Маржан Жаманбай
Әлемдік ым -ишараттарға мысал
Әуелі ым, ишара, ишарат дегенге тоқталайық.
«Ым» дегеніміз- адамның басын изеу, иек көтеру, көз қысу, қас керу, қабақ шыту, ерін шығару т.б арқылы екінші адамға үнсіз, дыбыссыз ақпарат беру.
«Ишара» дегеніміз- адамның бет-әлпеті және екі қолы, саусақтарымен белгілі бір мағынасы бар қимылдар арқылы ақпарат беруді айтады екенбіз.
«Ишарат» дегеніміз-белгілі бір адамдар тобына немесе ұлтқа, болмаса бірнеше халыққа, әйтпесе бүкіл адамзатқа ортақ ақпараттық ұғым бере алатвн қалыптасқан қимыл-қозғалыстардың жиынтығын айтамыз. (Сағатбек Медеубекұлы. Замансөз: генезис және типология)
Ишарада халықтың сипаты бар. Біз адамның тілін түсінбесекте, оның жасаған қимыл-қозғалысына, эмоциясына қатты мән береміз. Мысалы: сіздің алдыңызға өзге тілде сөйлеп келсе, сіз ол адамның тілін түсінбейсіз, қолымен не көрсетіп жатқанына, бет-әлпетіне, ерініне мән бересіз. Сол арқылы не айтқысы келгенін болжайсыз. Осындай сәтте мен адамның келбетін емес, оның ым-ишарасын есте көп сақтаймын. Мен басқа тілде түсінбегендіктен, адамымның сөйлеу тіліне емес, ишара тіліне көп мән беремін. Міне, осылайша адам тек сөйлеу арқылы емес, ыммен, қимылмен де екінші адамға ақпарат таратуға болады екен.
Әлемдік ишара мен ишараттарды ақ парақ бетіне бәрін түсіру қиын. Сондықтан, қазаққа және бүкіл әлемге ортақ ишараларды жазуды шештім. Оны «тсс» немесе қазақша «түш» деп атауға болатын шығар. Яғни сұқ саусақты еріннің үстіне (кейде мұрынның үстіне) қойып, «тсс» деген секілді дыбыс шығару. Әлбетте, «үндеме» деген белгі. Бұл ишараның әлемге қалай таралғаны және қалай пайда болғаны туралы мәліметтер жоқ. Бірақ тұтас әлем қолданып, түсінетін ишара.
«Иә» және «жоқ» сөздерінің ишарасы әр халықта өзгеше болатыны бар. Мысалы, әлемнің көп халқы «жоқ» деп басын шайқаса, «иә» дегенді басын изеп білдіреді. Ал түріктердің жоқ деп айтуы тіпті қызық. Олар иегін жоғары көтеріп, қастарын кереді. Көздері бұл сәт үлкейіп кетеді. Қазақтың «кет» дегенді иегімен нұсқағанындай күй кештіреді. Ишараның иекпен, көзбен, тілмен, ерінмен жасалатын түрлері бар. «Таңдай қақты» деген тіркес бар. Бұл таңғалыстың белгісі саналады. Біздің халық таңғалысын таңдай қағып білдіреді және ол әлемнің тағы біршама халқына ортақ. Егер қағыс таңдайдан езуге ауысса, қазақша «жоқ» немесе «тоқта» деген ишара болар еді. Ат шошынғанда, кейде үркіп, өзгеше мінез шығарғанда біз осылай езу тақылдатамыз. Яғни езумен қағып «жоқ» деп айту – құрметсіздік саналатынын айта кетуіміз керек. «Мұрнын тыржиту» – жақтырмау, «мұрнын шүйіру» – менсінбеу. Бұл екі ишараның біріншісі басқа да халықтарда кездессе, мұрын шүйіру біздің ұлттық ишара қатарында.
Қорытындылай келе, Әр елдің салты басқа демекші әлемде неше түрлі оқиғалар кездеседі. Мәселен, Америкада жақсы мағынада қолданылатын ым-ишара, Жапония халықтары үшін тым ауыр соғуы мүмкін. Шет ел көрген адамның дүниетанымы кеңейеді, көзқарасы өзгереді деуші еді. Сондықтан, әр нәрседен хабардар болу керекпіз.
Журналистика 301
Маржан Жаманбай
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлемдік ым -ишараттарға мысал
Әлемдік ым -ишараттарға мысал
Маржан Жаманбай
Әлемдік ым -ишараттарға мысал
Әуелі ым, ишара, ишарат дегенге тоқталайық.
«Ым» дегеніміз- адамның басын изеу, иек көтеру, көз қысу, қас керу, қабақ шыту, ерін шығару т.б арқылы екінші адамға үнсіз, дыбыссыз ақпарат беру.
«Ишара» дегеніміз- адамның бет-әлпеті және екі қолы, саусақтарымен белгілі бір мағынасы бар қимылдар арқылы ақпарат беруді айтады екенбіз.
«Ишарат» дегеніміз-белгілі бір адамдар тобына немесе ұлтқа, болмаса бірнеше халыққа, әйтпесе бүкіл адамзатқа ортақ ақпараттық ұғым бере алатвн қалыптасқан қимыл-қозғалыстардың жиынтығын айтамыз. (Сағатбек Медеубекұлы. Замансөз: генезис және типология)
Ишарада халықтың сипаты бар. Біз адамның тілін түсінбесекте, оның жасаған қимыл-қозғалысына, эмоциясына қатты мән береміз. Мысалы: сіздің алдыңызға өзге тілде сөйлеп келсе, сіз ол адамның тілін түсінбейсіз, қолымен не көрсетіп жатқанына, бет-әлпетіне, ерініне мән бересіз. Сол арқылы не айтқысы келгенін болжайсыз. Осындай сәтте мен адамның келбетін емес, оның ым-ишарасын есте көп сақтаймын. Мен басқа тілде түсінбегендіктен, адамымның сөйлеу тіліне емес, ишара тіліне көп мән беремін. Міне, осылайша адам тек сөйлеу арқылы емес, ыммен, қимылмен де екінші адамға ақпарат таратуға болады екен.
Әлемдік ишара мен ишараттарды ақ парақ бетіне бәрін түсіру қиын. Сондықтан, қазаққа және бүкіл әлемге ортақ ишараларды жазуды шештім. Оны «тсс» немесе қазақша «түш» деп атауға болатын шығар. Яғни сұқ саусақты еріннің үстіне (кейде мұрынның үстіне) қойып, «тсс» деген секілді дыбыс шығару. Әлбетте, «үндеме» деген белгі. Бұл ишараның әлемге қалай таралғаны және қалай пайда болғаны туралы мәліметтер жоқ. Бірақ тұтас әлем қолданып, түсінетін ишара.
«Иә» және «жоқ» сөздерінің ишарасы әр халықта өзгеше болатыны бар. Мысалы, әлемнің көп халқы «жоқ» деп басын шайқаса, «иә» дегенді басын изеп білдіреді. Ал түріктердің жоқ деп айтуы тіпті қызық. Олар иегін жоғары көтеріп, қастарын кереді. Көздері бұл сәт үлкейіп кетеді. Қазақтың «кет» дегенді иегімен нұсқағанындай күй кештіреді. Ишараның иекпен, көзбен, тілмен, ерінмен жасалатын түрлері бар. «Таңдай қақты» деген тіркес бар. Бұл таңғалыстың белгісі саналады. Біздің халық таңғалысын таңдай қағып білдіреді және ол әлемнің тағы біршама халқына ортақ. Егер қағыс таңдайдан езуге ауысса, қазақша «жоқ» немесе «тоқта» деген ишара болар еді. Ат шошынғанда, кейде үркіп, өзгеше мінез шығарғанда біз осылай езу тақылдатамыз. Яғни езумен қағып «жоқ» деп айту – құрметсіздік саналатынын айта кетуіміз керек. «Мұрнын тыржиту» – жақтырмау, «мұрнын шүйіру» – менсінбеу. Бұл екі ишараның біріншісі басқа да халықтарда кездессе, мұрын шүйіру біздің ұлттық ишара қатарында.
Қорытындылай келе, Әр елдің салты басқа демекші әлемде неше түрлі оқиғалар кездеседі. Мәселен, Америкада жақсы мағынада қолданылатын ым-ишара, Жапония халықтары үшін тым ауыр соғуы мүмкін. Шет ел көрген адамның дүниетанымы кеңейеді, көзқарасы өзгереді деуші еді. Сондықтан, әр нәрседен хабардар болу керекпіз.
Журналистика 301
Маржан Жаманбай
шағым қалдыра аласыз













