Әке -асқар тау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әке -асқар тау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғынуға және қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғынуға және қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,ұлағатты сөздер.

Әдісі: Ой қозғау,пікірталас.

Бағыттары: 1. Кіріспе.

2. Мақал-мәтелдер.

3. Оқушылардың шығармашылығы.

4. Ой қозғау.

5. Қорытындылау.

І. Кіріспе.

Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлау, жағдаяттарды талдау мақсатында оқушылармен ой бөлісу.

Мұғалім: Ана сая болар бағың болса,

Әке асқар тауың дейді қазақта.

Бір күн бар,жылатар күн,жұбатар күн.

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын.

«Әке» деген сезімді ұмытар кім ,-дей отырып,сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1- жүргізуші: «Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.

2-жүргізуші: «Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Келесі көрініске назар аударайық.

Көрініс

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып, емдетемін, - депті.

Сөйтіп, әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:

- «Балам, анау не?» деп сұрапты.

- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайтарыпты. Әкесі осы сауалын үш рет қайталап сұрағанда, баласы:

- «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда неге сұрай бересің? – деп ренжіпті.

Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?

2. Сен әкеңе қалай жауап берер едің?

3. Әкемді ренжітіп алдым деген сұрақ мазалайды ма?

1-жүргізуші: Отбасының ұйтқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әкесі. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығайа биіктей береді. Мына көрініске назар аударайық.


Көрініс

Әкесі жұмыстан келе сала «жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар ғана істесін» деп өзінен-өзі ызаланады. Оны естіген 3 сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып оқуға салқын қарай бастайды.

(Бұл көріністен оқушылардың қандай ойда қалғандығы сұралады)

Мұғалім: 1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

2. Мақал-мәтелдер сайысы.

(Әке бастайды, бала жалғастырады)

1. Әке балаға ........(сыншы)

2. Ата-атаның қадірін .........(балалы болғанда білерсің)

3. Әке көрген оқ жонар, ........(шеше көрген тон пішер)

4. Атаға қарап ұл өсер, ...........(шешеге қарап қыз өсер)

5. Ананың көңілі балада, ..........(баланың көңілі далада)

(Бала бастайды, әке жалғастырады)

1. Балалы үйдің ........(ұрлығы жатпас)

2. Бала – ананың ..........(бауыр еті)

3. Балалы үй базар ............ (баласыз үй қу мазар)

4. Баланың жақсысы қызық ............(жаманы бұзық)

5. Атаның баласы болма ......... (адамның баласы бол)

3. Оқушылар шығармашылығы. «Әке – асқар тау» (эссе). Мен ата-анаммен біргемін. (Отбасылық фотосуреттер)

4.Ой қозғау. Өмірде не жетім?

Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала жетім.

Суы жоқ құдық жетім.

Досы жоқ жігіт жетім.

Шәкіртсіз ұстаз жетім.

Ата-ананың ақылы жерде қалса, бәріненде сол жетім.

5. Қорытындылау.

Мұғалім: Мұхаммед пайғамбардың «әке-шешенің баласына беретін ең үлкен сыйлығы – өнегелі, үлгілі тәрбиесі», Абайдың жетінші, сегізінші қара сөздерінде «Бала болашағына негіз салушы – ата-ана» деген сөздерімен қорытындылай келе, жанұяларыңызға татулық, береке тілейміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
934
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі