Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем әдебиеті:Қызықты 5 кітап

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы.Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы жеткен.Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Медетбекұлы Ербол


Электронды почта:medetttbekulyerbol@gmail.com










Әлем әдебиеті:Қызықты 5 кітап


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы.Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы жеткен.Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр сыры көп.Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.Барлығын кітаппен дос болуға шақыра отырып, әлем әдебиетіндегі қызықты 5 кітапты ұсынамын.

Бірінші, Орхан Памуктың “Менің атым қырмызы” атты кітабын ұсынғым келеді.Бұл кітапта автор отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды.Роман осындай ерекше стилімен есте қалары анық.Өлілердің, иттің, ағаштың атынан сөйлеу арқылы оқиға желісін шиеленістіріп, оқырманды шығармадағы қылмыскерлердің кім екеніндігін табуға жетелейді.

Екінші, Харуки Муракмидың “Норвег Орманы” атты кітабы.Кітапта 1960 жылдары Токиода жапон студенттері бүкіл әлем студенттерімен бірге жүйеге қарсы шығып жатқан кезеңі сипат алады.Романда студент Тоору Ватанабэнің екі қызбен ара-қатынасы баяндалады.Бірінші қыздың психикалық ақауы бар, интроверт.Екінші қыз ақжарқын, көңілді қыз.Кітап атауы Билтз тобының “Norwegian Wood” әніне байланысты қойылған.

Үшінші, Джон Фаулз “Коллекция жиюшы” .Адамдармен тіл табысуға қиналатын Фредрик Клегг есімді жігіт көбелектердің коллекциясын жинауды ермек етеді.Бірде ол Миранда дейтін қызға ғашық болып қалады.Миранданың өз коллекциясының ішінде болғанын қалайды.Сөйтіп ол қызды ұрлап кетеді.Миранда суретші қыз, ол өнерді сүйеді.Романның екінші бөлігі қыздың күнделігінен тұрады.

Төртінші, Антуан Де Сент-Экзюппри “Қамал” .Бұл кітап – Экзюперидің ең ұлы әрі ерекше шығармасы болып саналады.Бұл шығармада негізінен Библияға, Құранға, Ницеше, Блез Паскаль, Ране Декарт кітаптарына, аналитикалық дәуір философтарына сілтеме көп жасалған.Маркетингтік жіктеу тұрғысынан “Қамал” интеллектуалды бестселлерлер санатына кіреді.

Бесінші, Халед Хоссейни “Батпырақ қуған бала” . Романның негізі тіні – Әмір мен Хасеннің тағдыры.Батпырауық қуып жарысқан Әмір мен Хасенннің тағдыры да жел ұшырған батпырауықтай заманның аласапыранымен әр тапта әрқилы жалғасты.Романда тек осы екеуінің ғана емес, пуштун мен хазардың, үстем тап пен қараша халықтың, тәліптері бар, басқа да саяси – әскери төңкерістерді бастан кешкен Ауғаныстанның қасіреті баяндалған.

Қызықты әдеби әлем шығармаларын оқи отырып кітапқа білімге деген құштарлықты арттыруға болады.Мен қызық деп тапқан әлем әдебиетіндегі қызықты кітаптар міне, осылар.Ал сіз соңғы рет қашан кітап оқыдыңыз?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2022
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12