Әкем,анам және мен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әкем,анам және мен

Материал туралы қысқаша түсінік
спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әкем, анам және мен»

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, балалар, жанкүйерлер!

Бүгін» Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

Бұл көңілді отбасылық сайысқа «Ақбота» ортаңғы және «Балдырған» ІІ кіші тобы ата-аналарымен балалары қатынасады.

Ортаға сайысты ашып беру үшін «Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайы директоры

Н.Қ. Даулетқазыға сөз беріледі.

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындалады.

Тәрбиеші: Денсаулық бар байлығың басындағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп аяласаң, мәпелесең

Бойыңнан кетпес қуат жасындағы.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өмірді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Қатысатын отбасыларын шақырамыз.

«Ақбота» Тұлпар тобы

Ұраны: Біз әрқашан мықты,

Бәрін жеңіп шықты.

«Балдырған» Сұңқар тобы.

Ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,

Өнер сүйер өренбіз.

Тәрбиеші: Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Бөбекжай меңгерушісі:Н.Қ.Дәулетқазы

Ата-Ана: Алтыбасова Әсемгул

Бөбекжай медбикесі: Мухиденова Роза.

Спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

Сайысқа қатысушылар отбасылары: Сапаровтар,Жарылғасын,Бердіғалиевтар,Хасановтар,Жұмағалиевтар отбасы.

Тәрбиеші: Бақшада бүгін басталған,

Дайын бол жарысқа.

Жүгір, секір қалыспан,

Бір- бірімен жарыста.

1-бөлім»Кім шапшаң» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіріп, кедергіден айналып қайту. Құралдары (Қапшық-4, кедергі-4)

Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы1- бөлімнің бағасын берейік.

2-бөлім»Епті отбасы» сайысы

Ойын шарты: Топ мүшелері кругты кеглилер арасымен домалатып жүріп, кедергіден айналып қайту.Құралдары:(Кругтар-46 кеглилер6 кедергі-4)

Тәрбиеші:Уақыт, уақыт куәсің сен бәріне!

Нұр төгеді мына әлем біздерге.

Денсаулықтың әліппесі әрқашан

Шынығайық әр кез біз спортпен дей келе ІІІ бөліміміз»Кішкентай қонжықтар» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты:Әкесі мен анасы кезекпен-кезек балаларын арқалап межедегі тудан айналып жүгіріп қайту.Құралдары:Ту-4.

Тәрбиеші: Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда

Жету үшін мұратқа-деп ІVбөліміміз « Ойлан тап» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, кеглилер арасынан жүріп,межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту.Ал балалары кеглилер арасымен жүгіріп шығарған есепті алып, әділқазыларға апару.

Құралдары:Доптар-4,кеглилер, есептер.

Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы4-бөлімнің бағасын берейік.

Тәрбиеші: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады,

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады- демекші қорытындылауды әділқазыларға береміз.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулық кепілі- салауаттылық. Әкем, анам, мен отбасылық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Дендеріңіз сау , отбастарыңыз аман болсын.

Сайысқа қатысқан отбасыларды «Ең мықты», «Ең алғыр», «Ең шапшаң» номинациялары бойынша марапатталады.







Тәрбиеші : Ш.Бериккалиева.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2018
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі