Академиялық адал болу маңызды ма?
Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Ал академиялық адалдық ұғымына келер болсақ, білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақ білімді, адамгершілігі мол, парасатты болып өсуі үшін академиялық адал болу, әрине, маңызды.
Академиялық адалдық – бұл әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір білім беру ошағы студенттер мен педагогтарға өз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді. Көпшілік еститін плагиат, алдау, бұрмалау және көшіріп алу дегендерден басқа, академиялық жалғандыққа сонымен қатар басқаның орнына немесе сыйақы үшін жазбаша жұмысты орындау, жалғандық, алаяқтық және «рұқсат етілмеген ынтымақтастық» деп аталатындар жатады. Академиялық жалғандықтың ең көп кездесетін көрінісі – плагиат. Алғаш рет «плагиат» термині б.з. 80-ші жылдарында Рим ақыны Мартиаль өз шығармаларын оқып, оларды өзінің шығармасы деп ұсынған ақын Фединтинусты әшкерелеген. Мартиаль Фединтинусты «плагиат», шын мәнінде – «ұры» деп атаған. Адалдық ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Ал Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. Ұлылардың пікіріне сүйенер болсақ, адал еңбекпен тапқан ас қана бойыңа сіңіп нәр береді дейді. Ал өтіріктің, жалғандықтың, ұрының арты қай уақытта да қуыс болары сөзсіз.
Академиялық жалғандықтың басқа түрлеріне көшіріп алу, шпаргалкалар, сыбырлап айту және т.б. жатады. Бұл көбінесе емтихан тапсыру уақытында кеңінен пайдаланылады. Емтиханды ақшаға тапсырып, диплом алған маман ертеңгі күні қайтып өлімге араша болмақ. Тәпті алдына келген баланы сауаттандырып, менің болашағым осы бала деп дауыстап айтуының өзі қиынға соғары сөзсіз. Жүргізуші куәлігін сатып алған жүргізуші қаншама отбасының обалына қалар еді. Мұның бәрі қазақ айтпақшы «бармақ басты, көз қыстының» салдары болады. Сондықтан академиялық адалдық қай салада болмасын маңызды деп ойлаймын. Мектеп қабырғасында да оқушыларға осыны түсіндіріп отыру өте маңызды. Адалдықтың бәрінен биік екенін жете меңгертуіміз керек. Адал еңбек, адал табыс болғанда ғана мемлекет гүлденбек. «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқаны Қазақстан қоғамы үшін берік ұстанатын қағидаға айналса екен деймін.
Қорыта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұжырымындағы мына бір: «Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады»- деген сөзі ойыма оралды. қазақстандық қоғам үшін адал адамның көбірек болғаны және де ендігі арада өз ұрпағымызды арлы етіп тәрбиелеу мәселесін алдыңғы орынға шығарғанымыз абзал. Адал халық және арлы ұрпақ қана өз елін көркейтіп, бақытты ұрпақ болмақ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз