Сабақтың басы
15
минут
|
Дайындық бөлімі
Саптық жаттығуларды
орындату
«Оңға», «солға», «кері айнал», бұрылып саппен
жүру,
Жүру жаттығулары:
Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, аяқтың
өкшесімен, табанның ішкі қырымен, табанның сыртқы қырымен
жүру.
Жүгіру жаттығулары:
Екі қолды белге таяп, аяқтарын алға кезек – кезек
сермеп жүгіру.
Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
Тізені алға көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа сермей жүгіру.
Жаттығу орындау барысында ЕББҚ оқушыларға
қолдау көрсетемін. Дем алуға арналған
жаттығулар.
Терең дем алып, қолды жоғары көтеріп аяқтың
ұшымен көтерілу, қолды жанына түсіріп, демді сыртқа шығару. Бір
қатардан 3 немесе 4 қатарға тұрып жаттығу жасату.
Құндылық: тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы
алдындағы жауапкершілікті сезіну туралы әңгіме жүргіземін. (ойын
барысынан мысалдар келтіремін)
Сабақ
тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатын
анықтау
|
Саптық, жүру, жүгіру жаттығуларын
орындайды.
Оқушылар спорт залды айналып жүре отырып тыныс
алуын қалпына келтіру. Қолды жоғары көтере отырып мұрын мен терең
дем алады да, қолды түсіргенде демді ауызбен
шығарады.
|
ҚБ:
«От шашу» бағалауы
|
Ысқырық

|
Сабақтың ортасы
25
минут
|
Негізгі
бөлім
«Гимнастикалық ағаш
аттан секіру» бейнесабақ
көрсетемін. https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM
Дереккөз: Ағаш аттан секіру –
гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең
алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі.
Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп
кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан
басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем
береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру
түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің
жалпы түп негізін құрайды. Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау
техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей. Тіреп секіруді
дұрыс үйрену және оны өз бетінше жетілдіру үшін бұл жаттығуды
орындау кезеңдерін жақсы білу қажет. Тіреп секіру тұтасымен мынадай
кезеңдерден тұрады:
1) Екпіндей жүгіру;
2) Көпіршені басу;
3) Аяқпен серпілу;
4) Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап
ұшу;
5) Қолмен серпілу;
6) Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап
ұшу;
7) Жерге
түсу.
Көпіршені ағаш аттың
алдына қою кезінде мынадай жайттар: екпіндей жүгіріп келу
жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке
алынады.
Гимнастикалық кіші
ағаш аттан секіру жаттығуларын
орындату
Қолды тіреп
секіру
Биіктігі 100-110см ағаш
аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін
келесі дайындық жаттығуларын орындайды: - екі қолмен ағаш аттан
ұстап тұрып, бір орында көпіршеде
секіру;
- екі қолмен ағаш аттан
ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты
екі
жаққа
сермеу;
-
екі қолмен ағаш аттан ұстап
тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне
қою;
- екі қолмен
ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені
ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып
тұру;
-
екі қолмен ағаш аттан
ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың
үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты
қосып секіріп түсу;
-
жүгіріп
келіпгимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары
көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен
қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып
түсу.
Жаттығуларды орындау
барысында ЕББҚ оқушыларға қолдау
көрсетемін.
Құндылық: Басқаларға көмектесуге және әділдік,
мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу туралы әңгіме
жүргіземін.
Жаттығу аяқталған соң
командалар бір-бірінің жұмысына «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара
бағалауы арқылы баға береді.
|
«Гимнастикалық ағаш аттан секіру» бейнесабақ
көреді.
Гимнастикалық кіші ағаш аттан секіру жаттығуларын
орындайды.
Екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында
көпіршеде секіреді.
Екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында
көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермейді.
Екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында
көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне
қояды.
Екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында
көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың
үстіне шығып тұрады.
Бір-бірінің жұмысына «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі арқылы өзара бағалау жүргізеді.
|
Дескрипторлары
-гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу
жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және
сақтайды;
-бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын
қолданады;
-қимыл-қозғалыс
орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің
біліктілік сапасын
түсінеді.
ҚБ «От шашу»
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара
бағалауы
|
Ноутбук
«Гимнастикалық ағаш аттан секіру» бейнесабақ
сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM
Гимнастикалық ағаш ат, көпірше,
матрацтар
Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену
дереккөз сілтемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM
Суреттер


|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Қорытынды
бөлімі
«Конверттегі
сұрақ» әдісі
-Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік
ережелерін сақтауымыз қажет?
ЕББҚ оқушыларға
сұрақтар:
-Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті
сақтау қаншалықты маңызды?
-Тапсырманы орындау кезінде
қандай тактика, стратегияларды
қолдандыңдар?
Кері
байланыс
1.Сәтті шыққаны ....
2.Келесі қадамда нені ескеру
керек?
Оқушылар сабақ бойынша пікір
айтып, кері байланыс береді.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына
байланысты кері байланыс жасайды.
|
Жарайсыңдар!
Тамаша!
Керемет!
Мұқият бол!
Жақсы!
Тағы да ойлан!
|
Сұрақтар
Кері байланыс
|