шығарманы оқушымен такт-такт бойынша талдау.

4) Сергіту сәті:

Сергіту сәтінің мақсаты – оқушының ойын сергітіп, адами құндылықтармен толықтыру.

(Интерактивті тақтадан композитордың шығармалары оқушыға тыңдатылады.)


5) Қорытындылау: Шығарманы тағыда қайталап ойнау, бағалау, үйге тапсырманы нақтылап беру, күнделік пен журналға баға қою.

Оқушының жақсы қасиеттерін айтып, сабаққа деген құлшынысын арттыру. Күнделікке үй тапсырмасын жазып жіберу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2024
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі