Материалдар / Әке - асқар тау (эссе)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әке - асқар тау (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Асқар тау әкелерімізге арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2019
12196
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әке - асқар тау

(эссе)


Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал, әкешім , өзіңізге арналар -

Төмендегі жазған мына шығармам...

Әке - асқар тау Әке... Осы сөзді айтсам, бір түрлі қанат біткендей, құс сияқты қалықтайтындай сезімде боламын. Арманға жетелеп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын. Нұрға бөленген мейірлі де мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың - әке. Иә, әке – асқар тау, асқар шың. Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді. Құшағына еніп көрші, ол құшақтан босағың келмейді. Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай. Осындай мейірімді, жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап, асқар белдерінен демеп асырып, сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп, алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді. Әке - әркімге де асқар тау, ана – өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала - жағасындағы балауса құрақ. Әр әке арманы - құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағышы нар боп өсуі, балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау - баланың парызы болмақ.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылы мен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну»,-депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру - әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп ,-әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талапқойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
Эссемді төмендегі жас жүрегімнен жарып шыққан жыр шумақтарымен тәмамдаймын.
Асқар тауым әкешім, қорғанымсың,

Жан жібітер ақылың, үлгі ісің.

Мақтанамын, өзіңдей әкем бар деп,

Осы өлеңді арнаймын тек сіз үшін.

Қорғанышы үйдің әркез әке ғой,

Біздер үшін жанын тігер әке ғой.

Әке, әке, сыры қандай әкенің?

Жаны жылы, көңілі пәк әке ғой.

Шаршаса да сыр бермеген әкешім,

Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.

Өзің де үлгі, ісің де үлгі балаңа,

Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін?!



Әділбек Маратұлы,

ЖББ №32 орта мектептің

7-сынып оқушысы.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Тәттімбет ауылы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!