400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлем таныған Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ

Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек.

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол ашып келеді.

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, дала тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», - дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенімен, ол туралы білгеніміз тым аз-ау. Cол себепті Абай атамыздың қара сөздеріне тоқталғым келіп отыр.

Өмірінің соңғы шағында ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған теңдессіз ақылгөй сол қара сөздері арқылы бізге не айтқысы келді? Оны біздің қазіргі жас буын қалай қабылдап жүр? «...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі...» - демеп пе еді ғұлама? Бірақ, Абайдың шығармаларын, әсем сазды әндерін, терең ойлы қара сөздерін оқымай, тыңдамай өскен жан жоқ-ау, сірә...

Ақын Күләш апам (Күләш Ахметова): «Парасатты өнегенің пайдасы мол» - деп ылғи айтып отырады. Адамзат қоғамы Абай секілді дара тұлғалардың парасатты өнегесінің арқасында ұлық емес пе? Осындай ірі тұлғаларымыздың асыл көздерінің барында біздің адасуға, жаман жолға бет бұруға хақымыз жоқ!

Абайдың қара сөздері – адамзат баласына ортақ бас қойып ішер мөлдір бұлақ іспеттес. Қара сөз емес-ау асыл сөз деуге де болады. Тек осы асыл сөздің мән-мағынасын терең түсінер жан болса болғаны. Жалпы саны 45 түрлі қара сөздердің мағынасы да 45 түрлі. Абай бір ғана бағытты алып төсеніп алмай, сол кездегі қоғамның ащы шындығын, адамдардың сұм-сұрқиялығын, залымдығын, надандығын, дүниеқоңыздығын айта берсек сан түрлі тақырыптың барлығын жебіріне жетіп көңіліндегі бораған қара құйынды қара сияның көмегімен ақ қардай әппақ қағаз бетіне лақылдатып төгіп жібергендей. Сондай әсерлі, сондай керемет! Оқыған адамның жан дүниесін бір шайқап өтіп, денесін шымырлатып жіберетіні анық. Бір таң қалатыным сол кездегі оңбағандық, сол кездегі ит мінезділік, дәл сол дүниеқоңыздық бәрі бәрі қазіргі қоғамда да бар. Көбеймесе азаятын түрі жоқ. Мені қынжылтып, жүрегіме үрей тудыратыны да сол...

Оныншы қара сөзіне келер болсақ бұл жерде ақын бала тәрбиесіне, ата-ананың олқылығына күйінеді. «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді. Қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?...», - депті ғұлама. Баланы құдайдан өзің үшін сұрамай, халық үшін сұра. Елдің мұңын жоқтап, жыртығын жамайтын ұрпағың болсын дегісі келгендей. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік», - дейді. Расында да солай емес пе? «Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы, жаман болса жердің асты жақсы» - деген жақсы сөз бар емес пе қазақта? Ақынның айтқысы келгені алма алма ағашынан ұзап ешқайда түспейді, сен өзің қандайсың балаң да сенен асып алысқа бармайды. Балаң жақсы болсын десең ең алдымен өзіңді тәрбиелеу керек екенін айта келіп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, оны кішкентай кезінен қызық көріп алдап, кейін адамның өзі опық жейтінін жеткізгізі келеді...

Шынында баланы алдауды мен де құптамаймын. Қазіргі кезде де бала тәрбиесіне аса көңіл бөлмей аяулы аналарымыздың жұмысбасты болып кетуі өте қиын жағдай...

Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К.Кулиев).

Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.

Абай мұрасы мәңгілік халық жадында, жүрегінде қалары сөзсіз. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себепті тізіп бергендей сол қасиеттерді бойымызға дарытып, Абай мұрасын мәңгі сана-сезімімізге сіңіре білуіміз керек. Ұлы ақын айтқандай ақыл, қайрат, жүректі ажыратып алмай жұдырықтай түйіп, бірдей ұстап тек білім, ғылым жолында еңбек ете берейік, жас дос!

Мәлік Айгүл Біржанқызы

Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28.10.2023
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі