Материалдар / Әлемдегі ең пайдалы азықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемдегі ең пайдалы азықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағзаға пайдалы тағамдар туралы түсінік беру
Авторы:
02 Маусым 2024
155
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:Тәрбие сағаты

Мұғалімнің аты-жөні: Мақсатқызы А.

Күні:24 04

Сынып: 7«Г»

Оқушы саны:28

Қатысым саны

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әлемдегі ең пайдалы азықтар.

Бастапқы білім

Денсаулық, салауатты өмір салты

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Пайдалы азықтар туралы мілімет алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Бейнежазба, суреттер, постер

Сабақтың әдісі

Жаңа сабақты түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап

Міндеті:

Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өздерінің денсаулығына аса назар аударуға, күтуге,тазалықты үнемі сақтап жүруге,салауатты өмір-салтын сақтауға үйренеді.Пайдалы азықтарды тұтынуға үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

-Адамгершілік, денсаулық, жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;

-Оқушының белсенді ақыл-ой ізденістерін ынталандыру;

-Оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

моноблок, интернет ресурстар

Эпиграф:

Денсаулық- зор байлық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу;

-Оқушыларды түгендеу;

-Сабаққа назарларын аудару


Сабақтың ортасы

30минут

























































5-минут


Жаңа сабақ

«Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан соң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты,оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды».
Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.
Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.
Сонымен қатар кәзіргі таңда пайдалы азықтарды тұтынуда өте маңызды.Қазіргі таңда «Форбс» журналында жарық көрген пайдалы азықтар тізімі.
Пияз-сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Cіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.

Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.

Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30-50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.

Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3 витаминіне бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.

Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ каллориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.

Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Құрамында сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.

Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.

Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.

«Қоржын» инновациялық әдісін қолдану.

Тақырып: Денсаулықты сақтау жолдарын, денсаулық туралы мақал мәтелдер және бүгінгі сабақта не түйгендерін қысқаша жазады.

Шеңбер құрып денсаулыққа байланысты тілектер айтып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Үйге тапсырма:

«Денсаулық- зор байлық» және «Әлемдегі ең пайдалы азықтар» тақырыбына эссе жазу.

https://infourok.ru/salauatti-mir-salti-turali-tsinik-940570.html



















http://bilim-all.kz/article/2094



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!