Материалдар / Әкелердің ерлігін еске аламыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әкелердің ерлігін еске аламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкелердің ерлігін еске аламыз. Дөңгелек үстел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2024
145
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

САРҚАН КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ






КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН


Колледж әдіскері Колледж директорының

__________С.Аязбаева тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«_____»________2024ж. _____________ У.Абильбеков

«_____» ____________ 2024ж.









«ӘКЕЛЕРДІҢ ЕРЛІГІН ЕСКЕ АЛАМЫЗ»

тақырыбында дөңгелек үстел




Ұйымдастырушы: Отарғали М.























2024 жыл

Күні:

Тақырыбы: Әкелердің ерлігін еске аламыз

Мақсаты: Білімгерлерге Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.

Түрі: Дөңгелек үстел.

Көрнекілігі: Презентация, видеоролик, нақыл сөздер.


Барысы:


Жүргізуші: 

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жанатта болсын жаны

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

Қайырлы күн құрметті қонақтар мен білімгерлер! Бірінші курс білімгерлерімен өткізгелі отырған «Әкелердің ерлігін еске аламыз» атты Ауған соғысының ардагерлерімен дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!


Гимн


Жүргізуші: 

1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 35 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толып отыр.

Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек:

(Қонақтармен таныстыру)


Баяндамашы : АӘТД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы Отарғали М.А.

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жеткен.

Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761- і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен.


Жүргізуші: 

Қонақтар мен білімгерлер алдымен бейнетаспаны көріп , содан әңгімемізді жалғастырсақ.


БЕЙНЕРОЛИК


Жүргізуші:

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі , міне өздеріңіз таспадан көрген – Ауған соғысы. Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан білімгерлердің сіздерге қояр сұрақтары бар екен, рұқсат етсеңіз.

(Сұрақ-жауап жүргізіледі)

  1. Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?

  2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?

  3. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?

  4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?

  5. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

  6. Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?


Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, келгендеріңізге көп — көп рахмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу білімгерлер үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!