Әлем мейірімді жандармен көрікті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем мейірімді жандармен көрікті

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік белсенділіктің бір саласы - волонтер. Ол әрқашан біздің заманымыздың рухани тірегі болған және болып қала беретін, қоғамға махаббат, мейірімділік, және әділеттілік идеяларын әкеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлем мейірімді жандармен көрікті


Әлеуметтік белсенділіктің бір саласы - волонтер. Ол әрқашан біздің заманымыздың рухани тірегі болған және болып қала беретін, қоғамға махаббат, мейірімділік, және әділеттілік идеяларын әкеледі. Волонтерлік- әркімнің міндеті. Бәрі волонтерлікті тегін қызмет ету, жәрдемдесу деп ойлайды. Шынына келсек, әр азамат волонтер болуы керек. Мәселе материалдық көмекте емес, жылы сөз айтып, қолдағанның өзі волонтёрлікке жатады. Бұл да үлкен сауап. " Бәрі жақсы болады" дегенді естігісі келетін адамдар өте көп.

Қасым -Жомарт Тоқаев айтқандай: «Волонтерлік - халқымыздың шынайы болмысы». Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет.

Волонтерлар, ең алдымен елдің игілігі үшін қызмет ету керек. Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам волонтерлікпен айналысады. Көптеген елдерде волонтер атану қалыпты жағдай, үлкен құрмет деп саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды. Осындай азаматтарымыз көмек көрсетуден аянып қалып жатқан жоқ.

Жыл сайын волонтер қызметі біздің елде де, одан тыс жерлерде де танымал бола бастады. Волонтер өмірдің кез-келген саласында көмегі қажет болуы мүмкін.

Адам үшін волонтерлық қызмет әрқашан өз таланттарын көрсетуге, қоғамда жүзеге асыруға, сондай-ақ жастар үшін маңызды тәжірибе әкелетін жаңа білім мен дағдыларды алуға жақсы мүмкіндік. Бұл қызмет жалпы мектеп оқушылары мен студенттердің біліміне үлкен әсер етеді, өйткені ол белсенді қоғамдық өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді, эмоционалды-психологиялық тепе-теңдік деңгейін арттырады, қарым-қатынас дағдыларын дамытады, сонымен қатар зияткерлік даму деңгейін жақсартуға көмектеседі.
Үлкен қалада болсын, ауылда болсын волонтерлердің қатысуынсыз бірде-бір іс-шара жүзеге асырыла алмайды. Осы орайда волонтерлық қызметіне ерекше мән беріп жүрген СҚУ- нің студенттері, сонымен қатар педагогика және психология кафедрасының білікті және мейірімді ұстазы Айтымова Айгүл Нұрланқызының қолдауымен бастама алған жанашыр, қымбатты, баға жетпес жандар бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Мейірімді жандардын қолдауымен студенттер жиналған қаражатқа мамлют санаторлық орта мектеп- интернатының 4 ә сынып оқушысы Кусаинова Нүрияға ұялы телефон сыйлады. Себебі бұл оқушы короновирус індет салдарынан ел күтпеген карантин жарияланып, қашықтықтан оқуға мүмкіндігі болмай қалды. Осы мектеп –интернат қабырғасында тұрмысы қолайсыз балалар білім алып, тәрбиеленіп жатыр. Волонтерлық қызметтің арқасында студенттер балалармен үнемі кездесулер өткізіп, концерттік бағдарламаларын ұйымдастырып, балаларға жүздеріне күлкі ұялатып, қуаныш сыйлайды.. Қазіргі кезде карантин тәртібі күшейтілгенмен волонтер студентер өздерінің ұстаздары Айтымова Айгүл Нұрланқызының қолдауымен бірге киім кешек, тәтті шай ұйымдастырып отырады.

Біз Мамлют санаторлық орта мектеп – интернатының ұстаздары, оқушылары волонтерлерге, яғни студенттерге қолдау білдіргені үшін алғысымыз шексіз.

Осылайша, волонтерлық қозғалысы әлемдегі және біздің еліміздегі маңызды әлеуметтік бағыттардың бірі болып табылады. Волонтерлік ұйымдарға материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ олардың қатысушыларын барынша көтермелеу және марапаттау қажет. Өйткені, бұл экономикалық және мәдени өсудің, жақсы жаққа әлеуметтік өзгерістердің қуатты құралы деп ойлаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2020
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі