Материалдар / Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесіндегі ұлттық тәрбие көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесіндегі ұлттық тәрбие көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесіндегі ұлттық тәрбие көздері мақалада санамалап көрсетілген. Адам бойындағы патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықты бойға сіңіре білу мәселесі сөз етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2022
900
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесіндегі ұлттық тәрбие көздері

Әл-Фараби атындағы

21 мамандандырылған гимназия,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулейменова Акшолпан Жиенеевна, Ақтөбе қаласы


Қай дәуірде, қандай қоғамда өмір сүрсек те, әр халық өзінің тарихи тағдыры мен ұлттық табиғатын әдебиет арқылы танытады. Осы орайда, Ә.Кекілбаев шығармаларында өз заманының тағдыры анық таңбаланып отырды десек, артық айтқандық болмайды. Жазушының Кеңес дәуірінде ғана емес, еліміз егемендік алған кезде де жазған туындылары халқымыздың рухын көтерді, оң жолға бастады. Энциклопедиялық білімі бар сөз шебері Әбіш Кекілбаев сынды қазақтың талантты тұлғасы не жазса да тереңнен толғап, дәлелдеп, кешегі мен бүгінгінің байланысы, келешегі жайлы талдап жазды. Оның еңбектері тәуелсіздіктің белсенді ұранына айналды. Қаламгердің сөзі әр қазақтың ойына ой қосты, көкірегіне сара бағыт дарытты, биіктік пен тереңдіктің қандай болатынына айғақ болды. Сондықтан да, Әбіш Кекілбаев өз дәуірінің шынайы шежіресін жасап кетті деп білеміз.

«Бір шоқ жиде» шығармасы - қазақы болмыстың биік көрінісі. Мұнда ұрпақ тәрбиесіне мән берерлік ұлттық құндылықтар шығарманың өн бойында өріліп тұр.

Тәрбиенің түп тамыры, қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрыптарымызда десек, Ә. Кекілбаевтың ұлттың ұлылығын танытуда қоғамдық қызметімен ғана емес, қалам қуатымен жасаған қымбат қазынасы қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние. Өсиет-өнегені ой жүгіртіп, толғанып, тұшынып барып қабылдаған қаламгер шығармаға қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын дәйекті материал ретінде алған.

Ұлттық рухани құндылық, рухани байлыққа әр халықтың тілі, діні, ділі, адамгершілік қасиеттері, ұлттық салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жатады.Аталмыш шығармада ата-баба әруағын сыйлап, құран бағыштау, олар басып өткен қасиетті мекенді қадірлеу, кісіден қарғыс емес алғыс алу, шаңырақтың отын өшірмеу, ырымды жөнімен қолдану, құрбан шалу, өнерді бағалау, адами құндылықты жоғары қою т.б. кең көлемде жазылған. Көркем әдебиетті оқып отырған оқырман сюжетті шығарманың мазмұнынан тыс білім өресін де биіктетеді. Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», – деген сөзі ұрпаққа біліммен қоса адамгерішілік тәрбиесі қатар берілу керектігін ұғындырады. Осы орайда «Бір шоқ жиде» шығармасы тәрбиенің қайнар көзі десек те артық айтпағанымыз болар еді.

Туған жердің топырағынан әрі асып көрмеген Тілеу ақсақалдың туған елге деген сезімі алабөтен. Жалғыз ұлын елден қалдырмай соғысқа жіберіп, артын сипап қалуы да кімге болса оңай соқпасы анық. Әйтсе де жер мен елдің қадірін жете түсінетін адам жан азабын ешкімге сыр қып ақтармайды. Үндемес атанған тұйық адамның іші алай-дүлей, дегенмен шаңырағын шайқалтпас үшін ермек те тапты. Өзінің артынан іздейтін адам тапқанына көңілін алдарқатты.

Туған жердің төсінде саусақпен санарлық кәрі жидеден басқа, көз тоқтатар тіршілк бейнесі жоқтай болса да, кейіпкер өз жерін өзге жерге айырбастамайды. Бұл да оның перзенттік борышының бірі болса керек.

Құлазыған далада жалғыз қалған үй өз тіршілігін маңдытып отыра береді...

Уақыт ұшқан құс емес пе? Тұяқ әскерден қайтып келе жатқан кезде Зейнеп жер қойнынан мәңгіге өз орнын тапты. Аяғымен басқан топырағы қазір бетін жауып жатыр. Тілеу де туған жердің топырағы көп ұзамай өзіне бұйырарын сезеді. Бұрын алты қырдың астындағы аждаһадай атағының өзімен-ақ алыстан жүрегіңді қалтыратқан ажал шіркін мысық табандап тіптен тақап қалған екен. Ақиреттік пендеге ажалды естен шығаруға бола ма? Тілеу жанына медет тұтқан Тұяқтың тілі шыға бастағаннан-ақ артына мінгестіріп, ата-баба басына әкелген. Жеті атасын түгел жаттатып, қайсысының қай төмпектің астында жатқанына дейін айтып берген. Сайын дала төсінде төмпекке айналған ата-басының қасынан өзіне де орын бұйырып, осы жерден тұрақ тапса, сонда басыма кеп, дұға оқып жүр деп, аят үйреткен. Әр жаттатқан аят-дұғаларын қайта-қайта сұрап отыратын.

Қазақы тәрбиенің қайнар көзі – ата жолын берік ұстану. Атаға қоныс болған мекенді қадірлеп, бабаларына мезгіл-мезгіл құран бағыштап отырған Тілеу ақсақал туғанынан кем көрмейтін Тұяғының баба аманатын сақтап қалуын тіледі. Жеті атаны жаттату да туған жердің шежіресін, жай-жапсарын терең білуге бағыттайды. Бұл білім – жазылмаған дала заңы.

Ата үмітін Тұяқ ақтай алды ма? Күдері күдік пен үміт аралас ойларымен арпалысып отырғанда туған жер төсін жаңғыртқан машинаның таныс гүрілі оқыған жанға бір тыныс бергендей болады. Өскен жерден алыстаған Тұяқ өткеніне қолын бір сілтей алмады. Бұл жерде балалық шағы, өзін мәпелеген аялы алақан иелері жатыр. Елсіз дала өлілер мекеніне айналса да, ұрпақтың жадында киесімен, қасиетімен дараланып мәңгіге есте қалмақ. Бұл шығарманың мазмұны арқылы туған жерге деген риясыз махаббаттың өлшеуі болмайтынын түсіндік. Өскен жер, туған жер ұғымы қай дәуір де болмасын өзектілігін жоймасы анық. Талай ақын-жазушылардың айналып өте алмайтын тақырыбы да осы – туған жер. Оны әркім өз биігінде жеткізеді. Жазушы Ә.Кекілбаев ұлттық құндылық, ұлттық болмыс, ұлттық мінез қағидатын берік ұстанып, бір идея төңірегінде сан тақырыпты қозғап шықты.

Аса талантты, ғұлама суреткер Әбіш Кекілбаев кеңестік империя, тоталитарлық жүйе ұлтшылдықпен айқасып жатқан шақта «бастарын жаңғырыққа төсеп», ұлтсыздана бастаған халқын «емдеп», оятуға күштерін салды. Ұлтын жоймайтын асыл қасиеттерін насихаттаған туындыларын жазды. Тұлғасы көз тартатын, жаны қатпарлы, іс-әрекеттері ірі, пендешіліктен ада, жаны сұлу, жүрегі нұрлы, досқа адал, дұшпанға әділ, отбасына қамқор, ақыл-парасаты кемел, Отаны үшін отпен суға түсуге әзір қаһарман, ізетті, инабатты, имандылықты пір тұтқан, бір күндігінен кемел келешекті ойлаған ұлттық менталитет бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын сомдады. Біз, тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағы, өз кезегімізде ұлтжанды жазушылардың ұлттық сана мен салт-дәстүрді, ұлт табиғатын насихаттайтын туындыларындағы тәрбие көзін үлгі ете білуіміз керек.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 143б.

  1. https://massaget.kz>debiet>kkzhiek

  2. Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Өлке, 1999. – 399 б.

  3. https://kitap.kz>bir_shoq_zhide

  4. Кекілбаев Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989. -400б.

  5. Ақылдың кені. Алматы: Жазушы, 1997 ж. 186 б.


4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!