Әлем таныған елбасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем таныған елбасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге тәрбие сағатқа көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы Шанақ елді мекені

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Тайтелиева Жадыра Алмаханбетқызы


1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күніне арналған ашық тарбие сағаты.

Тақырыбы: Әлем таныған елбасы.

Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күніне арналған ашық тарбие сағатына қош келдіңіздер.

1.Әнұран ( тұрып айту)

Бұл тұлғаны танымайтын және бұл тұлға туралы естімеген адам жоқ шығар. Бұл тұлға Қазақстанға ғана емес , бүкіл әлемге танымал. Бұл.......

Ия бұл Әлем таныған Н.Ә. Назарбаев. Бүгінгі біздің тақырыбымыз: « Әлем таныған елбасы».

Мақсаты: а) Жас ұрпаққа Нұрұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Сонымен, балалар Н.Назарбаев қашан сайланды?

2.Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн.Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз.

Енді келесі тапсырмаға келсек, «Сандар сөйлейді» әдісі бойынша. 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалғанда дүниеге келген. 1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қ11азақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Ән. «Көк тудың желбірегені»
(Топтық жұмыс Постер дайындау және қорғау).

«Әлем сүйген елбасы» 1 минуттық эссе. Оқушылар эссе жазып болғанша біз мына слайдтарға қарап сабағымызды қорытындылай кетсек.

Ал енді оқушыларды тыңдап көрейік.

Патриот адам кім?

Ол өзін қалай көрсетуі керек?

Қандай патриот адамды білесіңдер?

Олар кімдер? Не үшін?

Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын. Қорытынды бөлім: Рефлексия











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2019
619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі