Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз
еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап
жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы
болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға
қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған
ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып
табылады.
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі
бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы
тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен
мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді.
Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне
бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір
ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы
қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда.
Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің
негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе
Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас
кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл
тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі
еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30
жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген
ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде
Алашты – «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен
Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов –
«Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін
білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын
және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп,
жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп
айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың
біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917
жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш
партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың»
ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер
А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында
жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы,
оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан
тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың
қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған
буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің
басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін
қайталаған.Міне осы сияқты көптеген зерттеулер мен ой-пікірлер ХХ
ғасырдың бас кезінде құрылған Алаш партиясының жоғарғы дәрежеде
зерттелгендігін көрсетеді. Менің де осы тақырыпты тандағандағы
басты мақсатым: «Алаш» партиясының шын мәнінде қандай партия
болғандығы туралы өз тұғырымнан зерттеп, оқырманға өз ойымды
жеткізе білу. Ал оны білуде алға қойған міндеттерім: «Алаш»
партиясының құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын; Партия өмір
сүргенінде қандай қызмет атқарды;
Өз
алдына қойған мақсатына жетті ме;
Партияның бағдарламасын толыққанды
зерттеу.
«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және
қызметі
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық –
демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген
сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі
әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша
үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен
империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз
демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ,
оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ
халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына
ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік
дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті.
Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған
кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны
Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23
желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге
шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25
қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа
кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов
негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы
жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді
меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда
сытырылып қалады. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш
ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.Француз, орыс
һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса,
сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар
хүкіміетке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін
ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны
орысша «отделение церкви от государство» дейді. Кадет партиясы
менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айырылғаны биыл
ашыққа шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім.
Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде – К.Н.) жалпы қазақ сьезінде
айтқан едім». Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан
ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе
жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі
бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен
олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау
үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық
мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан
іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға
тиісті ұлттық саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен
саясаткерге тән батыл қадам болды.
“Қазақтың қазақ деген атауын бүгін қайтармасақ
,Ертең тарихта қалуымыз ,екі талай” деп айтқан Әлихан Бөкейханов
еді. Қазақ атын , қазақ ұлтын, қазақ ойының айнасы мен көзі болған
ұлағатты адам. Ұлтымызды алдыға тартып ,ойын ашық айтуға шақыруға
арналған автономия құрған болатын. Ол автономияға қазақ жерінің
түкпір-түкпірінен табылған интелегент адамдар кірген, және сол
автономияның құрушысы Әлихан Бөкейханов. Сталинге тура шығып ,елі
үшін жан таласқаны үшін күнәсіз айып тағылды…Абақатыға қамалып,ату
жазасына кесілді. Осы оқиға ұлы да ұлтты “Алаш Орда”-ның
репрессияға ұшырауына әсер етті. Артынан ол автономия құрамына
кірген адамдардың барлығын өлімге қиған еді. Осының мәнісін,
нәтижесін біле тура елі үшін жан таласып ,біршама мәселе шешкеніне
қуана көз жұмды…