№5.
Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру»
идеясындағы өзара үйлесімділік
Әлемдік жаһандану күннен –
күнге тың өзгерістерді әкеліп, қарқынды дамып жатқанын білеміз.
Қазір ғылым мен техниканың ғасыры екенін ескерсек, ақпараттар легі
тым көп, оны ашып, қорыту үшін жаһандық көшке ілесе алуымыз керек
деп санаймын.
Еліміз де жаһанданудан шет
қалмау үшін түрлі жобалар мен стратегияларды жасап, нақты
іс-шараларға кірісіп кетті. Соның бірі – «Рухани жаңғыру»
идеясы.
«Рухани жаңғыру» идеясы
бәсекелік қабілеттілікті арттырып, ұтымды дүние ұсына алуымызға
негіз болып отыр. Аталған бағдарлама қоғамымыздың дамуына тың
серпін беріп, жаппай қолдауға ие болғанын білеміз. Өйткені, ондағы
негізгі басымдықтар әлем елдерімен тереземіз тең болуға
бағытталған.Бір сөзбен айтқанда, әлемдік жаһандануға лайықтап
алынып, үйлесімділік тапқан деп
санаймын.
Біріншіден, Елбасы рухани
жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударады. Соған
бағытталған бірнеше міндеттерді айқындайды. Оның ең негізгісі
ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстаным мен ата жолын
сақтап қалу деп білемін. Ұлттық құндылықтарымызды, озық
санамыз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғырта отырып, қазіргі
жаһанадану үрдісіне ұтымды қолдана алуымыз керек деп
санаймын. Елбасының өзі: «Жаңғыру
жолында бабаларымыздан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз
керек»,- деп атап көрсетуінің өзінде үлкен мән жатыр. Менің
пайымдауымша, жаһандық көшке ілесуде ата-баба салтын ұмытпай, өз
ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау керек екендігін айтып тұр деп
ойлаймын. Себебі, жаһанданудың да кері тұстары бар екенін
білеміз.
Екіншіден, болашақта ұлттың
табысты болуы оның
табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады деп түсінемін. Сондықтан, әрбір
қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты
қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік
сауаттылық, шет
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға
басуына қажет емес пе? Мысалы, әледік ақпараттың көбі ағылшын
тілінде жазылған. Ал ақпараттар күн сайын жаңарып отыр. Рухани
жаңғыруда білімнің салтанат құруы алдыңғы орындардан көрінеді.
Білім біздің бесекеге қабілеттілігімізді арттырады деп ойлаймын.
Сол үшін білімге аса қатты мән беріліп жатыр. Батыстық жоғары оқу
орындарының үздік үлгілері бойынша Астана қаласында халықаралық
деңгейдегі жаңа зерттеу университеті – Назарбаев Университет
құрылды. Қаншама зияткерлік мектептер ашылды. Міне, жаһандану мен
«Рухани жаңғыру» идеясының бір өзектілігі осында деп айтуға
болады.
Үшіншіден, жаһандық көште
заман сынынан сүрінбей өтіп, табысты жаңғырудың нәтиелерін алуымыз
керек деп санаймын. Менің ойымша, егер жаңғыру елдің
ұлттық-рухани тамырынан нәр
ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сол үшін Елбасы бұрынғы тамырлы тарихымыз бен ұлттық
санамызға сүйене отырып, жаңғыра алатынызды айтады. Мен осы идеяны
қолдаймын. Осы идея жүзеге асу үшін рухани құндылықтар бойымызда
басым болуы тиіс.Себебі, рухани азбаған ел ғана жеңіске жетеді.
Ондай ұлт өзінің тарихын, өткенін ешқашан ұмытпайды, қайта кәдесіне
жаратады деп түсінемін.
Ойымды түйіндей келе,
жаһандану үрдісінің оң нәтижелерін алу үшін өзіміздің ұлттық
руханиятымыздан алыстамауымыз керек деп
түйіндеймін.