Шәріпжанова Қ.Е., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жалпы білім беретін № 32 мектеп
Қарағанды қ.
«Алаш» партиясының көшбасшысы - Әлихан Бөкейхан
Мақала адамзат тарихының алтын бетінен орын алатын біртуар азамат Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов жайында болмақ. Халқына таза, пәк жүрегімен қызмет еткен ұлы тұлға. Ол - ХХ – шы ғасырдың лидері, өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ елінің төл тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этногрфиясын, экономикасын зерттеген. Сонымен қатар, публицист, жүздеген еңбектің авторы, ғұлама ғалым Ә.Бөкейханов «Алаш» деп аталатын күллі қазақ даласына кең таралған ұлт-азаттық қозғалыстың негізін қалаушы әрі бірегейі. Алашорда автономиясының төрағасы болды. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1920 жылы жазылған «Қазақ тарихынан» атты тарихи жазбасында былай дейді: «Ресейлік Патша үкіметінің айдауында жүріп, қаншама қиыншылыққа шыдап, еш мойымай бастарын құрбандыққа шалған біртуар азамат тобы болды. Осы топты бастаған - Әлихан», – деп жазған болатын. «Алаш» сөзі – қазақ зиялылары үшін 20 ғасырдың басындағы ең басты ұлттық ұранға айналды. Осы арқылы ол барлық қазақ рулары мен ұлыстарының бірігіп, біртұтас ұлт ретінде сезінуіне ықпал жасады. Қазақтардың ішінен ру мен тайпаға бөлінбегенін, сонау ерте заманнан бері сақталып келгенін, қазақтың Алаша ханнан таралғаны жайында тарихи ақиқатты алға тартуының өзі көрегендік емей немене?! Осындай идеологияны қайта жаңғыртуы, оны басты ұран етіп алуының өзінен-ақ Әлихан Бөкейхановтың қандай ірі тұлға екенін аңғаруға болады. Оны ешбірі жоққа шығара алмайды. «Алаш» деген сөздің түп мағынасы «Ел адамы» деген мағынаны береді. Демек, «Алаш» ұранының ең басты мәні «Еліне деген сүйіспеншілік» деп түсініп, сол бағытта жұмыс жасады. Жалпы айтқанда, «Алаш» ұраны барлық қазақ халқын біріктіруші идеяға айналды. Оның авторы Әлихан Бөкейханов болса, ал осы идеяның насхаттаушылары А.Байтұрсынұлы, Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, А.Бірімжанов болды. «Алаш» партиясының басты мақсаты - жергілікті болып жатқан проблемаларды қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізу еді, ол үшін қазақ тіліндегі баспасөзді қалыптастырып, дамыту күн тәртібіндегі ең негізгі қаралатын мәселе болды.
Әлихан қазіргі қоғамға несімен сыйлы? Қазақ елі үшін Алаш мақсатынан артық мақсат болған емес. Ол мақсат бүгін де өз қадірін жоймаған. Керісінше тәуелсіздігімізді алғаннан соң да, қайта айналып келіп, үлкен сұрақ болып отыр. Мақсаттар тізбегі бірнеше сатыға бөлінеді. Ең бірінші мақсат ол: жер, жүз қайтара айтсаң да, жер. Жерсіз ел болмас. Әлихан Бөкейхановтың айтуынша: «Қашан қазақтар өз беттерінше жаңа заман бағытына бет бұрмайынша ешқандай жер меншікке де, сырттан келушілерге да берілмейді». Екінші мақсат: жер асты-үсті мен аспанына тиесілі барлық байлық тек қазақ халқына қызмет жасауы тиіс. Бұған Ә.Бөкейхановтың мына сөзі дәлел : «Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» деген болатын. Үшінші мақсат: Ә.Бөкейхановтың жасаған жобасы бойынша, «Қазақ жерінде өндірілген бір уыс жүн, мақта болсын сол жерде тұрып жатқан халықтың үстіне киім болып киілуі керек» яғни, осы арқылы экономикамызды алға дамытамыз деген ойы болса керек. Төртінші мақсат: мемлекет болатын елдің тілі мен діні басты назарға алыну тиіс. Соңғы мақсат: Жапония елін үлгі ете отырып, салт-дәстүрін сақтаған, ғылымы дамыған мемлекет қатарына қосу еді. Осы мақсаттар арқылы тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Әлихан Бөкейхановты халық жанашырлары Сун Ят Сені мен Махатма Гандиге теңеген болатын. Сол себепті Әлихан Бөкейхановты тереңірек зерттеп, әлі ашылмаған тың еңбектерін халыққа жеткізу келешек ұрпақтың еншісінде деп ойлаймын.
Әлихан Бөкейханов тек «Алаш» партиясын басқарып қоймай, сонымен бірге бірнеше мақалалар жазып жүрді. Сол арқылы біз оны талантты да дарынды журналист ретінде танимыз. Оған дәлел Әлиханның 1937 жылы Бутырка түрмесінде отырған кезінде «Тұтқынның анкетасында» деген сауалнаманы толтыру барысында өзін «журналист» деп көрсетуі. Қ.Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» деп аталатын зерттеуінде былай деген болатын: «Жүрегі адал, бала сияқты аңғал, шыншыл Әлиханның саясатпен айналыспай ағартушылық, ұстаздық мамандықтың иесі болғаны оған әлдеқайда тиімді болар ма еді?.... Шынымен де ол саясатқа шараның жоқтығынан кірді». «Қазақ» газетіне шыққан мақаласында Әлихан: - «Жаңа заман ағымына ыңғайлансақ, оған қоса, мәдениетімізді дамытып, әдебиетті сақтай отырып, қазақшылығымызы сақтап қалу біз үшін әлем жарығына қадам басумен тең»- деп жазды. Бұл жерде Әлихан қазақтар «көшпелі мәдениетінен» қалған мұраны сақтап қалу үшін күресуі керек, арадағы рулық келіспеушілікті жойып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, тек алға ұмтылу көздеген мақсатқа жеткізеді деп ойлады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың ұймдастыруымен ашылған газеттің апталығы «Қазақ» атауымен шығуы тегін емес, бұндағы түпкі мағына «қазақ қашан да қазақ болып қалмақ» деген терең ой жатты. Осы газеттің 3 санында «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласын жалғастыра келе Түрік баласы былай деп жазады: «Тарих жазушылары қазақ пен қырғызды еш бөле жармайды. Қазақ пен қырғыздың ұқсастығы жоқ, түркімен мен башқұрт қандай бөлек болса, біз де қырғыздарға ұқсамайтын дара халықпыз. Орыс үкіметінің қазақтарды қырғыздармен бір деп жүруі өздерінің «Казачий» деген әскерімен шатастырып алмау үшін айтылған. Үкімет басында отырған түрік қауымының басшылары да, қазақ пен қырғызды айырмауы үлкен қателік». «Өзінің төл тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ» деп айтып кеткен Алаш лидері қазақ тарихын қайта жаңғыртып, жаңадан жазуды міндет етіп қойды. «Қазақ» газетінің біршама сандарында орыс үкіметінің қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, «кір жуып, кіндік қаны тамған жеріне» деген құқықтарынан айрып, аталған жерлер қазына немесе орыс патшасының меншігі деп санаған саясатын ерлікпен дәлелдеп көрсетті. Сонымен бірге, жерді ғана емес, ұлтымыздың мәдениетін түбегейлі жоймақ болғанын барынша дәлелдеді. Саясаттың қайнаған ортасында жүргендеріне қарамастан Алаш зиялылары халықтың басқа да салаларда дамуына үлестерін қосты. Сол істің маманы болмаса да, ғылым саласының бағыттары бойынша көптеген танымдық кітаптар жазып, елдің рухани баюына ықпал етті. Алаш зиялыларын 1920 жылы саясаттан шеттеткен сәтте олар халық сауатын ашуға арналған кітаптар жаза бастады. Соның ішінде М.Жұмабаев «Педагогика», Ж.Аймауытов «Психология», М.Дулатов «Есеп кітабы», А. Байтұрсынов «Қазақ тілі», Қ.Сәтбаев «Алгебра», Ә.Бөкейханов «География» және т.б. кітаптар жазылды. Осы шығарылымдардың басында Әлихан Бөкейханұлы болды.
Жан-жақты талант иесі Әлихан Бөкейханұлының қалдырған мұралары аз емес, соның ішінде, ең бірінші назарға іліккен қанатты сөздері болды. Қанатты сөздерінің негізгі тақырыбы тәуелсіздік жолындағы күрес еді. Барлық ғұмырын халықтың жағдайын ойлаумен өткізген. Ел қамын ойлаған ұлы азаматтың жас ұрпаққа қалдырған терең мағыналы қанатты сөздері сарқылмас асыл мұра екеніне сенімдімін. Ел бостандығы туралы айтқан мына бір пікірінде: «Тәуелсіздікке апаратын жол - бірлік қана», - деп айтқан болатын. 20-шы ғасыр қазақ халқы үшін ең ауыр кезеңдердің бірі, сондай заманда халықты егемендікке жеткізетін жалғыз ғана жол ұлт арасындағы ынтымақтастық еді.
«Жер тағдыры – ел тағдыры» деген ақиқатты ұстана отырып, Ә.Бөкейханұлы жер мен ел тағдырына алаң болып, сол жолда аянбай тер төкті. Ресей империясының жоғарғы билігінде отырса да халқы мен жері жайлы еш ұмытқан емес. Ресейдің отарлау саясаты қазақтарды талай шұрайлы жерлерінен ығыстырды. Шөбі шүйгін, суы мол, нулы ормандар мен сарыарқадай кең даламыздың барлығы солардың қолына өтті. Ал қазақтар болса, сусыз-күйсіз жерлерге шеттетілді. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы сақтап келген байлықтың бәрі отаршылдардың меншігінде қалды. Ә.Бөкейханұлының: «Жер десе дірілдемей болмайды, жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры», - деп айтуы бүгінгі күннің де мәселесін айтып тұрғандай. Қазірдің өзінде азуы мықты мемлекеттер де жерімізге көздерін алартып отыр. Өз алдымызға Тәуелсіз ел болғанымызда ендігі біздің басты мақсатымыз, жерімізді басқа елдің езгісіне салғызбай, ата-баба аманатын сақтап жерді көзіміздің қарашығындай сақтау. Ұлт көсемі Әлиханның басшы жайында айтқан ойы: «Халық қамын бірінші орынға қоятын басшы болса, халық соның соңынан ерер еді». Әлиханның заманында халық жанашырлары да аз болмады, дегенмен ел тағдырына алаңдамайтын талай басшылар бірнеше жылдар бойына халықты басқарып келді. Сол қиын заманда елімізідің көркеюіне, ұлттық санамыздың оянуына мол еңбек сіңірген ұлт зиялыларының тарихымызда өзіндік алатын орны ерекше. Ол - шындық. Солардың ішінен дараланып шығып, қайсар мінезімен, таза жүрегімен, еркіндік жолында аянбай күресіп, көшбасшылық қасиетімен көзге түсен ең биік тұлға - Әлихан. Басын бәйгеге тігіп, елім, жерім деп халықтың біртұтастығы үшін күрескен, ел аманатын арқалаған ең көрнекті тарихи тұлға – Әлихан Бөкейханов десек артық айтпаймыз. Ол көзінің тірісінде-ақ халыққа «Алаш» көсемі деген атпен танылды. Әлихан Бөкейхановтың қазақ және орыс тілдерінде жазған қазақтардың тұрмыс-жағдайы жайлы мақалалары, ғылыми жобалары, зерттеулері, аудармалары мен талдаулары, публицистикалық туындылары келешек ұрпаққа қалдырған баға жетпен мұрасы болып саналады. «Алаш» көсемінен қалған бай мұра бүгінде Қазақстан Республикасының құны жетпес ұлттық интеллектуалдық меншігіне айналып отыр.
Сөз соңында айта кететінім, Әлихан Бөкейхановтай ұлы бар қазақ бақытты. Оның бостандық жолында күрескен табандылығы жайлы айта берсек еш артық емес. Тұңғыш Елбасмыз Н.Назарбаевтың: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген сөзінің өзі ынтымақтың ел үшін қандай маңызды роль атқаратынын анықтап тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Алаш қайраткерлерi саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы / Құл-Мұхаммед, Мұхтар. - Алматы: Атамұра, 1998. – 360 б.
-
Шығармаларының толық жинағы - Полное собрание сочинений в 9 томах: 9 томдық. Т.6: Мақалалар, жазбалар, баяндамалар, үндеулер, ғылыми зерттеулер, әдеби аудармалар, хаттар, жеделхаттар (телеграммалар). 1915- 1917гг. (Самар-Петроград-Минскі-Орынбор-Томскі-Омбы-Уфе- Алаш)/Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы; Құраст.: Ж. С. Аққұлұлы. - Астана: Сарыарқа, 2013. - 520б.: портр. - Қазақ, орыс тілдерінде.
-
Алаш қозғалысы: 2 томдық монография. Т.1 / Қойгелдиев, Мәмбет. - өңд., толық. 2-ші басылымы. - Алматы: Мектеп, 2008. – 480 б.: сур.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз