Әлемдегі ең пайдалы азықтар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдегі ең пайдалы азықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағзаға пайдалы тағамдар туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары

Сабақ: Тәрбие сағаты

Мұғалімнің аты-жөні: Ниязмбетова А А

Күні:25 12

Сынып: 6«Ә»

Оқушы саны:28

Қатысым саны

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Ақтөбе-менің қалам, менің тағдырым»

Сабақ мақсаттары

Туған жеріміздің тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу. Туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру, Қазақстанды  өркендетуге  білімді адамдар керек  екенін  түсіндіру.

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Презентация, суреттер

Сабақтың әдісі

Жаңа сабақты түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап

Міндеті:

Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз отанын қадірлеуді үйренеді. Туған қаласының тарихымен танысып, тарихты қастерлеу керектігін түсінеді

Құндылықтарды дарыту

- Туған жеріміздің тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу. Туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру, Қазақстанды  өркендетуге  білімді адамдар керек  екенін  түсіндіру

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта, компьютер

Эпиграф:

Құтты мекен -Ақтөбе

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу;

-Оқушыларды түгендеу;

-Сабаққа назарларын аудару


Сабақтың ортасы







30минут





















5 минут

II.Негізгі бөлім

«Ақтөбе-құтты мекен» видеоролик көрсетілімі.

Ақтөбе қаласының тарихы 1869 жылдың 28 мамырында басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған. 1999 жылдың наурызында өзінің «Ақтөбе» деген тарихи атауына ие болған қала советтік кезеңде Актюбинск деп аталды.  1869 жылдың мамырында Хобда мен Елек өзендерінің аралығына флигель-адъютант, граф фон Бог басқарған жасақ жіберілген. Осылай, Лев Баллюзек атындағы өлкенің әскери губернаторы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылысқан жерінде Ақ төбе бекінісін салуды тапсырған. Осы күні қаланың тарихы басталған.

1932 жылдың 10 наурызында орталығы Ақтөбе қаласы болған Ақтөбе облысы құрылды. Облыс алғашында 17 ауданнан тұрды: Адамов, Ақбұлақ, Ақтөбе, Арал, Батпаққара, Жетіқара, Ырғыз, Қарабалық, Ключевой (қазіргі Алға), Қостанай, Меңдіғара, Семиозерный, Табын (қазіргі Байғанин), Темір, Обаған, Қобда, Шалқар. Сол жылы Ақбұлақ ауданынан Мәртөк ауданы бөлініп, Ақбұлақ ауданы Орынбор облысына берілді. 1936 жылы Ақтөбе облысының 11 ауданынан Қостанай облысы құрылды. 1938 жылы Арал ауданы Қызылорда облысына берілді.

Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыскезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары осында көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі

Шығармашылық тапсырма, жеке жұмыс.

«Ақтөбеге – лүпіл» туған жерімізге ізгі тілектерімізді әлеуметтік желі арқылы жеткізу.

«Егер мен әкім болсам...» деген тақырыпта өз ойларын жеткізу.

«Ақтөбе-құтты мекен» бейнежазба көрсетілімі.

Қорытынды:

Ақтөбе қаласы – батыс  аймақта болып жатқан өзгерістерді тез қабылдап, Ресей империясындағы жаңалықтарға ден қойған. Қаланың бейнесі тарих тегеурінінде көп өзгерістерге ұшырап, бүгінде шырайлы шаһарға айналған. Бүгінгі Ақтөбе – өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Ақтөбе қаласына арнап өз тілектерін, бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады.

Үй тапсырмасы: Эссе:

  1. Ақтөбе- құтты мекен

  2. «Ақтөбе – менің қалам, менің тағдырым»


https://infourok.ru/tinishti-stteri-276793.html




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2024
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі