Материалдар / 《АК-74 жартылай бөлшектеу тәртібі》
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

《АК-74 жартылай бөлшектеу тәртібі》

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың АК-74 жартылай бөлшектеу тәртібін толықтай меңгеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
1213
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АӘжТД 2020-2021ж

10 сынып Мұғалім: Досжанов Н.Т

Сабақтың тақырыбы:

Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау

Мақсаты:

Оқушыларды Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау ретімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Калашников автоматының қолданылуы, оның бөлшектері, механизмдерін таныстыру; Калашников автоматының жартылай бөлшектеу мен құрастыруды орындау тәжирибелік дағдырларын дамыту; жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсету сезіміне тәрбиелеу.

Нені білу тиіс

Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және кұрастыру ретін; Калашников автоматының қолданылуын, оның бөлектері мен механиздерінің біліу тиіс

Нені үйрену керек

Калашников автоматын жартылай бөлщектеу мен жинақтауды; Калашников автоматының негізгі бөліктері мен механизмдерін, түрлері мен олардың негізгі бөліктерін ажырата білуді үйренуі тиіс.

Қарастырылатын тақырыптар

1.Автоматты жартылай бөлщектеу және жинақтау тәртібі.

2.Калашников автоматының бөлщектері мен құрылысы.

Сабақты ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі



1.Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу

-Калашников автоматы жаңбыр немесе қар астында қалған кезде қандай күйде болады? Ластанады

-Ластанған кезде не істеу керек деп ойлайсыңдар? Тазалау керек

-ал павтоматтты тазалау үшін не істеу керек? бөлшектеу және содан кейін жинақтау

Сонымен біз бүгін сендермен автоматты бөлшектеуге және жинақтауға үйренеміз. Бұл жердесендерге алдыңғы сабақта алған білімдерің қажет болады.


2. Мұғалімнің түсіндірмесі

Видео көрсетіледі.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.

2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.

4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.

5. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

1.Бөлшектер мен механизмдерді бөлшектеу ретімен қою керек

2.Бөлшектерді абайлап ұстау керек.

3.Бір бөлшекті екіншісінің үстіне қоюға, соғуға жәнеаса көп күш жұмсауға болмайды.

4. Автоматты адамға бағыттауға болмайды.




3.Үйге тапсырма:68-70 бет









1.Ұнғы

2.Тезеуіш компенсатор

3.Ұнғы қорабының қақпағы

4.Қайтару механизм

5.Газдық піспегі бар бекітпе жақтауы

6.Бекітпе

7.Ұнғы қапсырмасы бар газ түтігі

8.Сүмбі

9.Құндақ

10.Оқжатар

11.Керек жарақ пенал

12.Сұнгі пшақ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!