Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы.
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған

Әбу Насыр әл -Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрысынан ойлау стратегиясы,топтық жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, Венн диаграмасы, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: Портреттер, саяси карта, «Сиқырлы балықтар», слайд, кітаптар, суреттер, нақыл сөздер,сызбалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ

- Балалар біз өткен сабағымызда философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, өз дәуірінің көрнекті ақыны, ислам дәуірі әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғұлама – Әбу Насыр әл-Фараби туралы сыр шерткен болатынбыз. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Сондықтан да, еліміздің мәртебесін көтеретін ұл-қыздары өздеріңсіңдер.

Адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол – білім.Әрдайым білімді, тәрбиелі болуға асығыңдар.

Сыныпты математикалық фигуралар(куб, квадрат) арқылы 2 топқа бөліп алайық. 1-топ «Жас ғалымдар». 2-топ «Жас зерттеушілер».

Мұғалім: Отырар Әл - Фараби туған қала,
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да
Дәрігер өз халқына болған шипа.
Осы өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік?
-Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
-Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл - Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, түсіндіру.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы балықтар» ойыны.
- Отырар қаласы орналасқан Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзеніне саяхат жасайық. Арыс өзеніне сиқырлы балықтар бар екен, ол балықтарда сұрақтар жасырылған. Ал, ол балықтарды мына алтын қармақтар арқылы ұстайық. Екі топтың оқушылары өз балықтарын үлестіріп алады.
1-сұрақ: Әбу Насыр әл - Фараби кім?
2-сұрақ: Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірі жайлы әңгімеле.
3-сұрақ: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
4-сұрақ: Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы.
5-сұрақ: Отырар қаласы, ұлы Жібек жолы жайлы не білесің?
6-сұрақ: Әбу Насыр әл - Фараби туралы ой-пікірлер.
7-сұрақ: Әбу Насыр әл – Фарабиді «Шығыстың Аристотелі» деп аталу себебі.
8
-сұрақ: Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?
9-сұрақ: Әбу Насыр әл-Фарабидің медицинаға қосқан үлесі.

10-сұрақ:Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка әлеміне қосқан үлесі.
Жаңа сабақ.

(Туған жер, туған ел туралы слайд көрсетіледі).
Бүгінгі өтетін сабағымызда Әбу Насыр Әл- Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңімен танысамыз.
Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады.

Өлең жолдарын оқып, мазмұнымен таныстыру.

Мұғалім: Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады. Бұл өлеңнің тақырыбы Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі. Идеясы: Ақынның айтар ойы мен мақсаты. туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген.
Дәптермен жұмыс. Өлеңдерге талдау жүргізу

1-топ: Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Танда адал дос теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

2-топ: Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

0, Жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Келесі тапсырма 2 топқа екі ақынның өлең жолдары беріледі. Сендер бірлесе отырып, осы өлең жолдарын құрастырып және қайсы ақынның туындысы екенін табуларың қажет.ендеше іске сәт!

Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға

О шеті мен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? (Қ. Аманжолов)

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым.

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан сүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың. (Ә. Сәрсенбаев)

- Енді, осы Фараби аталарыңның өздерің білетін бір-екі өлеңін тыңдайық.

1-оқушы: Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мәңгілік.

Бейопа мына заманда,

Бақұл боп кетер одан да.

Жұрт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

2-оқушы: Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған адам.

Мен жатырмын ұйқыда жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

3-оқушы: Тіршілікте құрыштай бол төзімді

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

4-оқушы: Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

- Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі – өнер - білімге, бірі - байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине, өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздерін ұсынамыз.

1.Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыттың мәні – парасаттылыққа, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқтық рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

2. Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбің тіршілікті ойламауы қажет. Шын білім – ақиқат, анық білім.

3. Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Шыншылдық адалдықпен ағалас. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

4.Мінез – жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады. 

5. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің

қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.  Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. 

6. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.

7.Сұлу саз жан сергітеді. Тән ауырса – жан да ауырады. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.

8.Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.

Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.

Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді

Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.

Сабақты қорытындылау

Әрине балалар, Әбу Насыр әл - Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше топ басшылары шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл - Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындасын.
1-топ: Әбу Насыр әл - Фарабидің ерекшелігін.
2-топ: Абайдың ерекшелігін.(топбасшылар шығып қорғайды).
1-топ: - Екі ұлы ойшыл ұстаздың сөз саптауларындағы негізгі ерекшелік –

әл- Фараби жалпыға арнай теориялық жолмен толықтап айтса, Абай «қалың елі қазағының» ыңғайына лайықтап, келте қайырып, қысқа да нұсқа айтты.Бірі ғалым-философ тұрғысынан пайымдаса, бірі ақын-эстет ретінде ой толғайды. Бірақ та олардың көздеген мақсат-мұратында бәлендей алшақтық жоқ, көксегендері – адамның жақсы қасиеттерін, мінез-құлықтарын онан сайын асырып, жаманын жөндеу, осы арқылы оны шын бақытқа жеткізу.

2-топ: Абай әл Фараби атасы сияқты поэтика, өлең түзілісі туралы трактат жабаған.Алайда оның көптеген өлең жолдары ұлы ойшыл ақынның шынайы поэзиясына ерекше мән бергендегін куәлендіреді.

1-топ: Әл-Фараби де, Абай да – ең әуелі ұстаз, ағартушылар, олардың бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған.

2-топ: Абай мен әл-Фарабидің педагогикалық жүйелерінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бірін-бірі толықтырушы, ажырамас диалектикалық бірлікте қабыса қарастырылады.

1-топ: Абай мен әл-Фарабиді өте жақын жалғастырып, етене жақындастыратын бір көпір – олардың діни-философиялық көзқарастары.

Мұғалім: Сонымен балалар, Әбу Насыр әл- Фараби қандай ғылымдармен айналысты? (музыка, математика, логика, астрономия, философия, әдебиеттану).

-Балалар, Әл - Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар.
Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
Үйге тапсырма.
Әбу Насыр әл-Фарабидің өлеңін мәнерлеп оқу,сатылай кешенді талдау.
Екі топты бағалау




















«Қашықтасың, туған жер - қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен, жанарым талды менің,

Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмәй жылдарым жәтыр әғып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

0, Жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.





Өрге жүз өнегелі ісімен, 1 шумақ

Танда адал дос теңіңнің ішінен. 4 тармақ

Жүргендер көп достық атын малданып, 8 бунақ

Алайда тек қалма оған алданып. 11 буынды





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12