Материалдар / АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары

АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
743
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары



Тлеукенже Нұрбол Ерболұлы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Горный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.  Мен де ұстазбын.  Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Соның ішінде: компьютер , ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б.

АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?

  • бір қалыптылықты пайдаланбау;

  • деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру;

  • баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру;

  • жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.


АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не ноутбук арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мысалы, информатика пәнінен «Алгоритм ұғымы» тақырыбын өтуде мектеп дегеніміз не, мектептің түрлерін интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды оқушыларға мектеп жайлы қызықты мәліметтер,өз мектебінің тарихы жайлы немесе  бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға,қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.

Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.

Үй тапсырмасын сұрауға не пысықтауға информатика сабақтарында видеосауалдарды пайдаланамын. Қажетті сұрақтарды өзге сынып оқушыларына қойғызып, видеоға жазып аламын да, интербелсенді тақтадан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс пәнге деген қызығушылықты оятары сөзсіз.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып интербелсенді тақтадан презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру қолайлы. Сонымен қатар информатика сабақтарында үлкен тарауды қайталау, қорытындылау мақсатында берілетін тест тапсырмаларына оқушы алдын ала дайындалуы үшін флеш-картаға сақтап беру жолдарын қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет екендігін түсінуге көмектеседі.

Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Қасына фотоаппаратымен репортерді қосамын , бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес қосқаным деп санаймын.






Қорыта келе,  АКТ - ны пайдалану маған не берді?

  • Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;

оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;

  • АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;

  • оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.

  • АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;

  • Тіл байлығын жетілдірді;

  • Жан - жақты ізденушілігін арттырды;

  • Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін  дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ