Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Аквариумдағы балық”

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы:Таным

Оқу қызметі:Экология

Тақырыбы: “Аквариумдағы балық”

Пән аралық байланыс:Сөйлеуді дамыту,сурет салу.

Мақсаты:Аквариум балықтарымен таныстыру.Балықтардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығымен көре білуге үйрету.Балықтың да жанды табиғатқа жататындығы туралы түсінігін кеңейту.Аквариумдағы балықтарға қамқорлық қажет екендігін түсініп,оларды күтіп баптауға тәрбиелеу.Бейнелеу барысында дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелей өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер:аквариум,шыны ыдысқа салынған балықтар,диск, суреттер,теледидар.

Әдіс-тәсіл: сөздік,көрнекілік,сұрақ-жауап,әңгімелеу,жұмбақ,тақпақ.

Билингвальды компонент:балық – рыба, су – вода.

Қызмет

түрлері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

М.қ





















Ұ



























Таңғажа

йып сәті:

Шаттық шеңбері:

Амандасып алайық,

Айнала шеңбер құрайық.

Айқара құшақ ашайық,

Күннің нұрын алайық.

Таза ауаны жұтайық.

Мейірім шоғын алайық,

Жиналған күн шуақты

Қонақтраға шашайық,

Иіліп сәлем салайық.


Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқшанда сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз.


Дөңгеленіп тұрайық

Күнге қолды созайық.

Береке,бірлік болсын деп

Шаттық шеңбер құрайық.


Кім епті”,деген ойын ойнайық,ойнағыларың келе ме?(Ойын шарты түсіндіріледі)

-Балалар,менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?

-Бұл қармақ.

-Қармақпен не істеуге болады?

-Жарайсыңдар!Балалар бұл жай қармақ емес,сиқырлы кармақ.Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?

Балалар қараңдаршы Мирастың қармағына бір балық түсіпті.Ол қандай балық болды екен?

(Магнит) қармақпен балалар бүтіндеп балықтарды аулайды.Аулаған балықтардың аттарын атайды.

-Жарайсыңдар балалар,енді аулаған балықтарына назар аударайықшы,сендер балықтардың аттарын білесіңдер.Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?

Дұрыс айтасыңдар.Негізінде балықтардың түрлері көп.Балалар балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?

-Балықтардың мынау несі?

Басында желбезегі болады(көрсету,түсіндіру)

Желбезегі арқылы дем алады.Балалар адамдар балықтарды не үшін пайдаланады?

Балабақшада бізге “Бесін асы”кезінде балық сорпасын береді,сорпаны тауысып ішуіміз керек.Балықта “Е” дәрумені көп.


Ішке теңіз қарақшысы кіріп келеді,мен балаларды алып кетуге келдім,алып кетпеңіз,балалар ақылды,алғыр,тапқыр,тәртіпті балалар.

-Жарайды.

Менің сиқырлы сандығым бар, оны ашу үшін жұмбағымды шешуі керек.

-Жарайды.

Шаңқ-шуық еткен үні жоқ.

Сусыз үні жоқ.

Жүріп кетсе соңында.

Қалып койған ізі жоқ.

-Жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын,сандық ішінен диск шығады.

Аяғы жоқ,қолы жоқ.

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ қорын тек,

Барша тіршілік құрғайды.

Теңіз қарақшысы қайтады.

Ал енді теледидардан дискні тамашалайық.

Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.

(Сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу)

-Балалар көздеріңізді ашып қарайықшы,суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?

-Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр?

-Бұл шыны ыдыс “Аквариум” деп аталады.Латын тілінде аударған “Су қоймасы” деген мағынаны білдіреді.

-Аквариумдағы балықтар бағана біз аулаған балықтарға ұқсайды ма?

-Балалар аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?

-Мына балықтың түсі қандай?

-Бұл балық “алтын балық” деп аталады.

-Тағы қандай балықтарды көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

(Ақ үстінде қара жолақтары бар)

Бұл гурами деген балық.

-Гурами нешеу?

-Ең кішкентай балықтың түсі қандай екен?

-Бұл моллинезий деп аталатын балық.

Аквариумда тағы не көріп тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар бұлардың барлығы не үшін қажет?

Адамның денсаулығына қажет екен.

-Сонымен қатар балықтар бұтақтардың шөптердің арасына кіріп тығылады,жем іздейді.Аквариум техникалық құралдармен де жаблықталған.Онда суда арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдар қамқорлығында болады.

Балалар қалай ойлайсыңдарбалықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек.

-Дұрыс айтасыңда,әрине тамақ керек.Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз.Балалар балықтар тағы не жейді?

-Жарайсыңдар!Балалар,аквариумдағы балықтар күніне таңертең,кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады,одан артық беруге болмайды.

-Балалар ертегілерде алтын балық адамадардың тілегін орындайды екен.Мүмкін біздіңде тілегімізді орындап қалар.Бізде алтын балыққа тілігімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар?

-Ендеше барлығымыз бір-бірден өз тілегімізді айтып көрейікші.

-Жарайсыңдар,балалар.Ендеше орнымыздан тұрып,осы жақсы тілектерімізді ішкі лебізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші.

-Уф,уф,уф (сергіту сәті)




Балалар орнымызға отырайық.Балықтардың басқа жануарлардан айырмашылығы неде?

Балықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Қармақ салсаң сазанға,

Бар өзенге азанда.

Оңайлықпен сазанның,

Түскісі жоқ қазанға.


Табиғат бұйрығы,

Ол балықтың жүйрігі.

Құйрығы оның сияқты,

Қарлығаштың құйрығы.


Айқайлама,ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.


Саусақ жаттығуын жасайық:

Теңіздегі алыптар,

Ауыздарын ашады,

Кіп-кішкентай балықтар жүзіп жылдам қашады.

Билингвальды компонент:

балық-рыба,су-вода.

-Балалар, келесі тапсырма мынадай:

1-ші орталық балықтарға қабыршақ жабыстырады.

2-ші орталық алтын балыққа дөңгелектеп қиылған сұр түсті қағазды желімдеп жабыстырамыз.

3-ші орталық алдымыздағы аквариумге балықтарды саламыз.

Қауіпсіздік шараларын түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

-Балықтың дене мүшесін ата?

-Балыққа көз не үшін керек?

-Балыққа ауыз не үшін керек?

-Балыққа қанаты мен құйрығы не үшін керек?

-Балыққа желбезегі мен қабыршағы не үшін керек?

-Балалар сендерге аквариум балығы ұнады ма?

-Онда біз нелермен таныстық?

-Қандай балықтарды көрдіңдер?

Балалар сендер оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін көп-көп рахмет.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Үш ортлықтарға бөлініп отырады.

1-ші орталық айтады.







2-ші орталық айтады.






3-ші орталық айтады




Иә


Бұл қармақ.

-балық аулауға



Қане,Мирас келе ғой.



-балалар,бұл шортан балық.

-Табан балық,сазан,ақ балық,

алабұға.



-Суда



-Сопақша

-Басы.

Қайталау,желбезегі.


-Тағам ретінде


-Балалардың жауабы.











Жұмбақ шешуі:

-Балық.





-Су



-Сау болыңыз.

Балалар теледидарға қызыға қарайды.

Балалар көздерін жұмады.




-Балықтарды.

-Шыны.





-Ұқсайды.


-Әртүрлі.

-Қызыл.


-Ақ балық.


-Гурами қайталау.

-Екеу.


-Қара.

Моллинезий қайталау

Тал,шөптер,бақалшықтар,бұтақтар

Әдемілікке









-Тамақ керек.




-Құрттар,жасыл шөптер.







Әрине қалаймыз.


Балалар бір-бірден өз тілектерін айтады.

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын.

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Анамыз бен әкеміз аман болсын.

Балықтар суда жүзе алады.


Иә.

Балалар айтады:

-Мирас




-Заңғар





-Зере






Саусақ жаттығуын жасайды.





Балалар екі тілде қайталайды.


Балалар тапсырмаларды орындайды.










Басы,денесі,құйрығы,қанаты,

желбезегі.

Жан-жағын көру үшін

Тамақ үшін.

Жүзу үшін.

Желбезег і дем алу үшін,қабыршағы денесін жарақаттап алмау үшін.

Балалар жауабы:иә.

-Балықтармен.

-Алтын балық,гурами,моллинезий балығын көрдік.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:балық түрлері, олардың тіршілігі туралы, балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігі.

Игереді: қызылқанатбалығын дәне семсер балығын таниды, ұқсастықтары, аквариумдағы балықтарға адам күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді:балықтарды күтуді, қамқорлықпен қарауды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2018
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі