Тақырып бойынша 30 материал табылды

Аквариумдағы балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл менің ұйымдастырылған ашық оқу қызметім
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ақан ата» ЖШС «Диас» бөбек-жай балалар бақшасы














«Аквариумдағы балықтар»


(«Күншуақ» ортаңғы тобы, ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)





Тәрбиеші:

Искакова Асем Галимжановна










2020жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»


Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылығын,сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу. Балықтың дене мүшелерін құрастыртып,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,ой-қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: балық түрлері слайд, қолдан жасалған аквариумдағы балықтар, түрлі-түсті қағаздар, желім, үлгі суреттер. 

Билингвальды компонент: балық-рыба-fish,су-вода-water.


Сөздік жұмыс: аквариум, желбезек.


Кіріктірілген ҰОҚ-і: жаратылыстану, аппликация, құрастыру.


Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(шеңберге тұрып,қонақтармен үш тілде амандасады)


Балалардың қызметі

Саламатсыздар ма?

-Қайырлы таң!

-Доброе утро!

-Good morning!


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Қар жауады......

Ауа-райын бақылау.


Жарайсыңдар балалар!



Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Бәріміз ойланып, дұрыс жауабын табайық.



Жұмбақ

Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ,

Жүріп кетсе соңында

Қалып қойған ізі жоқ. (Балық)


-Жарайсыңдар, балалар!

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қыметіміздің тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар» деп аталады. Яғни біз бүгін балықтардың түрлері мен олардың тіршілігімен танысамыз.

-Балықтар қайда өмір сүреді?

(Балалардың жауабын толықтыру)

Слайд арқылы балықтар туралы мағлұматтар беру.

Балықтар негізінен суда тіршілік етеді. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады және олардың жүзбе қанаттары болады.Балықтар сусыз өмір сүре алмайды.

Балықтың түрлері өте көп. (суреттер арқылы таныстыру)

-Балықтың қандай пайдасы бар?

(Д дәрумені ......................

-Балықтарды үйде асырауға бола ма?

-Үйде балықтарды қалай асырайды?

Балықтарды үй жағдайында аквариумда асырайды.

-Аквариумдағы балықтарды көрдіңдер ме?

Енді мен сендерге аквариум туралы айтып берейін: Балалар мына шыны ыдыс Аквариум деп аталады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда арнайы жылытып, жарық түсіретін құрал болады. Балықтарға адамдар жем береді. Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз. Аквариум суын аптасына бір рет ауыстырып тұрады.


Билингвальды компонент: балық-рыба-fish,су-вода-water.

Сөздік жұмыс: Балалар бүгінгі жаңа сөздерімізді қайталайықшы. Аквариум, желбезек

Ал сендер балықтар туралы тақпақ білесіңдерме?

Қармақ салсаң қазанға,

Бар өзенге азанда

Оңайлықпен сазанның,

Түскісі жоқ қазанға.


Айқайлама ұрыспа

Тіпті ақырын тыныста

Сазан нағыз сақ балық

Жоламайды дыбысқа



Балық суда жүзеді,
Өте таза жылы су.
Бірде жазылады,
Бірде жиырылады,
Сөйтіп інге тығылады.

Ойын: Балық аулау.

Ойын шартымен таныстыру:

Мұнда аквариум тұр. Оның іші бос екен Оның ішін балыққа толтыру үшін балық аулап, аквариумға салайық.

-Балық аулайтын құрал қалай аталады?

Қармақ-балық аулайтын құрал.


Сергіту сәті:

Достармен бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан біз біргеміз.

Топтық жұмыс:

Бірлесіп, ақылдаса отырып, пішіндерден балықтың бейнесін құрастырайық.


Қорытынды:

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз не білдік?

-Балықтар қайда тіршілік етеді? -Суда тіршілік етеді.

-Балықты үй жағдайында қандай ыдыста асыраймыз. - Шыны ыдыста аквариумда.

-Дұрыс бүгінгі тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендерге көп рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: балықтың теңізде,өзенде,көлде,аквариумде тіршілік ететінін,тірі табиғаттың әсемдігін.

Нені игереді: балықты мүсіндеуді, желіммен жұмыс жасауды

Нені білді: тірі табиғат иесіне күтім жасауды,қамқор бола білуді





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2021
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі