Әкеге ізет анаға құрмет тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әкеге ізет анаға құрмет тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкеге ізет анаға құрмет тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .8.10.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Әкеге ізет,анаға құрмет

Құндылық


Мақсаттары

Қоғамда, ұрпақ тәрбиесінде ананың, әкенің ұлтты тәрбиелеуде әлемдегі болашақты жасаудағы жасампаздық ролін кең түрде насихаттау. Ана туралы, әке туралы аталы сөздерден ғибрат алуға баулу. Оқушыларды өз ата – анасын құрметтеп, ықласпен қарым – қатынас жасауға үйрету.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы.Ата-ана бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі,бастапқы дәнекері.Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп,шыншыл болуды,әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап,бақытты болуға жетелейді.Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек.Ата-анаға деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Барлық жақсы игі істердің бастауы,жақсылықтың жаршысы-ана.Анаға деген ыстық сезімді,ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Оны тек жүрегіңмен сезіне білуің керек.Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды.Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған да-АНА.

Әке-асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап-бағуға да,жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.Әке-ұрпақтың панасы,үйдің басшысы,қамқоршысы,әрі тәрбиешісі.Әкені сыйлау,оған үлкен құрметпен,ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Жабыққан,сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып,қолтығыңнан демеп,жұбатып,үлкен армандарға жетелейтін,нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да анаң мен әкең.Ата-ананың балаға деген мейірімінде,қамқорлығында,оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ.Әкең мен анаң саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту-өмірді сыйлады,сонымен қатар бақытты бал дәурен балалық,қайғы-қамсыз жастық шақ,алаңсыз оқып,білім алуыңа қолайлы жағдай жасап отыр


Ата-ана туралы мақал-мәтел:

1)Баланың бас ұстазы--…...............

2).................. қадірін балалы болғанда білерсің.

3)Алып .................. туады,

Ат .................... туады.

4)................. отырып,ұл сөйлегеннен без,

................ отырып,қыз сөйлегеннен без.

5)Ата-ананың ақылы-- ................ жолмен тең.

6)...........—тірегің, .............---жүрегің.

7)Алты аға бірігіп ........... болмас,

Жеті жеңге бірігіп .......... болмас.

8)Ата-ананың міндеті --- ............................. .

9)...........—кеме,

............---дария.

10)Әке--- .................... ,

Ана--- ағып жатқан бұлақ,

Бала--- .................... .

11) Әке жүрегі -- ............. үлкен,

Ана жүрегі -- ............. терең.

12)Әкеден -- .............. , анадан -- .............. .

13)Ананың көңілі ................ ,

Баланың көңілі ............... .

14)Қала—халқының салтанаты,

Бала--- .................. қолқанаты.

15)Әдепті бала ата-анасын .................. ,

Әдепсіз бала ата-анасын ................. .


презентация

Сабақтың ортасы

Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, 9 ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші.


Оқушылар пікірлерін айтады


Сабақтың соңы

Енді сендердің қазіргі уақыта ата-аналарыңызға жасайтын жақсылықтарың ата-аналарыңның тілін алып, оларға көмектесіп, сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болып жүрсеңдер ата-аналарыңның мерейі өсіп, оның өз ортасында еңсесін көтеріп жүруге көмектесе аласыздар.

Егер тәртіпсіз айтқан тілді алмай, бәрі керісінше болса онда ата-аналарыңның көңіл күйлері ылғи төмен болып, сендердің оғаш қылықтарыңа ұялып айналасандағы адамдарға қарауға ұялады. Дүние кезек екен балалар сендер де жас болып тұрмайсыңдар. Әке-шешеңе не істеген болсаң, алдыңа сол келеді.Сондықтан да ата-ананы сыйлау әрбір адамның міндеті.


«Жүректен жүрекке»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2023
5577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі