400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Акробатикалық жаттығулар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға акробатикалық жаттығулардың түрлерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гимнастика 7«А» сынып . 16.11.2018ж.

Сабақтың тақырыбы: «Акробатикалық жаттығулар»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға акробатикалық жаттығулардың түрлерін үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар сабақта акробатикалық жаттығулардың түрлері туралы мәлімет алады;

Акробатикалық жаттығуларды орындай алады;

Міндеттері:

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың мүмкіндігін арттыру.

Дене тәрбиесі арқылы салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

«Миға шабуыл» әдісі , СТО әдісі,түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету.

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың көрнекіліктері

АӘД


Ысқырық, үлкен және кіші ағашат,матылар,карточкалар,арқан, секіртпе, т.б

Ұйымдастыру кезеңі 7 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау

Сабақ тақырыбын хабарлау

Саптық жаттығулар

Бірқалыпты жүгіру

Жүріс кезін,орын-н жаттығулар

Арнайы жүгіру жаттығулары

Дем алу, дем шығару

Ж.Д.Ж.

Акробатикаға арналған жаттығулар

Саптал, түзел, тік тұр!

Кезекші рапорты

Рет-ретімен санау

Техника қауіпсіздігі

Шеңбер бойымен жүру, спорттық жүріс, жеңіл жүгіріс, баяу жүріп жасалатын жаттығулар.

Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:

  • Бойды қыздыру кезіндегі бір-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету.

  • Спорттық форманы қарау.

Сабақтың негізгі бөлімі 35 минут

І.Ой шақыру кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі

1.Гимнастика мен акробатиканың айырмашылығы неде?

2.Қазақстандық қандай гимнастарды танисыңдар?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Акробатикалық жаттығуларға топтық жұмыс

“Айналмалы жаттығулар”


1-топ тапсырмалары

1.Екі аяқты тізеден бүгіп, қолды тірей алдыға аударылу.

2.Аяқты тізеден бүгіп,қолды тіреп артқа аударылу.

3.Қолды тірей бір-бірінің үстінен алдыға секіріп айналу.


II-топ тапсырмалары

1.Аяқтың көмегісіз арқанға өрмелеу.

2. Аяқтың көмегімен арқанға өрмелеу


III- топ тапсырмалары

1. Қолдың көмегімен,басты тіреп аяқты 90градуста ұстап, алдыға аударылып түсу

2. Қолды тіреп мостқа тұру.

3. Қабырғаға қолды тіреп тұру.


IV-Жалпы тапсырмалар

1.Тамплиннен қос аяқпен ағашат үстіне секіріп тұру, қолды екі жаққа созып жоғары секіріп түсу.

2. Кіші ағашаттан аяқты екі жаққа ашып секіріп түсу.

3.Үлкен ағашаттан бір қырынмен секіру.

4. Қос аяқпен секіру

Берілген сұрақтарға жауап беру.

Слайдта берілген суреттерге қарап, гимнастика түрлерін анықтау.



Жаттығулар кезінде ойын ережелерін дұрыс орындау.








Жаттығларды орындау кезінде бір- бірін қадағалау және көмек көрсету.


Үнемі мұғалімнің қадағалауында болу.

ІІІ. Ой қорыту кезеңі Сұрақ-жауап


1. Таңертенгілік бой жазу жаттығуларының мақсаты қандай?
а) Оқушылардың күнделікті сабақ үлгерімін арттыру.
ә) Бала ағзасын алдын ала жұмысқа дайындау, оқуға ынтасы мен қабілетін арттыру.
б) Тәулік бойы оқушылардың күші мен шыдамдылығын арттыру. 


2. Қазақстаннан шыққан тұңғыш гимнастикашы қыз кім?
а) Әлия Юсупова ә) Ольга Шишигина б) Мая Манеза

3..Бір қатардан үш қатар құру қалай жүргізіледі?
а) Екінші сандар орнында қалады. Бірінші сандар сол аяқпен бір адым алға басып, оң аяқпен оңға бір адым жасап тұрады Үшінші сандылар сол аяқпен артқа бір адым жасап, оң аяқпен оңға бір адым жасап, екінші сандардың артына тұрады.
ә) Екінші сандар орнында қалады. Бірінші сандылар оң аяқпен алға бір адым басып, сол аяқпен солға бір адым жасап, екінші сандардың алдына келіп тұрады. Үшінші сандылар сол аяқпен артқа бір адым басып, оң аяқпен оңға бір адым жасап екінші сандылардың артына тұрады.
б) Екінші сандар орнында қалады. Бірінші сандылар оң аяқпен артқа бір адым жасап, сол аяқпен солға бір адым басып, екінші сандардың артына тұрады. Үш сандылар сол аяқпен алға бір адым басып, оң аяқпен оңға бір адым жасап екінші сандардың алдына тұрады.


4 Артқа қарай шегіншектей жүгіру кезінде қай иықтан артқа қарау керек?
а) Оң иықтан.ә) Сол иықтан.б)Өзіне ыңғайлы иықтан.в) Оң және сол иықтан кезек кезек.

5. Ағаш аттан секірудің дұрыс кезеңдерін көрсетіп бер.
а)Екпіндей жүгіру, аяқпен серпілу, көпіршені басу, қолмен серпілу, қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу, қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу, жерге қону.
ә) Екпіндей жүгіру, қолмен серпілу, аяқпен серпілу, көпіршені басу, қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу, жерге қону.
б) Екпіндей жүгіру, көпіршене басу, аяқпен серпілу, қолмен серпілу, қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу, жерге қону. 
в) Екпіндей жүгіру, көпіршені басу, аяқпен серпілу, қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу, қолмен серпілу, қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу, жерге қону.

Сергіту ойын: «Үш,он үш, отыз»

Бағалау 1 минут

Үйге тапсырма 1 минут. Биік және аласа кермеге тартылу

Сапқа тұрғызу

Үйге тапсырма беріледі.

Бойымен сапқа тұрады.

Жаттығуларды қайталау.



Өткізген : Ауезов К.С

Тексерген оқу ісі меңгерушісі: Хабай М.









































































































Сабаққа болжамым (рефлексия)

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер


-оқушы алған білімнің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?


-мүмкіндіктер мен уақыт жеткілікті болады ма?

Оқушы алған білімнің деңгейін:

Оқушының белсенділігі, оған деген сенім,бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтарды ашық сұраққа тарту.Топтық жұмыс арқылы оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үрлісіне белсене араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алады.

Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болады.

Бір ескертетін жағдай бүгінгі алған біліммен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын?

(білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

  1. Топтарға бөлу кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізбеймін.

  2. Барлық оқушылар үшін тапсырма бірдей деңгейлі қиындықтар бар.

  3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасайды

Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр баланың өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш саламын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі