Материалдар / Әке-тірегің, ана- жүрегің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әке-тірегің, ана- жүрегің

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында ұсынылып отыр. сабақ тақырыбы: Әке-тірегің, ана- жүрегің
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2021
1070
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспар


Мектеп

Қ.Рысбеков атындағы № 25 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әділбек А.Б

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлімі:

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Бөлімше

Әке тірегің, ана - жүрегің

Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.3.2.1.жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


Мәтінді түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты ажырата алады. Құттықтау жазады


Оқушылардың басым бөлігі:


Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды


Кейбір оқушылар:


Негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастырады;

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау жазады.

Бағалау критерийлері:

мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:


Пәнге қатысты сөздік қор мен термин сөздер: шамшырақ, ұйытқы


Диалог құруға/ шығарма жазуға пайдалы тіркестер: менің ойымша, келісемін,келіспеймін, қорытындылай келе...


Талқылауға арналған сұрақтар : Отбасының тірегі кім?


Не себепті... деп ойлайсыз? Қазақ халқы ата-анаға ерекше құрметпен қараған. Неліктен?


Ишара: қол белгілері, мақұлдау, қарсылық білдіру, тыныштыққа шақыру

Құндылықтар:

Ата ананы сүюге, құрметтеуге баулу.Отбасылық құндылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

тарих

АКТ

презентация

Алдыңғы оқу

«Ұшқан ұя»

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


10 минут

Жаңа сабақ:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі және қосымша

ақпаратты, көтерілген ойды анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырыңдар.


Ата-анасын ардақ тұту, өзінің перзенттік парызын бір

сәтке де есінен шығармау - жас ұрпақтың адамшылығының белгісі. Біздің дінімізде де, ділімізде де, дәстүрімізде де «ата-ана» ұғымы қастерлі де қасиетті. Қазақы отбасында ата-ана - шаңырақтың шамшырағы, отбасының ұйытқысы.

Дәстүрі мен дінін сабақтастыра білген момын халқымыз

қашанда әкені шаңырақтың иесі, қамқоры, қорғаны деп

таныған. Аналарымызды сол шаңырақтың алтын босағасы, киелі тұтқасы іспетті құрметтеп, қастерлеген. «Алты аға бірігіп, әке болмас, жеті жеңге бірігіп, ана болмас», - деп түйіндеген.

Ата-ананың көңіліне шаңның тозаңындай да кірбің

түсіруге болмайтынын, бұл мәселенің үлкен жауапкершілікті қажет ететінін әрбіріміз түсінуіміз керек.

Дескриптор:

*Мәтінді оқиды;

*Негізгі ақпаратқа байланысты сұрақ

құрастырады;

*Қосымша ақпаратқа байланысты

сұрақ құрастырады;

*Көтерілген ойға байланысты

сұрақ құрастырады;


(Оқушы жауабы)

Ықтимал сұрақтар:

Отбасының ұйытқысы кім?

Ата-ананы неге теңейміз?

Ата-анаға қалай құрмет

көрсетуге болады?

Презентация, слайд

Оқулық





5 минут




Жаңа сабақты бекіту

2-тапсырма. Отбасы күніне орай құттықтау жазу


Дескриптор:

Отбасы күніне орай құттықтау жазады.


(Мүмкін нұсқа. Оқушы жұмысы)

Құттықтау

ҚҰРМЕТТІ, МЕНІҢ АТА-АНАМ!

СІЗДЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН.

СІЗДЕРГЕ ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, ҰЗАҚ ҒҰМЫР ТІЛЕЙМІН. ОТБАСЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ, ҰЙЫТҚЫСЫ, ШУАҒЫ БОЛЫП ОРТАМЫЗДА ЖҮРЕ БЕРІҢІЗДЕР.


ТІЛЕК БІЛДІРУШІ: ҚЫЗЫҢЫЗ ЖАЙНА




Ақ парақ

Түрлі түсті қаламдар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

5 минут

БҮГІН СІЗ НЕ ТҮСІНДІҢІЗ?

БҮГІН СІЗ НЕ ТҮСІНБЕДІҢІЗ?

ТАҒЫ НЕ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕДІ?


Кері байланыс парақшасы

Дифференциация- (Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмаларды қоюды жоспарлап отырсыз?),

(Оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?)


Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Сұрақтар

Дескриптор

Кері байланыс

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ Құндылықтар

мен байланыс

Сабақты игерту кезеңінде саралау жұмыстары жүргізіледі.


Топтарды, жеке оқушыларды қолдау, марапаттау қол сигналдары арқылы жүзеге асады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)


Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді


Келесі сабағыма қажет болар ақпарат:














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!