Тақырыбы: «Әкем,шешем және
мен» Отбасылық
сайыс
Мақсаты: оқушылар мен ата -
аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір
сүру
үшін қажеттілігін, бағалы
байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және
ата-
аналарды сұлу да сыбатты,
денсаулығы зор, күшті болу үшін денені
шынық-
тыру, оларға спортпен
айналысуын қажет екендігінің маңызын
түсіндіру.
Салауаттану - адам жанының да,
тәнінің де тазаруы, денсаулығының
жақса-
руы, сондықтан салауатты өмір
салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт
болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар
қауымы! Бүгінгі
2 «А»гимназия сыныбының
ата-аналарымен ұйымдастырылып жатқан «Әкем,шешем және мен»отбасылық
спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Бұл сайыс мектебіміздің
бастауыш сыныптарының «Білім негізі бастауышта атты» онкүндігі
аясында ұйымдастырылып отыр.Бүгінгі сайысымыз сонымен қатар
19-қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күні
және 1-желтоқсан Есірткіге қарсы күрес күндерімен тұспа тұс келіп
отыр.
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті
мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды
жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ
болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі
дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға
тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор
байлық»
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз.
«Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз
қолымызда»
Осындай бағдарлама бүгінде
біздің мектебіміздің 2«А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де
белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Сайысқа 3
отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты
құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын
кедергілерге төтеп беруі тиіс.
1 - жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
1. Өтебаевтар отбасы
2. Жолдыбаевтар отбасы
3. Кабидуллаевтар отбасы
1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді
бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Мектеп директоры – Тұрсынбаева А.С
2. Тәрбие жұмысының орынбасары – Римбаева Салтанат
3. Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі – Қайнарбаева Г
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ
– ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі
іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты
өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
2 - жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі десек, отбасылар сайысы отбасылық тәрбие
мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып
отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады,
екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени
мереке сыйлайды.
1 - жүргізуші: Ендеше, отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа
баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық
қасиеттерін нығайта түспек!
2 - жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Кім епті?
3. Картоп егу,жинау.
4. Кім жылдам?
1 - жүргізуші: Сайысқа арнайы 3 отбасы қатысады.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер
дейміз.
1 кезең: Отбасымен
таныстыру
Ал, енді «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
1 Өтебаевтар
отбасы
Топтың аты: «Сұңқар»
эмблемасы, ұраны таныстырылады
2 Жолдыбаевтар
отбасы
Топтың аты: «Тұлпар»
эмблемасы,ұраны таныстырылады
3 Кабидуллаевтар
отбасы
Топтың аты: «Барыс»
эмблемасы,ұраны таныстырылады.
2 кезең: «Кім
епті?»кезеңі
Бұл кезеңде үш топ алдында
(әрқайсысында бір-бірден) 3 секіртпе,3дөңгелекше мен үш доп және 3
дөңгелек тұрады.Ойынды 1 әкелер бастайды,2 анасы,3
баласы.
Сөреден белгі берілгенде
секіртпемен 8 метрге секіріп барады,сол жерге секіртпені
қойып,дөңгелек ішіндегі допты алып,4 метр ара қашықтықтағы
дөңгелекшеге лақтыру керек.Кері қайтқанда жүгіріп келіп анасына
секіртпені береді,анасы да дәл осы тапсырманы орындап,баласына
береді.Қай топ тапсырманы қатесіз шапшаң орындағаны анықталып ұпай
беріледі.
3 кезең: «Картоп егу және
жинау»
Сөреде ішіне картоп салынған
3шелек тұрады.Аралары 2 метрден кедергілер қойылған.Сөреден 10 метр
қашықтыққа дөңгелектер қойылған бұл егін алқабы.Ойын басталғанда
әкесі картобы бар шелекті кедергілер арасымен алып өтіп,егін
алқабына апарып егеді(картоп дөңгелек сыртына түспеуі керек
).Шелекті алып келіп топтағы анасына береді .Анасы шелекті
кедергілер арасымен алып барып, егілген кортоптарды жинап алып
келеді.Баласыкедергілер арасымен барып дөңгелекті алып келеді.Мұнда
ойыншылардың ептілігі,шапшаңдығы ескеріледі,ұпай
беріледі.
4 кезең: «Кім
жылдам?»
3 топқа 3 үрілген ойын шарлары
беріледі.Ойын басталғанда әкесі үрілген шардың үстіне мініп секіре
отырып,кедергілер арасымен өтіп,белгіленген жерден кері жүгіріп
келіп анасына береді анасы,баласы осы ойынды
жалғастырады.
1 - жүргізуші: Рахмет. Өте
жақсы.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне
1 - жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында
ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен
асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін
отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды
анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
1 - жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.
Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап,
болашағымызды сәулендірейік! Отбасылар сайысы осымен тәмамдалады.
Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
2 - жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып,Отбасылық сайысқа
қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз!
Жақсылықта, амандықта
жүздескенше!!!