Материалдар / Академиктің стипендиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Академиктің стипендиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
953
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2020-2021 оқу жылы ҚАУ жанындағы мектеп Қазақ тілі 7-сынып Карипова А.З.


Қазақ-Америка Университеті

HAND-OUT

Сабақтың тақырыбы:

Академиктің стипендиясы

Сыныбы: 7

Күні: 6 мамыр

4-тоқсан

155-сабақ

Пән мұғалімі: Карипова А.З.

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жас өнертапқыштар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Өнерге баулу, білімділікке тәрбиелеу.


АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Ғалым деген кім?

  2. Ғылым деген не?

  3. Қазақстанның қандай атақты ғалымдарын білесің?

  4. Болашақта ғалым болғың келе ме?

  5. Ғылымның қай саласына қызығасың?

  6. Атақты адамдарға қызығасың ба? Оларға ұқсағың келе ме?

  7. Кімге еліктейсің?


ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендір.



1

Математика - ғылымдар

а

зор үлес қосты.

2

Ғылымды сүю

ә

терең ойлы, ерекше қабілетті адамдар.

3

Ғалымдар

б

мақсатыңа жетесің.

4

Тақырып бойынша

в

мектептен басталады.

5

Ғылымды дамытуға

г

патшасы.

6

Еліме пайдалы

ғ

қызмет етемін.

7

Талмай ізденсең,

д

зерттеу жүргізілді.


3-тапсырма. Адамның көңіл күйіне байланысты төмендегі сөздерді пайдаланып, ғаламтордың қызметіне қатысты сөйлем құра.

Уһ, паһ, ойбай, мәссаған, әттең, әй, ей, туу, ойпырмай, алақай, қап.



Т ЫҢДАЛЫМ

4 -тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.

Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірген. Кейін Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның ерекше қабілетін байқап, емтиханнан өткізеді.

Асқар талмай ізденіп жүріп, үшінші курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. Мәскеу мемлекеттік университетін үздік аяқтап, кейін аспирантурасын бітіреді. Отыз екі жасында В.А.Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Ғалым 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Асқар Жұмаділдаев – қазақ елінен шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбектер жасауға алғаш шақырылған ғалымдардың бірі. Ол 1995 жылдан бастап он жылдай шетелде қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Бильфельд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды.

Ғалым математика ғылымының дамуына зор үлес қосты. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасы мен деформацияларын, олардың қолданылуын зерттеді. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеді. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін шешті.

Отандық ғылымға қосқан орасан еңбегінің арқасында ғалымға 1981 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, 1995 жылы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 2004 жылы ҚР ҰҒА академигі атақтарына ие болды.

Асқар Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Бильфельд университеттерінің «профессоры» атанды. 1986-2001 жылдары Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, Италиядағы А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдігіндегі Ғылым Академиясының Миттаг-Лефлер атындағы Математика институтында, Канададағы Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыды. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдігі Ғылым Академиясының грантына ие болды. Ғалымның ғылымдағы еңбектері – жастарға үлгі.



5-тапсырма. Мәтіннен институттар мен университеттердің атауларын теріп жаз. Армандау, қиялдау мәніндегі одағай сөздерді пайдаланып, осы оқу орындарының біреуінде білім алғың келетіндігін айтып, 1 сөйлем құрап жаз.


Қажетті одағайлар: шіркін-ай, әттеген-ай және т.б.



6-тапсырма. Берілген көңіл күй одағайларын пайдаланып, мәтінге қатысты өзіңнің әртүрлі көңіл күйіңді білдіретін сөйлемдер құрап жаз.

  1. Математик болуды арманда. (Шіркін-ай)

  2. Академиктің ерекше қабілетіне таңғал. (Мәссаған)

  3. Математиканы жақсы оқымағаның үшін өкін. (Әттеген-ай)

  4. Академиктің жеткен жетістіктеріне өз қуанышыңды білдір. (Бәрекелді)

  5. Қиын есепті шығара алмай жатқан кезіңдегі айтатын сөзің. (Туу)

  6. Академиктің шетелден оралып, өз елінің ғылымын дамытуға үлес қосып жатқанын мақұлдау. (Бәсе)

  7. Қиын есептің шешілгеніне қуан. (Алақай)



7-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, әрі қарай жалғастыр.

  • ...............................

  • Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

  • ...............................

  • Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Шиелі кентінде дүниеге келген.

  • ...............................

  • Алматыда дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін

бітірді.

  • ...............................

  • Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика

факультетіне оқуға түседі.

  • ...............................

  • Отыз екі жасында.

  • ...............................

  • Асқар Жұмаділдаев – 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

  • ...............................

  • Ол 1995 жылдан бастап он жылдай Еуропада қызмет істеді.


8-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр.

Ғалымның жетістікке жету жолында істеген еңбектері

Ғалым еңбегінің нәтижелері, жетістіктері












Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

кент

поселок

village

сынақ

зачет

credit

қабылдау комиссиясы

приемная комиссия

admissions Committee

қабілет

способность

ability

жетістік

достижение; успех

achievement; success

Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін шешті.

Решал уравнения не ассоциативной алгебры.

I solved equations of non-associative algebra.

ғылыми дәреже

ученая степень

degree


ОБӨЖ


СӨЖ және СОЖӨЖ тапсырмалары:

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары (СРС):

6-тапсырма. Берілген көңіл күй одағайларын пайдаланып, мәтінге қатысты өзіңнің әртүрлі көңіл күйіңді білдіретін сөйлемдер құрап жаз.





БӨЖ


Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы (СРСП):

1. Сөздік жаттау.


Пайдаланылған әдебиет тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық + СD, 1-бөлім , 7-сыныпқа арналған оқулық /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Лексикалық минимум, /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

Қосымша:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Мұғалім кітабы, /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

  2. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары,/Оразбаева Ф., Жанабілова/ Алматы, 2004 жыл.

  3. Ғаламтор материалдары







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!