Материалдар / «Әлем мойындаған қазақ ғалымдары» тақырыбындағы конференция бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әлем мойындаған қазақ ғалымдары» тақырыбындағы конференция бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылым қызметкерлер күніне және Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай ғалымдардың еңбегін, отандық ғылымды дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2022
385
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылым қызметкерлер күніне және Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай «Әлем мойындаған қазақ ғалымдары» тақырыбындағы конференция бағдарламасы

Мақсаты: Ғылым қызметкерлер күніне және Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай ғалымдардың еңбегін, отандық ғылымды дәріптеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер және ұстаздар Ғылым қызметкерлер күніне және Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай «Әлем мойындаған қазақ ғалымдары» тақырыбындағы конференцияға қош келдіңіздер!

Конференцияны бастамас бұрын сіздердің еңбектеріңізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Колледжіміздің әлеуметтік педагогі Арынова Жанат

  2. Колледждің арнайы пән оқытушысы Ирсаева Мейіркүл

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Содан бері 74 жыл өтті.

Жүргізуші: Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, ғалым - Айтхожин Мұрат Әбенұлы. Оның еңбектері еліміздің болашақ биолог мамандары үшін – бірегей теңдесі жоқ ғылыми мұра. Айтхожиннің еңбегімен сіздер келесі баяндамада танысасыздар

Баяндама: Мұрат Айтхожиннің ғылыми мұрасы

Баяндамашы: Ф-20-2 тобының оқушысы Айтуаров Мұратбек

Жүргізуші: Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, «Берік Ысмайылов» . Ол көптеген өнер адамдарына киімдерді тігіп, адамды көрмей, сырттан пішіп, тігіп беретін,

он саусағынан өнер тамған ол қазір халықаралық дәрежеде кең танылған сәнгер.

Баяндама: Сән әлеменің жарық жұлдызы

Баяндамашы Тг-20-2 Жумалиева Зарина

Жүргізуші: Бектұров Әбікен Бектұрұлы – техника ғылымдарының докторы , профессор , Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды

Баяндама оқитын: В- 21-1 тобы Джуламанов Ержан

Жүргізуші: Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді.Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты.

Баяндама оқитын: КС-18-4 тобының студенті Жанибекова Ақерке



Жүргізуші: Әлкей Хақанұлы Марғұлан - көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам кайраткері. Қазақ халқының мандайына біткен біртуар ұлы, көзі тірісінде аңызға айналып, ғұлама атанған.

Баяндама: Ұлы ғұлама Марғұлан

Баяндама оқитын: Асан Рахат Эл-18-2 тобы



Жүргізуші: Александр Сызғанов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне, жоғары білікті кадрларды дайындауға және медицина ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосты.

Баяндама: Академик Сызғанов салған сара жол.

Баяндамашы Тл-19-3тобының оқушысы Раймбердиева Лола



Жүргізуші: Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасызх ету.. Осы саланың өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген ауылдасымыз, колледжіміздің түлегі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Ғылым Акедемиясының академигі Атақұлов Тастанбек туралы деректермен сіздерді келесі баяндамада танысатын боласыздар.

Баяндама: Колледжіміз мақтанышы – академик Тастанбек Атакулов

Баяндамашы: М-20-2 тобының оқушысы Исмайл Бақберген

Жүргізуші: Енді сөз кезегін қазылар алқасына береміз



Жүргізуші: Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет деп бүгінгі конференцияны аяқтаймыз. Бүгінгі конференцияға қатысқан баяндамашыларға алғыс білдіреміз. Сау-сәлемет болыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!