Алаш қайраткері Ж.Аймауытов туылғанына 135 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш қайраткері Ж.Аймауытов туылғанына 135 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш зиялы Ж.Аймауытовтың өмірбаянын толық ақпарат береді.Сонымен қатар қазақ әдебиетіне қосқан үлесін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының туылғанына -135 жыл »

Мен Шымкент қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында 10-шы сыныпта оқимын. Сіздерге өз мектебімнің қаламгері,біртуар азамат Жүсіпбек Аймауытұлы туралы тың деректермен бөліскім келеді. Ол кісі туралы ғаламтордан, әдеби кітаптардан оқығанмын. Ж.Аймауытұлы қазақ прозасының негізін қалаған жазушылардың бірі. Бұл кісі нағыз сегіз қырлы , бір сырлы азамат болған десем , артық болмас. Өзінің бар жоғы 42 жыл өмірінде жан – жақты бола білді. Тіпті , аударма істермен де , айналысқан . Ерекше дарын иесі-Жүсіпбек Аймауытұлы өнерден қалыс қалмаған.Көзі тірі кезінде домбыра, скрипка , рояль сынды аспаптарда еркін ойнай алғанын ұлы Бектұрдың күнделігінен оқыдым. Жастайынан өнер –білімге құштар болып өседі. Жазушы ең алғашқы өлеңдер жинағын 13 жасында жаза бастаған екен. Баянауыл өлкесіндегі 2 класстық орыс- қазақ мектебін тәмамдаған.Кейін бұл білімін жетілдіру мақсатында Семей мұғалімдер семинариясында білім алады.Мұнымен Жүсіпбек Аймауытұлы шектеліп қалған жоқ. Әрдайым ізденіс үстінде болған ол алашордашылардың қатарына қосылады .Осы тұста қаламгердің қанша ұлтжанды , ойшыл , патриоттық рухы биік азамат екенін аңғардым. Ол сонда жүріп қазақ қоғамына танымал Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев секілді тұлғалармен танысады. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовпен бірлесіп « Абай » туралы бірнеше мақаланы жарыққа шығарады. Сол еңбегі арқылы Абайды кеңінен насихаттады. Пушкин орыс әдебиетінде қандай елеулі рөл атқарса , Абайдың да қазақ әдебиетіндегі рөлі ерекше екенін дәлелдеді. Атақты жазушы өзін әр салада шыңдай білді. Ағартушылық , редакторлық секілді сферада қызмет атқарғанын кеңінен танып біле алдым.

Бүгінгі таңда қауырсын қалам иесі- Жүсіпбек Аймауытұлы атынан өшпес із қалдырды. Жүсіпбектің зерттеу шығармаларының көбісі ой өрісі, идеологиясы, стилі жағынан ерекшеленген. Басымдықты әсіресе, педагогика мен психология тақырыптарына берген. Қазақ тарихындағы психологияны толық зерттеп , жетік меңгерген жазушы болған. Қаламгер Жүсіпбек Аймауытұлы секілді басқа ешкім психология мәселесін көтермеген. Сондай бір зерттеу еңбектеріне « Педагогика » , «Психология », «Жан күйі және өнер таңдау» секілді кітаптары бар . « Психология» атты кітабын қазіргі таңда педагогтар жиі оқиды. Себебі ол кітапта автор түрлі әдіс –тәсілдермен бөліскен.

Тағы айта кетерлік жазушының бір тұсы ол – әдебиеттегі орны. Өйткені Жүсіпбек Аймауытұлы төңкеріс кезінде ғұмыр сүргендіктен әдеби шығармаларында сол тұстағы қазақ қоғамын сипаттайды.Яғни, орыстардың озбыр саясатын, әйел теңсіздігін ел арасындағы дүрбелең мәселелерді толықтай ашып суреттей білген. Сондай идеологияға негізделген шоқтығы биік шығармаларына « Ақбілек », « Қартқожа » романдарын жатқызуға болады. « Қартқожа » романы Жүсіпбек Аймауытұлының реалисттік туындысы деп саналды. Ал « Ақбілек »әйел теңсіздігін қозғаған , жүректі елжіретпей қоймайтын романы екенін түсіне алдым. Ол тек роман ғана емес, балаларға арналған ертегілерде жазған . Жазушының жазу стилі өзге тұлғаларды да , таңқалдырмай қоймады. Оған дәлел ретінде Бейімбет Майлииннің мына пікірін ұсына аламын. «Жүсіпбек Аймауытұлы сияқты шебер жазушыны бұрын –соңды көрмеппін» деп ұлы тұлғаға деген өз көзқарасын білдірді.Мен Бейімбет Майлиннің бұл ой-пікірімен толықтай келісемін. Расында,жазушының жазу стилі өзгелерден дараланып,ерекшеленіп тұрады. Өз ойын бір сарында жеткізе біледі.Менің пайымдауымша Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ жұртының қаймағы , елім деп жүрегі соққан майталман .

Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлы мен үшін - ұлы тұлға. Сонымен қатар қазақ ұлтының «Бес арысы» деп танимын. Ұлы даланың ұлы есімдерін шарықтатқан азамат.Қазір ол кісімен тең келетін қаламгер жоқ. Әттең, ұлтым деп қызмет еткен ұлт жанашырының жалт етіп аққан шоқ жұлдыздай тез сөнгені жаныма батады. Бүгінде қоғам Жүсіпбек Аймауытұлының еңбегін елеусіз қалдырмады . Ол кісінің атына ауыл,мектеп,театр атаулары берілген.

Қорытындылай келсек , Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ әдебиетінің майталманы ретінде таныла алды. Тарихта ойып орын ала білді. .Мен осындай ұлы тұлға Жүсіпбек Аймауытұлыны өзіме пір тұтамын ! Алаш қайраткері , сөз зергері Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдық мерей тойы баршамызға құтты болсын !

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі