400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әкеңнің төріне сенбе еткен еңбегін сен тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Әкенің төріне сенбе еткен еңбегін сен

Құндылық


Мақсаттары

Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,  адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.



. «Әке – отбасының тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі




Сабақтың ортасы

Мақал –мәтелдің жалғасын табу:

1. Әке көрген оқ жонар......................................

3. Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар атадан өте туады,..........

4. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, .............................

5. Әкесі құрдастың баласы ................................

6. Әкеге қарап ұл өседі, .............................................

7. Әкеден - ақыл , ................................................

8. Әке балаға ....................................................

Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса - дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.

Балаларға «Сенің өміріндегі әкенің рөлі қандай?» деген сауал қойылды.


Бейнеролик көрсету «Әке маған 1 саған уақытыңды сатшы»



Сабақтың соңы

Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер.

Баланы жастан бақпасан
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата - ана. Сондықтан ата - ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріптен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз – еліміздің ертеңгі болашағы.




Журектен журекке жақсы тілектер жазу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
03.12.2023
1222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі