Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – болашақ көшбасшылардың ордасы
Бүгінгі заман – сапалы білім мен инновациялық ойлаудың дәуірі. Осы тұста Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) өзінің озық білім беру жүйесімен, заманауи инфрақұрылымымен және жас ұрпаққа ашып отырған шексіз мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Университеттің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, елінің дамуына үлес қоса алатын жаңа буын мамандарын тәрбиелеу.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның ең алғашқы ұлттық университеті. Ол 1934 жылдан бері сапалы білім берудің алтын діңгегі ретінде қызмет етіп келеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің үздік 200 университетінің қатарына еніп, халықаралық QS рейтингінде беделді орындарға ие. Бұл – университет ұжымының ғылыми-инновациялық қызметі мен стратегиялық даму жоспарларының жемісі.
ҚазҰУ 500-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз серіктестік орнатқан. Германия, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия сынды алдыңғы қатарлы елдердің университеттерімен бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Бұл өз кезегінде білім алушыларға академиялық ұтқырлық, қос диплом алу және әлемдік деңгейдегі тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді. Білім алушылар арасында халықаралық қатынас пен тәжірибе алмасудың маңызы зор. ҚазҰУ осы арқылы әлемдік білім мен ғылымда өзіндік орны бар жоғары оқу орны ретінде танылуда.
ҚазҰУ білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған. Оқу үдерісінің интерактивті жүйесі, электронды кітапхана, ашық зертханалар, стартап-инкубаторлар – осының барлығы болашақ маманның жан-жақты дамуына жол ашады. Сонымен қатар, студенттік өмірдің белсенділігі – мәдени, спорттық, шығармашылық бағыттағы үйірмелер мен ұйымдардың жұмысымен де көрініс табады. Бұл білім алушылардың тек академиялық біліммен ғана емес, тұлғалық дамумен де айналысуына мүмкіндік береді.
Университетте әлеуметтік қолдау жүйесі де жақсы дамыған. Жоғары үлгерім көрсеткен білім алушылар мемлекеттік және атаулы стипендиялармен марапатталады. Аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардан шыққан жастарға жатақханадан орын, тегін курстар мен жеңілдіктер қарастырылған. ҚазҰУ өз студенттерін әлеуметтік тұрғыда қолдай отырып, олардың білім алуына және тұлғалық дамуына қажетті барлық жағдайды жасауға ұмтылады.
Мен ҚазҰУ-дың Іргелі және қолданбалы математика мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бұл мамандық – қазіргі ғылым мен техниканың негізін құрайтын аса маңызды бағыттардың бірі. Іргелі математика – әлемнің терең заңдылықтарын тануға бағытталған, ал қолданбалы математика – сол заңдылықтарды нақты мәселелерді шешуге қолданатын ғылым.
Университетіміз осы салада заманауи білім берумен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізуге зор мүмкіндік береді. Біз математикалық модельдеу, сандық әдістер, жасанды интеллект негіздері, деректерді өңдеу секілді заманауи тақырыптармен жұмыс істейміз. Оқу барысында алынған білім тек теориялық тұрғыда ғана емес, нақты салаларда – экономикада, техникада, медицинада, ІТ индустриясында қолданыс табады. Математика ғылымы осы күндері экономикалық тиімділік, өнеркәсіптік даму, жаңа технологияларды жасау үшін қажетті құралдарға айналды. Біздің біліміміз өзімізді ғана емес, еліміздің және әлемнің дамуына да ықпал етеді.
Университет мен үшін тек білім ордасы емес, тұлға ретінде қалыптасудың мектебі. ҚазҰУ-да басқарушылық өзара әрекеттегі тұлға ретінде дамуға бағытталған арнайы тренингтер, практикалық курстар, жобалық жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Біз шешім қабылдау, командамен жұмыс жасау, жауапкершілік алу секілді маңызды дағдыларды тәжірибе арқылы меңгереміз. Бұл дағдылар тек университет қабырғасында ғана емес, болашақта жұмыс әлемінде де маңызды рөл атқарады.
Математика саласында ғана емес, басқару, ұйымдастыру, аналитика сияқты бағыттарда да білімімізді шыңдаймыз. Бұл – мені болашақта кәсіби салада ғана емес, қоғамда белсенді, ойлы, көшбасшы азамат ретінде қалыптастыруға үлкен әсер етеді. ҚазҰУ-да білім алу арқылы мен болашақта тек өз мамандығымда ғана емес, басқару және ұйымдастыру бағытында да тиімді шешімдер қабылдай алатын, жоғары деңгейдегі сарапшы болуға дайын боламын.
Қорытындылай келе, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл тек білім ордасы емес, бұл – арман мен мақсат тоғысқан кеңістік. Мұнда әр білім алушы өз жолын таба алады: ғылымға, шығармашылыққа, басқаруға, инновацияға. Университеттің жаңашыл бағыты мен терең дәстүрі ұштасып, сапалы білім мен ұлттық рухты қатар дамытады.
ҚазҰУ-да оқу – бұл тек маман болу емес, бұл – үлкен өмірге, үлкен ойларға алғашқы қадам. Ал менің бұл жолдағы серігім – сенімді, беделді, әлемдік деңгейдегі университет.
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Абдырахимов Н.Т.
«Іргелі және қолданбалы математика» мамандығының
1-курс магистранты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз