Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Сабақтың тақырыбы: «Әке мен бала» Ы. Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты. Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру.
Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Әңгіме мен ертегіні ажырата білуге үйрету.
Үлкендерді тыңдауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ы. Алтынсариннің портреті, хрестоматия, көркем әдебиет әліппесіндегі суреттер.
Сөздік жұмысы: егіндік, таға, ұста, 3 тиын (сол кездегі құндылығы), ертегі, әңгіме, педагог.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, оқу, әңгімелесу.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
І. Ұйымдастыру сәті. Шаттық шеңбері: Сәлеметсің бе шуағын төккен күн? Сәлеметсің бе жер ана? Сәлеметсің бе қамқоршы көк аспан? Сәлеметсіңдер ме мейірімді достарым? (балалар бір-бірімен құшақтасады.) |
Балалар дөңгелене тұрып шаттық шеңберін жасап, тілектерін айтады. Балалар өлең жолдарын дауыстап айтады. |
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме: IІ. - Мына портреттен кімнің суретін көріп отырсыңдар? - Дұрыс, бұл - жазушы-педагог Ы. Алтынсарин. - Балалар, Ыбырай атаның өлеңдерін, ертегілерін еске түсірейік? Балалардың жауабы (балалар жауап бермеген жағдайда біраз шығармаларын атап, таныстырамын). - Бүгін Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» атты шығармасымен танысамыз. ӘКЕ МЕН БАЛА Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына: - Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да, қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліуге көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, аз жұмысты қиынсынсаң көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, - деді. Сергіту сәті: Жылдың төрт мезгілінің суретін көрсетіп, өздерінің салған суреттерін салыстырту. Балалардың өздерін әңгімеге тарту. Орнымыздан тұрайық Белімізді жазайык, Жоғары-төмен қарайық Оңға, оңға, түзу тұр Солға, солға, түзу тұр Бойымызга күш жинап Біз демалып қалайық IІI. - Балалар, шығарма не жайында? - Баланың істеген ісі дұрыс па? - Неге дұрыс емес деп ойлайсыңдар? - Баланың мінезі ұнады ма? Неге? - Баланың әкесі дұрыс істеді ме? Неге? - Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма? - Дұрыс, әкелеріңнің тілін алып, айтқанын істеңдер. Әкелер баласына ешуақытта жамандық ойламайды. - Жердегі шиені жеуге бола ма? - Дұрыс, қазір болмайды. Бұрын жер таза еді. Қазір аспанға ұшақтар, зымырандар ұшырылып жатыр. Кейбір жерлерде олар құлап, жарылып жатыр. Жекеменшік машиналар көп. Олардан шыққан газдар, түтіндердің жерге қалай қонғаны бізге көрінбейді. Осылардың бәрі жерді ластайды. Сондықтан жердегіні жумай жеуге болмайды. - Қазір 3 тиынға зат сатып аласың ба? - 3 тиынға зат алу мүмкін емес, себебі ақшалар өзгерді. Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен байланыста өмір сүретін болғандықтан кейбір заттар солардың ақшаларымен есептеледі. Біздің ақша «теңге» деп аталар болса, олардың ақшалары: сом, доллар, т.б. деп аталады. Олардың құны әр түрлі. Енді суретке қарап, әңгімені естеріңе түсіріңдер. -Мазмұнын кім айтып береді? Әңгімелеу барысында оқиға жүйесін сақтауларын қадағалаймын. - «Әке мен бала» ертегі ме, әлде әңгіме ме? - Неге олай ойлайсыңдар? Әңгімеде тек адамдар ғана сөйлесе, ертегіде жануарлар сөйлеп, адамның қолынан келмейтін іс істейді. Әңгімеде өмірде болған, болатын мәселе айтылады, ал ертегі ойдан, қиялдан туындайды. |
- Ы. Алтынсарин.
Орындыңтан тұрады Қолдарын белдеріне қойып айналады Жоғары-төмен қарау Оңға екі рет қисаю Солға екі рет қисаю Қолдарын иыққа қою Түзу тұрып терең тыныс алу.
- Әке мен бала туралы. - Жоқ. - Әкесін тындамады. - жоқ. - Дұрыс істеді. Баласы оны тындамады. - жоқ.
- жоқ, сатып ала алмайсың.
- әңгіме.
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
IV. Қ о р ы т ы н д ы. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтіп, сабақты аяқтау. |
|
Білу: Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы туралы білу.
Игеру: Әңгіме мен ертегіні ажырата білуді игеру.
Меңгеру: Үлкендерді тыңдауға, еңбек сүйгіштікті меңгеру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әке мен бала" әңгімесі.

шағым қалдыра аласыз