Материалдар / "Алашым-ұраным, Отаным-жыр-әнім, ауылым-тұрағым" ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алашым-ұраным, Отаным-жыр-әнім, ауылым-тұрағым" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алашым-ұраным, Отаным-жыр-әнім, ауылым-тұрағым" ашық тәрбие сағатында оқушыларға Алаш зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көптеген мағлұматтар берілген. Сондай-ақ оқушылар ауыл туралы да өз ойларын айта алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
515
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КММ «Өкпеті» орта мектебі










Алашым-ұраным, Отаным-жыр-әнім, ауылым-тұрағым









сыныбы: 9-сынып

Сынып жетекшісі:

Т. Искакова


















Үштөбе ауылы 2020 жыл

Бекітемін:

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: А. Ажығожина

Сыныбы

9-сынып

Күні: 16.02.2020

Сабақтың тақырыбы

Алашым-ұраным, Отаным-жыр-әнім,

ауылым-тұрағым

Сабақ мақсаты

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары туралы ақпарат беру арқылы өз Отанын, елін, жерін сүюге, шынайы патриотизмге тәрбиелеу

Сабақ түрі

тренинг

Ресурстар

Парақшалар, маркерлер, т.б

Жоспары

І. Қызығушылықты ояту

1. Шаттық шеңбері. “Топтық тілек”
ІІ. Мағынаны тану

І. Кіріспе «Ой күмбезі»

ІІ Негізгі бөлім «Алашым-ұраным» бөлімі

1. Бейнебаян. “Алашорда” деректі фильмнен үзінді

2. « Тұлғаны тап» ойыны

«Отаным-жыр-әнім» бөлімі

1. Астаналар туралы таныстырылым

2. Сергіту сәті «Сен түсінесің бе?»

3. Топтық жұмыс

«Ауылым –тұрағым» бөлімі

1.Болашақ оқушы көзімен

2. Рефлексия«Көңіл-күй» смайлигі

ІІІ. Қорытынды.

Ұйымдастыру

-Амадасу

-түгендеу

-қажетті құрал-жабдықтарды дайындау

«Топтық тілек»

Қызығушылықты ояту


Әр топ оқушылары жеке шеңбер құрып, бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, топтық тілектерін білдіреді.

Қазақстанның бұрынғы астана болған қалаларының суреті таратылады. Оқушылар өз ойларын айтады. Қазақстан астаналары туралы таныстырылым көрсетіледі.

Кіріспе

«Ой күмбезі»

«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.

Бейнебаян.
“Алашорда” деректі фильмнен үзінді

Оқушыларға бейнебаян көрсетіліп, әр топқа тапсырма беріледі. Топтар өз ой-пікірлерін қорғайды.

Мұғалім:

Алаш” туының астында

Куә болсын Арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен.

« Тұлғаны тап» ойыны

Үш топқа Алаш арыстары туралы мәлімет пен суреті көрсетіліп кім екендігі сұралады.

Сергіту сәті

Сен түсінесің бе?


Оқушыларға терминдер беріліп, сәйкес жауабын тауып алуы талап етіледі. Бір қағазда термин жазылса, екіншісінде анықтамасы берілген. Әр топқа үш терминнен келеді.


1-топқа: революция, монархия, социализм

2-топқа: партия, алаш, автономия

3-топқа:большевик, оппозиция, зиялылар

Революция-белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.

Монархия- мемлекеттік басқару жүйесінің бір түрі, билік бір адамның қолында болып, атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.

Социализм-латын тілінен аударғанда «ортақ,

тең» деген мағынаны береді.

Партия- (лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.

Алаш-қазақ деген ұғымды білдіреді.

Автономия- бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым.

Большевик- В.И.Лениннің саяси ойын, қозғалысын жақтаушылардың көпшілік дауысқа ие болуынан шыққан, кейінірек партия атауына ие болған ағым.

Оппозиция- қарсы әрекет, қарсы саясат, қарсы көзқарас жүргізу.

Зиялылар- (лат.) түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.



Топтық жұмыс


1. Қазақ тарихындағы Алаштың орны.

2. Алаш зиялыларының қоғамдағы ролі.

3.Алашорданың өмір сүруінің аздығына не себеп болды?

Мұғалім:

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

« Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Ауылым -тұрағым

  1. Менің армандарым

  2. Менің қиялымдағы болашақ ауыл

  3. Ауылым туралы мен не білемін?

Рефлексия

«Көңіл-күй» смайлигі

Мұғалім:

«Адам боп оңай туғанмен,

Адам боп қалу көп қиын-деп Қадыр Мырзалиев ақынымыз айтқандай, сіздердің бүгінгі сабақтан не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді мына смайликтерге жазып, айтып жіберулеріңізді сұраймын.

Қорытынды

Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасады. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз- егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сабағымызды Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек».














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!