Тақырыбы: «Әлемдегі барлық нәрсе еңбекке байланысты», «Все в мире зависит от труда».
Өтілу түрі: Ақпараттық құжаттама. Информ досье.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Біздің кітапханаға қош келдіңіздер. Бүгін біз сіздермен «Әлемдегі барлық нәрсе еңбекке байланысты» тақырыбы аясында кездесіп отырмыз. Кітапханада еңбек ету, кітапханашы болу үлкен мәртебе.Кітапханамыз қазақ, орыс, шет елдердің авторлорының еңбектерімен қамтылған. Үлкендерге және балаларға арналған фондтарда жыл сайын жаңа кітаптармен толығып отыр. Кітапханамыз екі бөлімнен қамтылған «абонемен» және «оқу залы».
Қазір сіздерге әріптесім Елена Борисовна кітапханамыздың фондымен танысытырып өтеді.
Міне оқушылар мына тұрған кітаптардың барлығы үлкен еңбектің қажырлы жемісі. Еңбек адамның дамуына, алдындағы мақсаттарына жетуіне үлкен үлес қосатын күш. Еңбек ету арқылы әр адам өз елінің дамуына үлкен үлес қосады. Міне осындай еңбекқор тұлғаларды қолдау, жандандыру негізінде елімізде жыл сайын Қыркүйек айында еңбек күні тойланады. Қазақстанға еңбегі сіңген ақын-жазушылар мен ғалымдар мен философтардың еңбектері біздің кітапханамызда қамтылған.
Қазақстан ғылымының ұзақ тарихы жоқ. Дегенменде аз уақыт ішінде әлем мойындаған ғалымдар пайда болды. Олар тарих пен мәдениеттен бастап, нанотехнологияға дейін әртүрлі салаларда ғылыми білімді дамытты. Айта өтсек: Шоқан Уәлиханов, Санжар Асфандияров, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Александр Бахтин, Нұрғиса Есіркегенов, Марабек Ғабдуллин.
1. Шоқан Уәлиханов 30 жылдық өмірінде атақты тарихшы, этнограф, шығыстанушы бола білді. 20 жасында ол өзінің зерттеушілігінің арқасында бірқатар ғылыми еңбектер жасады. Уәлиханов ғылыми басылымдармен бірлесе жұмыс істеп, шығыстың ежелгі ғалымдары мен ойшылдары туралы мақалалар жазды. Ш.Уәлиханов көрнекті шығыстанушы ретінде дүниежүзіне танылды.
2. Санжар Асфандияров – әскери дәрігер, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Қазақстандағы белгілі ғалым, ғылымды ұйымдастырушы. 1930 жылдары Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымның бастауында тұрды. Асфандияров еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны ҚазМУ-дың тұңғыш ректоры, кейін Қазақ медицина институтының директоры болды. Қазақ ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті.
3. Қаныш Сәтпаев – әлемге әйгілі геолог, республика ғылымының ірі ұйымдастырушысы, Қазақ КСР ғылым академиясының тұңғыш президенті. 1920 жылдардың ортасында жас тау-кен инженері Жезқазғандағы кен орнын зерттеді. Соның нәтижесінде сол кездегі әлемдегі ең ірі мыс кен орны ашылды. Соғыс жылдарында бұл өлкеде марганец рудасының аса қажетті қоры ашылды. Сәтбаев тұсында Геология ғылымдары институты республиканың табиғи ресурстарын барлау орталығына айналды. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанның қазба байлықтарының картасы жасалды. Ғалым қазақ геология мектебінің негізін салушы болып саналады. Оның ашқан жаңалықтары еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етті. Лисаков қаласында Қ.Сәтбаев атындағы аллеямыз орналасқан.
4. Әлкей Марғұлан – тарихшы, археолог, шығыстанушы, мәдениеттанушы, қазақ археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Археологиялық көне жәдігерлерді зерттеді, қола дәуірінің бірегей ескерткіштерін ашты. Орталық Қазақстандағы ең ірі өркениет ошағы – Беғазы-Дәндібаев мәдениетінің ашылуына еңбегі сіңген.
5. Хабиболла Оспанов – әлемдік деңгейдегі Қазақстандық химик, Халықаралық минералды рисурстар академиясының академигі. Ол әлемдік маңызы бар 4 жаңалық ашқан жалғыз Отандық ғалым. Оларға Ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық қауымдастығы дипломдармен, күміс және алтын медальдармен марапаттады. Оспановтың ашқан жаңалықтары минералды ерітуді, химиялық заттардың арасындағы гальваникалық әсерді, еру реакцияларын зерттеумен байланысты. Ғалым кендердегі түрлі химиялық заттарды анықтау әдістеріне он жарым авторлық куәліктерді тіркеген.
6. 2011 жылы шведтік Nitro Nobel компаниясы Қазақстандық ғалым
Александр Бахтинге алтын және күміс медаль және «Жыл жарушы» атағын берді. Бахтин жылу электр станцияларының күл үйінділерін қоспа ретінде пайдаланудың жолын тапты. Бұл қоспалар жарылғыш заттардың қуатын 25-30%-ға арттыра отырып, әлдеқайда арзан әрі қауіпсіз болып шықты. Енді олар үлкен аумақтарды алып жатқан қалдықтарды дұрыс пайдалана бастады. Александр Бахтин өз саласы бойынша 180 ғылыми еңбектің авторы.
7. Соңғы уақытта жас ғалымдар қатарынан математик Нұрғиса Есіркегенов пен физик Марабек Ғабдуллин де бар. Нұрғиса Есіпкегенов «Дарын-2021» жастар сыйлығының лауреаты атанған болатын. Ол сондай-ақ Ұлыбритания, Германия және Швейцариядан келген жас ғалымдарға арналған беделді халықаралық марапаттарға ие болды.
8. Абай Құнанбаев ақын-ағартушы, сазгер, қазақ жазба мәдениетінің негізін салушылардың бірі ғана емес сонымен бірге дала өлкесінің ең танымал, дана қоғам және саяси қайраткерлерінің бірі. Абай 15 жасында-ақ сот істеріне белсене араласты. Ал 20 жасында өзі би болған, дала заңдарының білгірі, жақсы шешен ретінде танылған.
9. Ыбырай Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.
10. Міржақып Дулатұлы - ақын-жазушы ұстаз сонымен қатар «Қазақ» газетінің журналисті болған.
11. Герольд Бельгер Қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы. ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.
12. Әлібек Асқаров - Әлібек жазушы, прозашы, баспагер, журналист.
13. Мұсахан қанапияұлы – өз заманында аса зиялы, ұлағатты ұстаз болған, бар ғұмырын, бай білімі мен тәжірибесін жас жеткіншектерге білім беру ісіне сарп еткен ұстаз. Ы.Алтынсарин, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынов сынды ұлы тұлғаларымыздың ізін жалғастырған озық ойлы, ізденімпаз ұстаз болған.
Сонымен бірге біздің елімізге өнер жолымен еңбек сіңірген композитор, әнші, суретшілерімізде біршама.
14. Ш.Қалдаяқов – 130 астам әннің авторы. Қазақстан Республикасының гимнің авторы.
15. Ж.Нәжімеденов – ақын-жазушы, күйші. Қазақстан Республикасының гимнің авторы.
16. Бибігүл Төлегенова – еліміздің еңбегі сіңген әншісі.
17.Сара Тастанбекқызы — айтыскер ақын, сазгер, халық ақыны, күйші, домбырашы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әлемдегі барлық нәрсе еңбекке байланысты»

шағым қалдыра аласыз