жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алаш ардагерлерінің сүйген жары - адал, қайсар махаббат иелері
Шығарма
Алаш Ардагерлерінің сүйген жары – адал, қайсар махаббат иелері
Жоспар
Кіріспе. «Өткенді білмей, келешекке жету мүмкін емес»
Негізгі бөлім:
а) Алаш қозғалысының тарихы туралы;
ә) 1931 жылы басталған Кеңес үкіметінің қаскүнем саясаты;
б) 1937 жыл. Сәкен Сейфуллиннің тұтқындалуы;
в) Гулбаһрамның қазақтың аяулы азаматы Сәкенмен қоштасуы.
Қорытынды.
Қазақ зиялылары әйелдерінің ел тарихынан, жастар тәрбиесінен алатын орны.
«Өткенді білмей, келешекке жету мүмкін емес»
Әл-Фараби
Тәуелсіздік - мыңдаған
жылдарда бір келетін бақ. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
демократиялық, зайырлы, құқықтық, өркениетті елге айналып келеді.
Жиырма төрт жылдық уақыт ішінде біршама тарихи беттерді парақтадық.
Өткеніміз түгелденді, бүгініміз байыпталды, ертеңіміз айқындалды,
шекерамыз анықталды, абыройымыз асқақтады. Күн сайын жарқын
келешекке деген сеніміміз арта түсуде. Бақытты келешекке қарай
жылжып келе жатқан тарих көшінде азаттығымызды баянды етіп ұстап
қалуымыз керек. Сол үшін тәуелсіздіктің бізге қалай келгенін, сол
үшін қандай асылдарымызды, арыстарымызды жоғалқанымызды есте
сақтағанымыз абзал.
«Өткенді білмей келешекке жету мүмкін емес» деген аталы сөз бар.
Тәуелсіздік - біз үшін мыңжылдық шайқастардың жемісі. Арғысын қоя
тұрып, ХХ ғасырдың бас кезінде тәуелсіздік үшін бастарын ажалға
тіккен Алаш Ардагерлерінің әдебиет тарихынан, ел тарихынан алатын
орны туралы айтайық. Бүгінгі таңда Отандық ғылымда Алаш тақырыбы
біршама игерілді. Десек те, әдебиет тарихында бұл тақырып
тәуелсіздік талаптары тұрғысынан жан-жақты қайта қарастыруды қажет
етеді. ХХ ғасырдың бас кезінде Ә.Бөкейханов бастаған ұлт
қайраткерлері идеясы Алаш қозғалысы идеясының темірқазығы болды.
Алаш қозғалысы біреулер айтып жүргендей 1917 жылы пайда болған жоқ.
Ғылымда мұның пайда болу туралы сан алуан пікір бар. Яғни, 1- Алаш
қозғалысы 1902 -1903 ж.ж.
Ресей империясының христиандандыруға қарсы қозғалыснан, 2 – қозғалыс Қарқаралы петициясынан, 3- қозғалыс 1917 жылы Ақпан төңкерісінен басталады. Үш кезеңнен тұратын Алаш қозғалысы туралы айтылған соңғы пікірлер шындыққа жанасады. Ал енді негізгі тақырыпқа көшейік. Алаш Ардагерлерін ардақтаймыз, есімдерін құрметпен атап жүрміз. Ал олардың сүйген жарлары жайлы, сонау қаралы күндер мен түнедерде тағдырдың ащы азабын бірге тартқан өмірінің соңына дейін Арыстарымызға адал жар бола білген өазақ әйел-қыздары туралы не білеміз? Бұл туралы мектеп оқулыларының қол жететін әдебиет оқулықтарында ештеңе айтылмайды.
1825 жыл. Ресей патшасына қарсы шыққан декабристер Сібірге айдалып кеткенде оларды сүйген жары сол итжеккенге іздеп барып, өмірлерін ерлерімен бірге өткізген. Тағдырдың тауқыметін бірге тартқан. Бұл туралы орыс қаламгерлері аянбай жазды, фильмдер ге түсірілді.
1937 жылы басталған зұлматты жылдарда жазықсыз жалаға ұшыраған арыстарымыздың сүйген жарларының өмірі орыс декабрист әйелдерінің өмірінен кем түскен емес. Батырлар жырында Қобыландының Құртқасы, Алпамыстың Гүлбаршыны қайсар, айлалы, адал болып, батырға сай дәріптеледі. Алаш Ардагерлерінің сүйген жары, олардың өнегелі өмірі туралы мектеп оқушысы неге білмеуі керек. Мағжан Жұмабаевтың жары – Зылиха, Сәкен Сейфуллиннің құдай қосқан қосағы - Гулбаһрам орыс декабрист әйелдерінен кем азап тартқан жоқ. Қазақтың өз алдына еңселі ел болуын ойлаған, сол мақсат үшін күрескен
халқымыздың озық ойлы азаматтары 30 жылдардан бастап «контреволюционер», «ұлтшыл», «халық жауы» деген жаламен айыпталды, сотталды, айдалды, атылды. Осылайша Алаш тақырыбы ресми түрде жабылды. Қасқана жабылған қара күйеге құрметті ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімі1958 жылы 22 ақпанда ақталды. Осы кезге дейін Г.Батырбекқызы осы уақытқа дейін өлшеусіз азап шегіп, өрлік пен ерліктің, адалдықтың шыңына шығып, өзінің қайсар махаббат иесі екендігін көрсетті.
1937 жыл. Небір жайсаңдар мен жампоздар тұтқындалып жатты. Іштей үрейленіп үнсіз жүрген Сәкенді Гүлбаһрам «Іштей уайымға салына бермей басыңды көтеріп жүр.» - деп жұбатып қояды. 24 қыркүйек күні қара құзғынға мінген екі жендет келіп, Сәкенді тұтқындап әкетеді. Үйдің ойран ботқасын шығарып, Сәкеннің қолжазба кітаптарын алып кетуге ыңғайланды. Сол сәтте Гүлбаһрам жендеттердің тінтуге байланысты жазылған хаттамасын алып қалады. Жауыздармен арпалысып жүріп, қолында кішкентай Аяны бар, ерінің қолында қолжазба кітаптарын, азғана ақшасын тығып үлгереді. Сол Сәкеннен қалған қолжазбаларды көз қарашығындай сақтап, сүйген жары, сүйікті Сәкенін қайта тірілтті. Сәкен түрмеге кеткен соң оның пәтерін жазушы Қ. Әбдіқадыровке, автокөлігін Ж.Жабаевқа берді. Кішкентай ұлын алып үйден шығып кетеді. Жас нәрестесімен далада жүріп ұлы Аянды суықтатып алды. Нәресте поезд үстінде көз жұмды. Ұлынан, қызынан айрылып қалған Гүлбаһрам Сәкенді бір
көріп қалуға бел байлады. Әбден түрме табалдырығын тоздырып, ардақты азаматын көрді. Алайда оны көргенде есінен танып қала жаздады. Кеңес жендеттері Сәкеннің тістерін, әдемі мұртын, тырнақтарын қысқышпен жұлып тастаған екен. Бұл туралы Г. Батырбекқызы былай деп жазып қалдырған. «1938 жылы тергеу біткен кезде әр есікті бір қағып жылап жүрген кезінде Сәкенді кездестірдім. Бұдан оны көрмей-ақ қойғаным жақсы еді. Алдында Сәкенге пошымы сәл – сәл ұқсайтын, жанары шүңірейген, тісі түгел опырылып, аузының ішінде тек тілі ойнақтаған, тергеуден, тепкілеп жауап алудан әбден қажыған тірі аруақ тұрды.» - деп қазақ ұлтының маңдай алды перзенті, өмірлік жолдасын соңғы рет осылай көріп қалғанын жазды. Арада 15-20 күндей өткенде Сәкен қазақтың нар тұлғалы ұлдарымен бірге атылып кеткен-ді.
Сәкен Сейфуллин мұражайында сақталған бұйым, қолжазба, тарихи деректердің көз қарашығындай сақтап жеткізген Гүлбаһрамның ісі – көзсіз ерлік, аналық қайсарлық, ерлік пен өрліктің символы. Ондай сүйген жарға, асыл азаматқа өмірін арнаған қайсар махаббат иесі Сәкен есімімен қатар аталуға әбден лайық. Осындай аяулы апаларымыздың бірі І.Жансүгіровтың, М.Жұмабаевтың өмірлік жолдастары. М.Жұмабаевтың жары Зылиха апамыз Мағжан қапас түрмеде жатқанда 14 рет Карелияға қақаған аяздар мен аптап ыстықтарда өз қосағының артынан барып отырған. Мағжан түрмеде жазған өлеңдерін, шығармаларын сенімді серігі Зылиха арқылы газет беттерінде жариялап отырған.
Мен Алаш тақырыбындағы қазақ қыздарының жанқиярлығы, табандылығы туралы ізденісімді қорытындылай келе бұл тақырыпты әлі де тереңірек зерделей түсуіміз керектігін түсіндім. Өйткені бұл тақырыптың жастар тәрбиесіндегі мәні орасан деп білемін. Біріншіден, қазақ қыздарының берік те қайсар махаббат иелері екендігін танытатын Алаш зиялылары сүйген жарларының есімдерін жаңғыртып отырсақ, тәуелсіздік туралы қасиетті ұғымның тереңдей түсетіні, тәуелсіздігіміздің баянды болатыны анық.
Екіншіден, бүгінгі қоғамымызда жан ауыртатын, жүрек сыздататын көкек аналар мен тастанды балалар, үйленіп оңай ғана ажырасып кете салатын отбасылар мәселесінде өз шаңырақтарын сақтап қалу үшін аналық қайсарлық пен пәк махаббат иесі екендіктерін танытқан Алаш Ардагерлерінің сүйген жарларының тамаша өнеге бола алытындығы сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген