Материалдар / Алаш Конституциясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алаш Конституциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Конституциясы –батыс конституциялық құқықтың ең үздік дәстүрлерін бойына сіңіріп,либерализмнің басты принциптерін қамти отырып,қазақ халқының тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресінің заңды нәтижесі.Біздің бүгінгі конституциямыз кезінде Алаш салып кеткен жолды жіліктеп,жан-жақты қамтыған деп айтуға болады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып:Алаш Конституциясы

Аннотация

Қазақстан Конституциясы –батыс конституциялық құқықтың ең үздік дәстүрлерін бойына сіңіріп,либерализмнің басты принциптерін қамти отырып,қазақ халқының тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресінің заңды нәтижесі.Біздің бүгінгі конституциямыз кезінде Алаш салып кеткен жолды жіліктеп,жан-жақты қамтыған деп айтуға болады.

Кілт сөздер:Конституция,тәуелсіздік,сьезд,нормативті акті,автономия,заң,саяси партия,құқықтық құжаттар,демократия,федерация

Ключевые слова: Конституция,независимость,съезд,нормативный акт,автономия,закон,политическая партия,законные документы,демократия,федерация

Keywords: constitution, independence, congress, regulatory act, autonomy, law, political party, legal documents, democracy, federation

Қазақ даласында дүниеге келген «Қасым ханның қасқа жолы»,«Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі конституциясының сонау жылдары қаланған іргетасы іспеттес.Қазақ хандары жолға қойған бұл жарғыларды дала конституциясы санасақ,оның «баптарының» сөз бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, дау-дамайды бір ауыз кесімді сөз,кесікті шешіммен реттеп отырған билер институты,ақсақалдардың қалай таратып,жөнге салғанына тарихтан көп мысал тартуға болады.Осының бәрінде демократиялық принциптегі Конституциялық негіз болмады деп кім айта алады.Ал одан кейінгі қазақ басындағы жағдайға келсек,үш ғасырдай мемлекеттіктен айырылған кезеңде басқаның саяси үрдісіндегі бағытпен кеттік.Алайда XX ғасыр басында ұлттық тәуелсіздікті ту етіп ұстанған Алаш қайраткерлері дербес конституция әзірлегені белгілі.Ол қалың жұртшылыққа “Алаш” партиясының бағдарламасы ретінде ғана танылған болатын.Қазіргі кезде сол бағдарлама ҚР Конституциясына арқау болып отыр.Жалпы «Алаш» партиясы және сол Алашорда өкіметінің нақты конституциясы болдыма? Қазіргі ҚР Конституциясымен ұқсастығы қандай ? Осы сұраққа жауап беретін болсақ:

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі –Алаш партиясының құрылуы,оның тарихи негіздері,саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны.Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарынан бастап қолға алған еді.Алаш партиясы- Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған.Ол өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып,съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырылған болатын.Алаш саяси партия ретінде 1917 жылғы күз бен қыс айларында қалыптаса бастады.21-28 шілдеде өткен бірінші жалпықазақ съезінен кейін Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында оның бөлімшелері мен комитеттерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.[5.144б] XX ғасыр басында қазақ зиялылары,ұлт қайраткерлері Қазақ елін өз алдына дербес мемлекетке айналдырудың немесе болашақ мемлекеттің негіздерін қалыптастырудың бірнеше жолын қарастырады.Бұндағы бірінші бағыт - қоғамды ағарту.Білім арқылы ұлт көзін ашу,сосын баспасөз арқылы тәрбиелеу,халықты жаңа қоғам мүшелігіне даярлау.Осы кезенде міселенің осылай көтерілуі іске аспайтын немесе құрғақ қиялдан туған жайт емес еді.Өйткені,Қазақ елі қарап тұрған Ресей империясы қанша дегенмен еуропалық жаңашылдыққа,батыстан ағылып жатқан жаңалықтарға қарай бой түзеп келе жатқан-ды.[4.16-17 б] Осындай тарихи жағдайлардың барлығы еліміздің алға қарай ұмтылуына үлкен әсерін тигізген болатын.Қазақ халқы көптеген ауыр жағдайларды басынан өткізіп қазіргі Тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жеткені белгілі. 1991ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.Бұл күн біздің Республиканың тәуелсіздігін есептеудің басы болып қалыптасты.Осы сәттен бастап жаңа,егеменді мемлекет –Қазақстан Республикасының заңды негізін қалаған бірқатар құқықтық актілер қабылданды.Негізгі құқықтық құжаттар 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.Ол республикада тәуелсіздік жылдары қабылданған конституциялық заңдардың негізгі ережелерін жинақтады.[2.5 б]

Қазақстан Республикасының Конституциясы-демократиялық,өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі,басты нормативтік актісі.Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрлысты,оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді.Онда адамдар мен азаматтардың,мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың коституциялық мәртебесі бекітіледі.Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес,сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады.Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.[2.32 б] Тәуелсіздік алғанан кейінгі еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда XII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында қабылданды.Ол кіріспеден,4 бөлім,21 тарау және 131 баптан тұрады.Алайда бұл Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қайта қабылданды.Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылды,билік тармақтарынан жоғары тұрды.Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келді.Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.Конституция 9 тараудан және 98 баптан тұрады.Қазіргі таңда бастапқы кезден бері көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізген.Еліміздің Конституциясы былайша басталады:

Біз,ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халық,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілк азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз. [3.3-40 б]

Конституцияның жалпы құрылымы:I бөлім.Жалпы ережелер;II бөлім.Адам және Азамат;III бөлім.Президент;IV бөлім.Парламент; V бөлім.Үкімет;VI бөлім.Конституциялық Кеңес;VII бөлім.Соттар және Сот төрелігі;VIII бөлім.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;IX бөлім.Қортынды және өтпелі ережелер [3.3-40 б]

Еліміздің дәл осы жаңа конституциялық заңдарының қалыптасуына жоғарыда айтып өткеніміздей Алаш партиясының бағдарламасы да өз әсерін тигізген болатын.Тарихшылар XX ғасырдағы Алаш конституциясы туралы көптеген пікірлер айтуда.Рас тарихшы қауымның біршама бөлігі «Алаш Конституциясы бар»деп айтады.Бұл 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алша» партиясының бағдарламасы.Рас,мұнда «жоба» деп көрсетілген.Алаш бағдарламасын Алашорданың Конституциясы деуімізге себеп - әр ұлттың мемлекет құруының өзіндік ерекшеліктері болады.Бұған қатысты құжаттарды да бір трафаретке салуға келмейді.Мемлекеттілік құрылымын көрсететін бұл бағдарлама нағыз конституциялық мәндегі,сипаттағы құжат.Алайда,оны конституция деп қабылдайтындар да бар.Өйткені, «ол маңдайында жазылып тұрған жоқ қой» делінеді.[4.14 б]Алаш партиясының бағдарламасы Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде,“Қазақ”газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251-санында жарияланды.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешеімдеріне сәйкес Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Елдес Ғұмаров,Есенғали Тұрмұхаметов,Ғабдулхамит Жүндібаев,Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия программасының жобасы он баптан тұрады.Олардың ең маңыздылары мыналар:

I.Мемлекет қалпы.

Россия демократическая ,федеративная республика болу.(Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі.Федерация мағынасы- құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек,ынтымағы бір болады.Һәр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді .)

Үкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылғы сайланатын президент болу.Президент халықты министрлер арқылы бағу,ол министрлер учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу.

Депутаттар тегіс,тең,төте,һәм хуфия сайлаумен болады.Сайлау хақында қан,дін,еркек-әйел талғаусыз болады.

Законды жалғыз ғана Г.Дума шығаруы һәм.Г.Дума хүкмет үстінен қарап,іс тексеруі,запрос (сұрау) жасау хақы да Г.Думада болады.Мемлекет салығы Г.Думада салынбау.

Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек,Алаш партиясы мемлекеттік құрлыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын,оған мүше болған әрбір субъект (“құрдас мемлекеттер”) өзінің егемендік құқы бар (“іргесі бөлек”) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда “ынтымағы бір ” болуын талап етті.

II. Жергілікті бостандық.

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып,өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болуы.Реті келсе,қазақ автономиясы сыбайлас жұрттар мен әзірге бірлесе болуы,реті келмесе,бірден-ақ өз алдына жеке болуы. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алуы.

Алаш” партиясы қазақтың би,болыс ауылнайлары сияқты орындарында қызымет ететін адамдар жұртқа пайдалы,жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид (?) қылады.Земстволардың управаларында,милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

Алаш” партиясы ғаділдікке жақ,нашарларға жолдас,жебірлерге жау болады.Күш-қуатын игілік жолына жұмсап,жұрт тарқы ету жағына бастайды.

Алаш программасы жобасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған:б і р і н ш і- Россия Федеративтік мемлекеттің құрамдас бөлігі (“ағзасы”) болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге игілік етеді (“қазақ жүрген облыстарды байланыстырады”.) және тең құқықтық федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады (“бірденақ өз алдына жеке болады”);е к і н ш і – өзінің нақтылық саяси қызыметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерде басшылыққа алып, әділетке жақ,зорлыққа қас болды.

III. Негізгі құқық.

Россия республикасында дінге,қанға қарамай,еркек,әйел демей адам баласы тең болу.

Жиылыс жасауға,қауым ашуға жария сөйлерге,газет шығаруға,кітап бастыруға –еркіншілік;хұқымет қызметшілері,иесінен рұқсатсыз,һеш кім табалдырығын аттаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай,тұтқын қылмаушылық;қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жаба (?) судья хүкімі мен жабылуы.

Кісі хатын ашқанға айып,оқығанға жаза болуы.

Жиналыс жасауға,қауым ашуға,жария сөйлеуге,газет шығаруға,кітап бастыруға еркіншілік ...сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық...

IV. Дін ісі.

Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы.Дін біткенге тең хұқық.Дін ұстауға ерік ,кіру,шығу жағына бостандық

Муфтилік қазақтар өз алдына болуы. Неке,жаназа,балаға ат қою сияқты істер моллада болуы,жесір дауы сотта қаралуы.

V.Билік һәм сот.

Һәр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы.Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу.Аралас жерде соттың соттың тергеу-тексеруі һәм хүкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы.Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу.Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болуы;Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып,кімде болса,олардың хүкіміне мойын сұнуы.Айтылған хүкім тез орнына келуі.Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралуы.Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы.Присяжныйлар қазақтан алынуы.Қырдағы ауыл,болыс ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы.

VI.Ел қорғау.

Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету ;әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу.Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII.Салық.

Салық мал-ауқат,табысқа қарай:байға-байша,кедейге-кедейше ғаділ жолмен таратылу.

VIII.Жұмысшылар.

Жұмысшылар закон панасында болу.(Қазақ жерінде зауыт-фабрика аз,сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды.)

IX. Ғылым,білім үйрету.

Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық һәм ақысыз болу;жұртқа жалпы оқу жайылуы.Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу;қазақ өз тілінде орта мектеп,университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу:хұқмет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер,профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы;ел ішінде кітапханалар ашылу.

X.Жер мәселесі.

Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша,қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі; сыбаға өлшеу, норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу;сыбағадан артылған жер земство қолында болуы;Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі;Түркістанда жер мен бірге су сыбағасы да кесілу;жерді қазақ үй басына иеленбей ауыл-аймақ,туысқан тобына меншіктеп алу; азара әділдік жолымен пайдалану.

Жер законында жер сату деген болмау,һәр кім өзі пайдалану.Пайдасынан артық жер сатылмай земствоға алыну.Жердің кені,астығы,байлығы қазнанікі болып,билігі земство қолында болу.

Аса зор ағаш (орман-тоғайлар-К.Н.),зор өзендер мемлекеттегі болып,аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне салыну .

Жоба жасаушылар:

Ғалихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов ,

Міржақып Дулатов,Елдес Ғұмаров,

Есенғали Тұрмұхамедов,

Ғабдулхамид Жүндібаев,Ғазымбек Бірімжанов.

Қазақ”, 1917, 21 қараша, сейсенбі [5.220-222б]

Тарихымызға сол кезеңнің нақты шындығымен қарасақ,біз Алаш партиясының бағдарламасын-Алаш автономиясының мемлекеттік құрылымын,оның бетке алған бағдарын анық танытатын Конституциялық құжаты деп қабылдауға тиіспіз.Екіншіден,тарихшылар айтып жүргендей,Алаш партиясының бағдарламасы-мемлекеттің,оның даму жолының нағыз конституциялық сипатын түгел көрсете алады.Құжаттың негізгі арқауы-мемлекет құрылымы,жергілікті бостандық,басты құқық,дін ісі,билік һәм сот,ел қорғау,салық,жұмысшылар,білім – ғылым үйрену және жер мәселесі.Ал сол конституцияда негізгі тұжырымдама бойынша,Алаш өкіметі-Ресейдің демократиялық,федерациялық республика болуын жақтап,өзінің бағдарын ұлттық дербестік һәм әділеттік деп жариялады.[4.15б] Еліміздің Конституциясы тәуелсіздігімізді белгілеп қана қоймайды,сонымен қатар ол айрықша тарихи контекске де ие.Осындай қортындыны «Алаш» партиясы мен Қазақстан Конституциясын салыстырған кезде жасауға болады.Ол туралы жақында ғана белгілі қазақстандық ғалым Диқан Қамзабекұлы да айтып кеткен болатын.Алаш қайраткерлерінің XX ғасырдың басында белгілеп және бекітуге ұмтылған ережелерінің басым көпшілігі 80 жылдан кейін барып біздің Конституциямызда көрініс тапқаны жайлы қортындыға келуге болады.[1.19-21б] Салыстырмалы кесте:

«Алаш»партиясының бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1-бап

Демократиялық мемлекет

1-бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық

4-бап

Дін мемлекеттен бөлек болуы тиіс

және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады

1-бап

Депутаттарды сайлау тікелей және жасырын түрде дауыс беру арқылы жүргізіледі

3-бап, 1-тармақ

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық

2-бап

Партия халықтың игілігі мен мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады

1-бап, 2-тармақ

Республика қызметінің түбегейлі принциптері:қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;қазақстандық патриотизм мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу

10-бап

Жердің барлық қазынасы-қалың ормандары,өзендері мемлекеттің меншігі болып табылады

6-бап, 3-тармақ

Жер және оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады

3-бап

Басқа біреудің хаттарын ашып оқитын барлық тұлғалар жазаланады,оның ішінде біріншілерге айыппұл салынады

18-бап,1-тармақ

Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына,өзінің және отбасының құпиясы болуына,ар-намыс мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар

18-бап, 2-тармақ

Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының,жазысқан хаттарының,телефон арқылы сөйлескен сөздерінің,пошта,телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар

4-бап

Әрбір адам еркін және тең құқылы болуыт тиіс

12-бап, 1-тармақ

Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сәйкес танылады және кепілдік беріледі

3- бап

Соттың айып тағыусыз және тергеусіз тұтқынға алынып,соттауға құқысы жоқ:барлық істер 24 сағат көлемінде жасалған орнында қарастырылуы тиіс.Қылмыс болған жерде соттың болмауы жағдайында оған айыпталушыға бір аптада шешім шығаруға құқық беріледі

16-бап, 2-тармақ

Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады,тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі.Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады

3-бап

Тең құқықтық,жеке адамның өміріне қол сұғылмаушылық,сөзғбасылым мен одақтардың бостандығы

20-бап,1-тармақ

Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.Цензураға тыйым салынады

23- бап,1-тармақ

Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар

9-бап

Халықтық білім беру барлығына бірдей қолжетімді болуы тиіс.Барлық оқу орындарында білім алу тегін... Қырғыздардың өздерінің орта және жоғары білім беретін оқу орындары,сонымен қатар университеттері де болуы тиіс

30-бап, 1-тармақ

Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті

5-бап

Сот алдында барлық халықтар тең

14-бап, 1-тармақ

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

Осыған орай,біздің еліміздің Ата Заңы әртүрлі тарихи кезеңдердегі егемендік үшін күрестің мақсат-мұраттары мен армандарының,үміттері мен ұмтылыстарының іске асуының көрінісі болып табылады деп айтуға толық негіз бар.Осы құжат біздің халқымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіміздің мықты негізіне айналды. [1.19-21б]

Қорыта айтатын болсақ осы екі конституцияның қалыптасуы да,құрылуы да екі түрлі жағдайда және екі түрлі кезеңде болып отыр.Дегенімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанан кейінгі қазіргі Конституцияда қамтыған мәселенің барлығы Алаш конституциясында кездеседі.Салыстырып қарастырсақ ондағы негізгі мәселе де бостандыққа,демократиялық және құқықтық мәселеге келіп тіреледі.Сонымен қатар оқу,білім алуға еркіндік,дін ісі,жер мәселелері т.б қазақ даласындағы өзекті жағдайларды қарастырған.Екі конституциялық заңда да жергілікті бостандық,ұлттың әдеп,дәстүрлі заңдарынан демократиялық заңдардың айырылу үдерісінің жүріп жатқаның байқаймыз.Сондай-ақ бұл конституциялардың әрбір бабының,әр ережесінің халықтың талап мүддесіне сәйкес келуіне,еліміздің нығайып,билік органдарының адам мен қоғам үшін қызымет етуіне назар аударады.Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады.Қазіргі таңда ҚР жеке дара конституциясы мен өзінің тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуына сол кезеңдегі ұлт зиялыларның еңбегінің үлес тиді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1.Конституция-Тәуелсіз Қазақстаның тұрақты және қауіпсіз дамуының негізі. ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдары.Өскемен 2010ж

2.Ғ.Сапарғалиев:Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.Өңделіп,толықтырылған 3-басылым.Алматы «Жеті жарғы» 2008ж

3.Қазақстан Республикасының Конституциясы (ҚР орталық сайлау комиссиясы)

4.Д.Қамзабекұлы: Алаш-Темірқазық. Астана, 2015ж

5.К.Нұрпейісов: Алаш һәм Алашорда. «Ататек».Алматы-1995ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!