Материалдар / Әлем нақты ғылымдар тілінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлем нақты ғылымдар тілінде

Материал туралы қысқаша түсінік
МИФ апталығының ашылуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
1054
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 
Әлем нақты ғылымдар тілінде. 
Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; 
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру; 
Барысы: 
Ашылу әуені ойнайды. 
1- Жүргізуші 
-Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық. 
Бүгінгі кеш төрінде 
Дарындылар елінде 
2- Жүргізуші

Тапқыштардың тілінде, 
Есеп шешіп, жарысып 
Жұмбақ шешіп аңдысып 
Шабыт тасып шалқысып, 
Есеппенен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық 
1-жүргізуші.  Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «МИФ» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!  Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше.

2 – жүргізуші: Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.

1-жүргізуші. Барлықтарыңызды математика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық. 
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ. 
«Информатиктер» тобы! (Мариям)
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! 
Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене 
Бәріңіз маған қараңыз! 
Ойынымызды бастайық 
Алуан түрлі ойларды 
Ортамызға тастайық. 
Информатика пәнінен 
Көрсетіп біздер батырлық 
Ой толғалық жүйелі 
Таңдайымызға татырлық 
«Физиктер» тобы (Гульдана)
Уа, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық! 
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде, 
Физика тілінде, 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып… 
Шабыттасып шалқысып, 
Есеппен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық, 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай, 
Бар өнерге басайық. 
«Математиктер» тобы  (Рузанна)
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! 
1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! 
Автор (Жанна С.): Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда: 
Дидар: - Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? 
Азамат: - Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді. 
Дидар: -Сен ше? 
Азамат: - Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. 
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. 
Автор: Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. 
З. Гульдана: - Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! 
Дидар: - А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. 
З. Гульдана:- Сендер, математика сабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. 
Автор: Сол кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. 
Рустам: - Сәлеметсіз бе? Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? 
З. Гульдана: - Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды. 
Рустам: - Сағат неше болды
З. Гульдана: - Сағат, ээммм-ээээ
Рустам: - А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? 
(Көрермендерге сұрақ) 
2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік: 
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (
1
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка) 
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 
4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см) 
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 
Алишер: Бір дегенім- бесік, 
Шықтым содан өсіп. 
Дастан: Екі- дегенім елім, 
Далам, тауым, көгім 
Айбек: Үш дегенім- үміт 
Үміт артар жігіт. 
Улжан: Төрт дегенім- төзім, 
Төзе білем өзім. 
Сания: Бес- дегенім бақыт 
Бағалайтын уақыт. 
Али: Алты деген- ақыл, 
Тыңдағаның мақұл 
Суйенбай: Жеті деген- жалау, 
Жүректегі алау. 
Аслан: Сегіз деген- сөзім 
Серт беретін кезім 
Алишер: Тоғыз деген тоқтау, 
Елдің жоғын жоқтау. 
Айбек: Он- дегенім Отан 
Қорға соны ботам. 
2-жүргізуші 
Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Фигуралар тобын халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 
Үшбұрыш: 
(Айдос)
Мен үшбұрышпын, 
Ылғи үштен түрамын. 
Үш қабырға, үш төбе, 
Үш бұрын болып құрамым. 
Төртбұрыш: 
(Ахат)
Мен төртбұрышпын, 
Көпбұрыштың бірімін. 
Үшбұрыштан болсам да жас, 
Бірақ одан ірімін. 
Тіктөртбұрыш 
(Мирас)
Математиканы білместерге 
Құбыжық болып көрінем. 
Бар бұрышым тік болса, 
Тік төртбұрыш деп аталам. 
Параллелограмм 
(Назира)
Қарам-қарсы қабырғам, 
Параллель әрі тең болса. 
Іргелес жатқан бұрыштар. 
Бірінен бірі кем болса. 
Қосындысы бірақ та, 
180- қа тең болса, 
деп аталам! 
Ромб 
(Диана)
Ромбы атты бауырым, 
Бәрінен де сымбатты. 
Білімділер кеудеге, 
Тағады заттай қымбатты. 
Трапеция 
Трапеция туыстың, 
Ашуы мүлде тым қатты. 
Параллелограмм атасын, 
Жартылай ғана тыңдапты. 
(Аяжан)


2-жүргізуші: 
Негізі бар ғылымның математика 
Жалықпай оқып үйрен тек қана 
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып, 
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская. 
Бүгінде математика барлық жерде 
Құрылыста, техникада өндірісте 
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер, 
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер. 
(Ортаға оқушылар шығады) 
1-оқушы:
(Еркеназ) Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 
2-оқушы:
(Айжан) Ал менің апам – бау-бақшамен аәналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бир шарша метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. 
3-оқушы
(Дамир): Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді. 

4-оқушы.
(Динмухаммед) Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет. 
5 – оқушы (Алмас): Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 

6-оқушы (Бидагул): Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым! 
1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бір апта бойы өз жалғасын табатын апталықтың бағдарламасымен сіздерді таныстырып өтейін.




2-жүргізуші: Құрметті нақты ғылымдарды сүюші жиналған қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар: 
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, 
Математикаға орын берсең басыңнан, 
Барлық ғылым саған үйiр болады, 
Досың солар – табылатын қасыңнан. 
1-жүргізуші: 
Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. 
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз! 
2-жүргізуші: Осымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!