Материалдар / Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасының көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасының көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, философиялық ғылым салаларындағы адам мен табиғат тұжырымдамасына байланысты танымдық зерттеулер бойынша теориялық тұжырымдар алынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2023
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қорғас орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен”КММ











Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасының көрінісі



Рисунок 4





Каримжанова Рамида

9 «б» сынып оқушысы













Жетекші: қазақ тілі және

әдебиеті мұғалімі Қали Жамила Калиевна







Қорғас ауылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ________________________________________________________ 3

1 «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасының көрінісі_____________________6

2 Философиядағы адам мен табиғат мәселесі_____________________________9

3Тепе-теңдік, үйлесімділік – философиядағы «адам» және «су» концептілері 11

4 Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі «шыңырау», «су» концептілері12

ҚОРЫТЫНДЫ_______________________________________________14 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_____________________ 15




КІРІСПЕ

Ғылыми жобаның өзектілігі. Дүниедегі ең басты құндылық – өмір. Өмірдің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылуы тиіс. Қауіпсіздік сақталмаған жағдайда, адамның ең қымбат дүниесі – өмірінен айырылып қалуы – қас-қағым сәт. Ең өкініштісі, адамның өз ішкі психологиялық жай-күйін қалыпты сақтай алмағандықтан мерт болатын жағдайлар қазіргі өмірде өзекті мәселеге айналды.

Қазіргі заман – ғылым мен техниканың қарыштап алға басқан заманы. Адамзат өркениеттің жоғары дамуына өткен сайын, оның жан дүниесі де бұрын-соңды тарихта болмаған құлдырауды басынан өткізуде. Адамның ішкі дүниесі табиғаттың сырын түсінуден қалып, небір апатты оқиғаларға себеп болуда. Сондықтан қоғамның барлық салаларында адам мен табиғат арасын үйлестіруге жан-жақты амалдар жасалуда.

Осы күнге дейін тіл мен таным мәселелері философия мен лингвистика ғылымы аясында жеке-жеке зерттелсе, бүгінде лингвистика ғылымында тіл мен танымды бірлікте қарастыру үрдіске айналды. Жазушылар да бұл мәселеден құр қалып жатқан жоқ. Оның шешуші жолы ретінде адамның алдымен өз ішінде үйлесімді, тепе-теңдікте болуы қажеттігі айтылады.

Сондықтан зерттеудің өзектілігі – Ә.Кекілбаев повесіндегі табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынасына жаңа жаһандық, философиялық көзқарас, жаңа концепция, жаңа тұжырымдама қалыптаса бастағанын көрсету болып табылады.

Табиғат – дала, адам – Еңсеп, оның ішкі сезімі, сын сағаттағы сезімі, қорқынышы, үрейі, қуанышы т.б.

Жапонияда жасы 100-ден асып кеткен қариялардың саны 50 000 асып жығылады екен. Өйткені бүкіл дүние жүзінде ең алғаш рет өзінің эмоциясын бақылай алатын халық осылар болып шықты. Сондықтан адамның өз сезіміне ие болуы – адамның аманат жанын сақтап қалудың, өмірінің ұзақ болуының кепілі.

Адамның өмірі, тірі болуы – дүниедегі ең басты құндылық. Әр адам өз өмірін қорғауға міндетті.

Бұл жаһандық жаңа көзқарастың көркем әдебиеттегі көрінісін Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі Еңсептің ішкі жан дүниесі, оның психологиялық күйінің қозғалысы арқылы берілген.

Зерттеу нысаны. Адам мен табиғат концептілерінің танымдық мәні.

Зерттеудің пәні.Әбіш Кекілбаев әңгімелеріндегі табиғат пен адамның концептілері.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.Жазушы әңгімелері негізінде «адам» мен «табиғат», «шыңырау», «су» концептілерін талдау, саралау және олардың танымдық сипатын анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау көзделеді:

- «концепт» ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу, өзіндік анықтама беру;

- «адам», «табиғат», «шыңырау», «су» концептілерінің философиялық, танымдық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық негізіне жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, философиялық ғылым салаларындағы адам мен табиғат тұжырымдамасына байланысты танымдық зерттеулер бойынша теориялық тұжырымдар алынды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Философия бойынша Аристотель, әл-Фараби, Бэкон, Абай, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Э.Фромм сияқты авторлардың көзқарастары назарға алынды.

Тіл білімінің зерттеушілері, соның ішінде отандық ғалымдар: авторлардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.

Тақырыпты жан-жақты меңгеру жолында біршама сөздіктер мен энциклопедиялар: орысша-қазақша түсіндірме сөздік, Қазақ энциклопедиясы, Ашық энциклопедия пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық, психологиялық және әдіснамалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, танымдық тұрғыдан талдау, баяндау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.Бұл жобаның негізгі өзегі – Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі адам мен табиғат тұжырымдамасына, мәселелеріне алғашқы рет зерттелмеген материалда танымдық көзқарас тұрғысынан талдау жасалып, зерттеу нысанына айналып отыр. Ғылыми жаңалығы – жазушы шығармасының негізінде адам мен табиғат концептілерін тұжырымдау.Ә.Кекілбаев көркемдік әлемін адам мен табиғаттың ішкі байланысы тұрғысынан ең алғашқы рет ғылыми зерттеу болып табылады.

Әдіснамалық және теориялық негізі белгілі ғалымдардың еңбектері;

жобаның тұжырымын қалыптастыруда қазіргі ғалымдардың, зерттеушілердің шешімдері маңызды қызмет атқарады. Зерттеуде әдебиетті зерттеу тәжірибесі ескерілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- Ә.Кекілбаев өмір философиясын терең игерген жазушы.

- Өмір – басты құндылық. Өмір қауіпсіздігін сақтау – адамның ең басты міндеті.

- Табиғат – «тірі» және жұмбақ дүние. Сырын ұғу үшін адамның Адам өз ішінде үйлесімді болуы қажет, адам табиғаттың ішкі сырын тек өзінің ішкі дүниесінде тәртіп болғанда түсіне алады, тек сонда ғана табиғатпен тепе-теңдік сақталады. Үндестік болмаса, ажал құшады.

- Концептілер – философиялық тұжырымдар. «Шыңырау», «су» - концептілер.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасы

«Сізге өмірлік пәлсапа қажет пе,дәлірегі қазақ даласының пәлсапасы қажет пе, онда Сіз шет жұрт жазушыларының атағына жығылып, бірыңғай құлай бермей, олардан тереңдік әлемі бай болмаса, еш олқы соқпайтын өз суреткеріңіз, өз ойшылыңыз Әбіштің шығармаларын да бір мезгіл оқып, ойға батып, бойға сіңіріп көріңізші!..» [1]

Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың  «Шыңырау» повесі – Маңғыстау даласындағы әйгілі құдықшылар өмірі, құдықшылық кәсіптің қыр-сыры жазылған шығармасы. Повесть 1982 жылы жарыққа шықты. Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық, ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді. Құдық суын қолдап, ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген.

Повестке басты негіз болған – ел   аузындағы шөл даладағы бірден-бір су көзі – құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар, соның ішінде «Ақотты нар» аңызы және «Аңыздың ақыры» романындағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген.Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып, екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған.

«Шыңырау» повесіндегі [2] жиынтық бейнеге басты негіз болған Маңғыстауда өмір сүрген өзінің өлмес, өшпес қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы – Қараш Бейнеубай Құлшарұлы. Шебер, аты аңызға айналған құдықшы 1864 жылы туған. Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерде су шығатынын білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол сулы жиырмаға жуық құдықтардың қазушысы. Оның революциядан бұрынғы «Қараш қазған» аталған құдығы әлі бар.

Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған.Құдық қазу – ертеден келе жатқан өнер. Су – тіршіліктің көзі болғандықтан, құдық қазу – тіршіліктің күретамыры іспеттес болған. Осы кәсіпсіз су да жоқ. Жер асты суы жантақ өскен жерде мол болатынын қазақ халқы ертеден білген.

«Шыңырау» повесіндегі өмір – шөл даладағы халықтың тіршілік үшін күресі. Қатаң да қатал, кейде мейірімді де жұмбақ, тылсым, терең сырлы табиғат пен табиғат алдында дәрменсіз, тәуелді, тағдыры да соған байлаулы боп, өмірін өткізетін адам – шығарманың арқауы. Мұндағы оқиға – адам – жапан далада талай құдық қазып,көптің мейірін қандырып,мерейін үстем еткен жан - Еңсеп пен табиғат – шыңырау – биік құз, таудың ұшар басы арасында өрбиді.

Байсал бай Үстірттегі ең шұрайлы жер – Шыңырау түбінен Еңсеп құдық қазып беруге өтініш жасайды. Бір-екі ақсақал тастақ жыраның құбыла бет құйрығын қолайлы көретінін айтады. Еңсеп құлақ аспайды. Еңбекке жарамды нарларды таңдап, құдық қазуға кіріседі. Шыңырау түбінде әртүрлі ойға шомылып, бірде қуанып, бірде қорқыныш ой арпалысады... Кенет қыл арқанды тартып тұрып, жәрдем беріп тұрған жігіттер: Еңсеп!-деп айқайлағанда, шыңырау ішінен дауыс шықпайды... Шыңырау «Еңсеп қазған» емес, «Еңсеп өлген» атанып кетеді.

шыңырау

Еңсептің әрекеті

Еңсептің психологиялық жай-күйі

Құдықтың ішіндегі теппе саңылауы жоқ қара түнек

Ішіне үңілсе, басы айналады

Жер астына бір теппе төмендеп, түскен сайын бір жас қартайғандай болды


Аяғын салбыратып, теппеге башпайын тіреді, башпайы мұздап қоя берді



Тершіп тұрған жауырыны оқыс мұздап, тұла бойы түршігіп кеткендей болды, тағы да төмендей берді


Сыз құдықтың салқын лебі сезілді

Қыл арқаннан шірене тартып тағы бір теппе төмен түсті


Сыз лебі манағыдай емес, күшейе түсті

Төмендеген сайын бақайы қырылып, қалтырап барады


Көзге түртсе көрінбес қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап тұрғандай

Ту сыртына мұздай тер шығады, төменге бір қарамайды


Қара да емес, жым-жылас тас түнек. Екі жүз қадам жердің асты


Топырақ таусылып көк тасқа жетті.




Шыңырау – құдық қана емес, өлімге апарар жол сияқты. «Құдықтың ішіне үңілсең – басың айналады. Саңылауы жоқ қара түнек».

Еңсеп сол құдыққа түскен сайын әр түрлі көңіл-күйді басынан кешіреді. «Құдықтың ішіне аяғын салбыратып теппеге башпайын тіреді. Манадан бері күн қыздырып тастаған башпайы мұздап қоя берді». «Қыл арқаннан шірене тартып тағы бір теппе төмен түсті». «Сыз құдықтың салқын лебі енді шындап сезілді. Тершіп тұрған жауырыны оқыс мұздап, тұла бойы түршігіп кеткендей болды. Тағы да төмендей берді».

«Сыз лебі манағыдай емес, күшейе түсті. Төмендеген сайын бақайы қырылып, қалтырап барады. Әдетте, жоғары шыққанда, бір теппе биіктеген сайын көңілің өсіп сала береді».

«Көзін құдықта ашса да, жер астына түскен сайын бір жас қартайғандай болады. Аяғының астында, сонау көзге түртсе көрінбес қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап тұрғандай ту сыртына мұздай тер шығады. Қашан аяғы жерге тірелгенше, төменге бір қарамайды, көзі көкте болып, жаңа ғана артында қалған жарық әлемнің сонау бір алақандай жұрнағына телмірумен болады».

«Топырақ таусылып көк тасқа жетті. Төңірегіндегі жаңағы бір қаракөлеңке, бұлыңғыр жарық та сарқылды. Қара да емес, жым-жылас тас түнек. Екі жүз қадам жердің асты...».

«Табанынан өткен суық шекесін тесіп барады. Мынау көрдің іші – үскіріп тұрған ақ боран».

«Еңсеп құдықтың аузын қаракөлеңке көмген сайын қорқып қалады; жер астында зарығып жалғыз отырған құдықшының онсыз да ойнақшумен болатын үркек жүрегін тас төбесіне шығаратын тағы бір көлденең кесапат па, қашан қасына жетіп, қолына ұстағанша сенбей, көктен көзін алмайды».

«Оның қолы қырық қайтара істеп әбден дағдыланып қалған үйреншікті жұмысқа кірісуі мұң екен, көңіліне қырық қайтара ойлап, қырық қайтара есіне алған, бірақ ойлаған сайын тереңдей түсетін тұңғиық ойлар қайта оралады».

Ой – кесел.

«Кенет қуанып кетті. Мынау судың сылдыры».

«Еңсеп ештеңеге алаңдамады. Тақтай тасты төкпектете соққылады. Осылай қазыңқырай түссе, ұлы арнаға да жетеді. Жүрегін қуаныш кернеп, өне бойынан әл кетіп бара жатқандай. Темір сүймен қолынан шығып кетпей шаққа тұр.

Еңсеп есін енді жинады».
















2 Философиядағы адам мен табиғат мәселесі


. Ағартушы, саяхатшы ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат және адам, өмір мен өлім саналы ұғымға тіптен түсініксіз, таңғажайып құпия құбылыс болып келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?» [3, 87] - деген еді. Содан бері бір жарым ғасыр өтсе де адам, табиғат – әлі де түсініксіз, әлі де құпия жерлері көп өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Адам – ерекше жаратылыс. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы және ой парасаты» [4].

Адам,табиғат – бізді қоршаған әлем, оның сыртқы (көзбен көретін, қолмен ұстайтын т.б) және ішкі (тек түйсікпен, санамен қабылдайтын) әлемі бар.

Адам – микрокосмос, әлем – макрокосмос, екеуінің арасында «баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі – әлеммен бірдей» [5].

Адам -– жан мен тәннен тұрады, екі қарама-қарсы күштердің – жарық пен қараңғының, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың т.б. күрес орны ретінде қарастырылды. Ортағасырлық дәуірде бұл жүйе бойынша адам, оның тағдыры жасаған Құдайдың еркінде (теоцентризм). Орта ғасырдағы діншіл философ Фома Аквинский [6] адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене – ынтымақтастық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.

Ашық энциклопедияда «адам тақырыбы – философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философиядағы адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «адам деген не» мәселесі.

Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірлерінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр.Қазіргі әдебиетте қалыптасып келе жатқан этикалық, философиялық, әлеуметтік жаңа көзқарастар – адам мен табиғаттың ішкі дүниесінің байланысы, табиғатты сырттай бақылаудан, қызықтаудан бас тартып, оның «ішкі дүниесіне» үңілуге тырысып, сананы саралау барысында қалыптасты.

Ол жазушылар шығармаларында өзіндік қолтаңбамен, өзіндік концепциямен көріне бастады.

Жазушылар өз шығармалары арқылы табиғат әлемі қандай жаңа қырларымен көзге түседі деген сауалға жауап іздейді. Бұл мәселе әр жазушының шығармашылығында әр түрлі деңгейде көрсетіледі.

Жаңа уақыт философиясында адамды өзін-өзі зерттеуге, әлемді адамның қажеттіліктері мен қызығушылығы, танымы арқылы көзқарасы (антропоцентризм) орын алды.

Уақыт өткен сайын бұл мәселелер жөніндегі «сырын ұқтым» деген сенімділіктен, жауаптардан гөрі, сұрақтардың көп туындайтынын байқауға болады

Табиғат пен адам тікелей байланысты. Адам табиғаттың ішкі әлемінің тылсым құпиясын өзінің ішкі дүниесімен, санасымен, түйсігімен сезеді. Адамның жаны неғұрлым таза болса, табиғаттың жалпы әлемімен соғұрлым жақын, үндестікте болмақ. Сондықтан бұл әлемде болып жатқан барлық құбылыстар – адамның өміріне, бойындағы болып жатқан барлық өзгерістерге тікелей әсер ете алады ( көңіл-күйіне, іс-әрекетіне, мақсат-міндеттеріне т.б).

Шетел философы Э.Фромм [7, 80] жазғандай, «адам табиғаттың ішінде де, сыртында да. Адам қай әлемде болсын өзін үйде сезінбейді, ол өзінің ішкі әлемінде – аң да, періште де, тән де, жан да. Жаны үнемі қарама-қайшылықта, бұл мәңгі күресінде ол жалғыз». Яғни адам дүниеге келіп, өмір сүретін сыртқы әлем ғана емес, адамның ішкі әлемі де – табиғат болып саналатындықтан, адам – күрделі құбылыс.

Философияда адамның бірнеше образдары бар: жаратылыс кереметі, табиғаттың бір биологиялық түрі, қозғаушы күш, әлеуметтік қозғалыстар мен кимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.

Философияда судың үш образы бар: бастау немесе әлемдік апаттардың бірі, қозғалыс, өзгеріс, уақыт және сананың ағыны. Табиғат нысаны – су, әр түрлі мағынаға ие болып, өзінің болмысын табады. Философия, бір нысанға бағытталғанда, барынша әлемдік тұтастықтың бір бөлігі етуге, белгілі бір тұтастыққа енгізуге тырысады. Ал нысан, таным барысында, сол арқылы барлық әлем көрінетін нүктеге, орынға, орталыққа, ғарышқа айналады [51].

Әңгімелердегі «су» концептісін құрайтын – «өзен», «бұлақ», «теңіз», «жаңбыр», «тамшы». Олардың әрқайсысы концепт бола алады. Басқа да физикалық күйде көрінеді. Қар, сел, қиыршық.

«Өзен» концепті – өзен болмысының әр түрлі мағына тудыратын бейнелерде көрінуі. Өзен (қозғалыстағы су) – барлық нәрсеге ене алатын табиғат нысаны.

«Өзен» – әлемдік оқиға, топан су.

Су – табиғат нысаны, уақыттан тыс өмір сүретін үлкен «Әлемдік оқиға –топан су» - судың тасуы, ал теңіздің тасуы – жай оқиға.

Бірақ «топан су» символ ретінде, санамен «әлемдік оқиға» ретінде беріледі.

«Су тасқыны» миллион рет қайталанатын табиғат құбылысы, бұл нысанның әлемдік тұтастықта болуы және әлемнің бұл нысанда көрінуі

Өзен – тіршілік көзі, ылғалдылық, ылғал (тағам, дән) – өмір сүрудің негізгі шарты.

Өзеннің мінезі, соған сәйкес үні, дауысы бар.

Өзен – апат, стихия, қауіп-қатер. Өзен – ажал. Өзен қатер төндіріп қана қоймайды, жұтып та қояды, тереңіне де батырады.

Өзен – құрдым. Өзен тартылса, адамның да, жануардың да, құстың да, балықтың да, даланың да, жердің де күйі сұмдыққа айналады.

Өзен – адамға бағынышты. Бұғауланған өзен – тоған.

Жаңбыр – табиғат нысаны. Жаңбырдың мінезі бар. Бір мінезі долылық.

Сыртқы әлем – табиғат, соның ішінде аспанның, айдың, жұлдыздардың адам өмірінде алатын орны ерекше.

3 Тепе-теңдік, үйлесімділік – философиядағы «адам» және «су» концептілері

Табиғат пен адам арасындағы табиғи тепе-теңдікке негізделген қарым-қатынас орнауы үшін, адам өзінің «Саналы адам» ғылыми тұғырына көтерілуі тиіс. Ол үшін адам өз ішінде үйлесімді болуы тиіс. Сөздікте болашақтағы «адам» парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады» [21].

Ниет – адам санасының ағыны, су – табиғат нысанының ағыны яғни қозғалысы.

Ниет – нийа деген араб сөзі [8]. Аудармасы – мақсат. Ниет – адам әрекетінің нақтылы мақсат

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!