400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби айтуы бойынша, қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Жеке адамның қайырымдылығы мінез-құлқына әрі тәрбиесіне байланысты. Адам баласынан рухани өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Әл-Фараби философиясындағы зерделенген адамның тұлғалық қасиеттерін, болмысын тарих қатпарынаан аршып алатын басты құндылығы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ



Шымкент қаласы №28 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмайлова Уркия Курбантаевна



Біз өмір сүріп отрыған заманда адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Адамгершілік адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық – адамның материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген адам мен адамзат өмірінің рухтық – сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік рекеті. Бұл мәселелер қай кезде де құндылығын жоймаған, керісінше, уақыт озған сайын арта түспек.

Осы ретте, біз қарастырғалы отырған Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде белгілі бір мемлекетті қала ретінде қарастыра отырып, қаланың бірнеше түрлеріне сипаттама береді. Оларды біріктіретін жалпы белгі – адамдардың қауымдасып, өмір сүруі және бірінші басшымен басқарылуы. Әл-Фараби адамдар қоғамы туралы ілімінің Платон іліміндегіндей философиялық мәселелермен байланыстырып зерттейді. Ол қоғам құрылымын суреттемес бұрын, жалпы дүние құрылымына тоқталады. Әл-Фараби жер бетіндегі адам қызметінің маңыздылығын ғаламдық заттардың пайда болуындағы бірінші себептің атқаратын рөлімен теңестіреді.

Қайырымдылығы жоқ болған жағдайда ғана қоғам болашақ ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды. Мұндай жағдайда тарихтың бойындағы руғани дүниелерді кейінгі ұрпаққа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Сондықтан өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі оның мәдениеті, әлеуметтік ортада адам бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттердің орын алуымен көрініс табады. Әл-Фараби айтп кеткендей, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік асқақтата отырып, рухани құндылықтарды сақтай алады.

«Қайырымды қала тұрғындағын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын матириядан азат етеді»[1]. Адам баласы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық тұрғыда байланыспай тұра алмайды. Осыған сәйкес ата-бабамыз Отанына, мемлекет мүддесіне, болашақ ұрпақ мүддесіне абыройлы қызмет ететін тарихты қалыптастыраған.

Әл-Фараби айтуы бойынша, қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Жеке адамның қайырымдылығы мінез-құлқына әрі тәрбиесіне байланысты. Адам баласынан рухани өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Әл-Фараби философиясындағы зерделенген адамның тұлғалық қасиеттерін, болмысын тарих қатпарынаан аршып алатын басты құндылық. Адам баласының игілігіне қызмет ететін, өзінің төл мәдениеті мен құндылықтарын дәріптейтін, сақтайтын кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, қоршаған ортаны құрметтеуді үйрете білетін құндылықтарын кейінгі жастарға ұлықтай алатын ел адамдары ғана қайырымды мемлекетті құра алады. Мемлекеттің қайырымдылығы адамның рухани байлығында, барлық қоғамдық сана түрлерін (дін, білім, тарих, мәдениет, ғылым т.б.) сақтай алған, оның қызметін ұқыпты түрде бойындағы адамгершілік қасиеті арқылы мемлекетті қайырымды мемлекет (қала) деңгейіне көтереді.

Ел, халық, ұрпақ үшін ақылды, білікті, сауатты, төзімді болу. Байлығымен күшіне сенген мемлекет жайында Әл-Фараби, «...олар былай деп ұйғарған: қала біткен бір-бірімен күресіп, жауласуға тиіс, бұл қалалардың ешқандай дәрежесі жоқ, бұларда еш бір тәртіпте жоқ және бұл жерде басқаларға қарағанда сый-құрметке немесе тағы бір артықшылыққа жалғыз өзі лайық келетін ешкім де жоқ. Олардың ұйғаруынша, әрбірі өз қолындағы игіліктің бәрін емін-еркін пайдаланып, өзіне пайдалы нәрсе үшін басқаға қарсы күресуге тиіс, сөйтіп өз дұшпанының бәрін жеңіп шыққан адам – ең бақытты адам. Осының бәрі қалада надан қалаларға тән көптеген көзқарастың тууына себепкер болады»[1]. Сондықтан, Әл-Фарабидің жетік адам басқарған мінсіз қайырымды қоғам {«әл-мадина, әл-фадина»} құру туралы көтерген мәселесі әрқашан өзекті.

Қайырымды қаланың тілі не діні, мәдениеті, не өркениеті сан-саққа соқпайды. Қайырымды қаланың мүшелерін ортақтастыратын белгі біреу - қоғам мүшелерінің ортақ мақсаты жолында жетілуге ұмтылу. Бақытқа жету жолында «қайырымдылық» нормаларына сәйкес бір бірін қолдап отыру – қайырымды қаланың өзіндік ұстанымы.

Бақытқа жетудің басты шарттарының бірі адамның ақылдылығы болып табылады. Ақыл мен қайырымдылыққа ие болған адам бүкіл дүниенің көркі іспеттес. Мәселен, бұл Асанның қолы жетпейтін арманы емес, ол бақытты дүниенің көркі дегенде оны ұшқыр қиялмен, ойының ауқымдылығымен қамтып отыр. Бұл орайда әйгілі Платон: «...философия пайымдаумен, ақылмен, ойлаумен шектеліп қоймайды. Филосфия қиялға да беріліп отырады, қиялдау арқылы философия өмірде әзірге жоқ, бірақ болуға тиісті нәрселердің, қатынастардың тұтас бір жүйесін құрады» деп көрсеткен [3].

Адамды бақытты ету Асан ой-толғауында әрбір адам ақырын басып, ойлана сөйлеп, толғана білуі керек. Адамның өзіндік жетілуі ең жоғары моральға апаратын жол. Адам тек сол әдет-ғұрыпты жетілдірудің арқасында ғана мәнді өмірге жете алады. Бұл Асанның өз заманына тән бақытқа жетудің әдіс-намасы болатын. Оның қоғамға деген көзқарасының білікті өзегіне айналған халқына деген зор сүйіспеншілік, парасаттылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері өсіп-өркендей келе, салауатты да зерделі көрініс береді. Ал Әл-Фарабидің адамгершілік ілімінің негізгі бағыты «адам бақыты деген не және оған қалай жетуге болады?»деген сауалдар төңірегінде қарастырылады. Әл-Фараби: «Адам бақытының шыңына жету үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді» деп қортынды ой түйген [2].

Дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы энциклопедиялық білім иесі Әл-Фарабидің «Бақытқа жету жолында барлық халықтар бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген сөзі дәл бүгінгі жаһандану заманына қатысты айтылған секілді [4]. Бұл көрегенділікпен айтылған сөз қазіргі кезде жастарды этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу.

Әл-Фарабидің әлеуметтік танымның өзегі – қайырымды қала құру мұраты әдептілік, әділеттік және қала тұрғындарының жалпы игілікке жету жолына негізделген.

Қортыта айтқанда, Әл-Фараби шығармаларының бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себеп тигізетінін мойындауымыз керек. Заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері артып, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра. Өз кезегінде жеке тұлғаның бойында рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, өзін-өзі тану үдерісінде жақсы адамды тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық тарктаттар. Алматы: Ғылым, 1975ж.

  2. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы, Саясаттану сериясы, №1 (36). 2011

  3. Лосев А. Философиялық энциклопедия. Москва 1967г.

  4. Сатыбекова С.К. Гуманизм Ал-Фараби. Алматы: Ғылым, 1975ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі