Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін
мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әке- отбасының
діңгегі»
Өткізген: Байбосынова
Т.С
Сыныбы: 8 «А»
Арқалық қаласы
Тақырыбы: «Әке – отбасының діңгегі
»
Мақсаты:
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы
дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше
әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді,
саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім сөзі:
«Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге
арналған «Әке – отбасының діңгегі» атты іс-шарамызды бастайық.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады,
адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгін «Жанұя» клуб мүшелерімен
әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке -
отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің
мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі
баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін
нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ,
ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер
бала-әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін
әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке
тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің
атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір -
шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға
деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас – қабағынан,
жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ
келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана
орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат
беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра
кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак
Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт,
еңбектеріңе жеміс тілеймін.Қашықтықтан болса да , оқушылар әкеге
деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтар арқылы
жеткізді.
1
- Томирис:
Нағыз әке ақылгөй де
асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.
2 -
Серікболсын:
Әкем менің асқар тауым,
тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
3 -
Нұрсұлтан:
Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.
4-Башир А
:
Есімде бейнесі
әкемнің,
Күлімдеп маған қарайтын.
Мен саған талпынсам,
Құшағын жая сап көтеріп алатын.
Ән: « Әкем, анам»
7 -
Аяулым:
Атамның ән -
күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып.
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
8-Еркежан:
Шаршаса да сыр
бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.
Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі қызыңа,
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.
Ендеше оқушылар , келесі
кезекте «Әке - асқар тауым!» атты тақырыпта оқушылардың жүрекжарды
жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінділер
тыңдайық!
Элиза : «Әке
- асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей
«Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін
жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек
қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті
әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен
сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды
тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.
Қаракөз:
Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана
болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ
жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда
орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла,
екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. Сол
тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің
есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген
еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге
келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай
жақсы адам болмаса да, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар
еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,
әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан
айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі,
оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай
айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан
кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен
деймін.
Ерсін:
Әке. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені
ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни
отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта
баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған
еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар
тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары
ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл
өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ
жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің
бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты,
білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап
отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса,
бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып
келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге
болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны
өзінен жоғары ұстауы керек. Сондықтан да әкені ардақтау әділетті
болады деп ойлаймын.
Өсірген баптап баласын,
Әкелер әркез «Жарайсың».
Бар өнерін үйреткен,
Оздырған да жүйріктен,
Әке деген - ардақты ат.
Қорытынды : Оқушылар ,
«Әке –отбасының діңгегі» атты іс –шарамызда қашықтықтан болса да,
өз ойларыңызды жыр –шумақтарыңызбен , шығармаларыңызбен арнап
жатсыздар! Бұл сіздердің кішкентайда болса, ата-анаға деген ыстық
ықыластарыңыз, құрметтеріңіз; Олай болса, бүгінгі іс-шарамызда
аяқталды.