Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Әлемнің екінші ұстазы-Әбу Насыр әл-Фараби"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Әлемнің екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби».
«Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс:
ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла
бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзіне
қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру
ұстаздың қадірін кетіреді,оның берген сабағы
мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын
болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық
пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт
айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір – су
тәрізді».
Әл-Фараби
Мақсаты: Шығыс пен батысты мойындатқан ғұлама философ, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», өз заманының ең мықты энцоклопидст-ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабиді және еңбектерін насихаттау.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, суреттер.
Күтілетін нәтиже: оқушылар бұрын алған білімдерінің негізінде Әбу Насыр әл-Фарабидың Қазақстан тарихындағы орнын анықтай алады, атқарған қызметтеріне талдау жүргізе алады.
Сабақтың барысы:
Жоспары:
І бөлім.
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны.
2. Бағдадта білім алған ғұлама.
3. Домбыраның атасы- әл-Фараби.
4. Өзі дәрігер, өзі ақын.
5. Ғұламаның өлімі туралы ақиқат.
ІІ бөлім.
Әбу Насыр әл-Фараби өміріне қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық тәртіп бойынша)
ІІІ бөлім.
Лебіздер легі
І бөлім.
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны.
Мұғалім сөзі: Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесіндегі ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Батыс пен шығысты біліммен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құяр жерінде бой көтерген Отырар қаласы бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Нақтырақ айтқанда, Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қаласында туған. Весиж-Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала.
Фарабидің толық аты-жөні-Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл- Фараби ат Түрки. Ат-Түрки –шыққан тегі түркі дегенді , әл- Фараби- Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты- Мұхаммед , әкесінің де аты – Мұхаммед, атасының аты- Тархан, бабасының аты- Ұзлағ.
1-оқушы: Бағдадқа білім қуған ғұлама. Әл- Фараби жайында айтылатын тағы бір дерек – «ол 12-16 жасында ғылым – білім іздеп Бағдадқа аттанады» деп жазылып жүрген мәлімет. Солай айтылғанмен де, тарихи еңбектерде Әбу Насыр әл- Фарабидің Бағдадқа елу жасында келгені жазылған.
Бағдадта әл-Фараби не үшін келген? Себебі- Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдайын жасаған. Бағдадта «Байд әл - Хакма» атты ғалымдар үйі және ең бай кітапхана болған. Екіншіден , сол кездері Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен Түркістандық Фараб қаласынан болыпты.
Фараби түркі тілін, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген. Ол тілді үйреніп қана қоймай, тіл ғылымдарының өркендеуіне көп көңіл бөлген. Оның филология , поэтика , каллиграфия, риторика жөнінде жазған еңбектері, өлеңдері бар. Әл Фараби математика , астрономияны терең білген.
2-оқушы: Домбыраның атасы- әл-Фараби. Әл- Фарабиді әлемге танытқан , музыка теориясына арналған шығармаларының бірі – «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі . Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге әкелген. Ол тек музыка теориясын жазып ғана қоймай, музыкалық аспаптарды қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай білген. Қазақ домбырасының атасы- асқан музыкант ұлы бабамыз Фараби десек, қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады.
3- оқушы: Өзі дәрігер, өзі ақын. Энциклопедист ғалым әл-Фараби жақсы дәрігер болған. «Жүрек- басты мүше , мұны тәннің басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да- басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес » - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап берген. Мұстафа Әбдел Раззақ та әл- Фарабидің бірнеше өлеңдерін келтіреді.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз біртұтам тіршілікте ,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірек пен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп түңіледі,- деп толғайды ұлы ғұлама.
4-оқушы: Ғұламаның өлімі туралы ақиқат. Қазір Қазақстанда фарабитану ғылымында екі жаңсақ пікір бар. Біріншісі- Фараби өз өлімімен өлді дейді. Бұл –дұрыс емес. Фараби Кафур жендеттерінің қолынан қаза болған. Екінші жаңсақ пікір – 950 жылы қайтыс болады деп жазылып жүр. Мұсылман деректерінде Фарабидің қайтыс болған уақыты хижра жылымен , айымен берілген. Соны қазір қолданып жүрген милади жыл санауына айналдыратын болсақ, хижраның реджеб айы екі айға-желтоқсан мен қаңтар айларына тура келеді. Ғұламаның дәл көз жұмған күні белгісіз болғандықтан, 950-951 жылы қайтыс болған деген тұжырымға келеді шығыстанушы ғалымдар.
ІІ бөлім.
Әбу Насыр әл-фараби өміріне қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық тәртіп бойынша)
5-оқушы:
941-942 – «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін Бағдадта жазып, 942-943 жылдары Дамаскіде аяқтайды.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. – еңбектері Еуропада басылып шыға бастайды. Әл-Фараби еңбектері алғаш еврей тілінде аударылған.
1968 – 28 қыркүйекте қазақ ғалымдарының ішінде әл-Фарабидің мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі, фарабитану ілімінің абызы атанған Ақжан Әл-Машани Димашыққа (Дамаск) барып, ұлы бабамыздың зиратын іздеп тауып, мінәжат етіп қайтты.
1970 – Қазақстанда әл-Фараби еңбектерін аудару жұмыстары басталады. Бұл жылы ғалымның «Философиялық трактаттары» жарық көреді.
6-оқушы:
1975 – Ғалымның 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО шешімі бойынша Алматыда халықаралық конференция өткізіледі.
1982-1998 – Қазақстандағы Философия және саясаттану институтының фарабитану секторы ғалым мұрасын зерттеп, профессор М.С.Бурабаевтың жетекшілігімен бірнеше ұжымдық монографияларды жарыққа шығарды.
2005-2006 – «Әл-Фараби және шығыс философиясының дамуы», «ӘлФарабидің құндылықтар әлемі және ХХІ ғасырдың аксиологиясы» атты монографиялар жарық көрді.
ІІІ бөлім.
Лебіздер легі
7-оқушы:
«Исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ, оның ілімін қастерлегендер «Екінші ұстаз» деп дәріптеді. Дүниеде төрт ғажап адам болған. Олар: Аристотель мен Александр Афродезейский және Әбу Насыр мен Әбу Әли ибн Сина».
Захир ад-Дин әл-БАЙҺАҚИ,
Араб тарихшысы
«Әл-Фараби Аристотельдің «Физикасын» қырық рет, «Риторикасын» екі жүз рет, «Жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!».
Г.ГЕГЕЛЬ, немістің ұлы философы
«Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналысқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, бабына жетті. Сондықтан да шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек».
А.Мюлллер, немістің шығыс зерттеушісі
«Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, әл-Фараби бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық адам болмаған».
Г.ФАРМЕР, араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым
8-оқушы:
«Әзиз ата, әл-Фараби аруақ!
Бізге парыз - ұлылығың танымақ.
Тұңғиықтан, тұйықтан да шыға алдың;
Қыпшақтардың әлемге атын шығардың.
Заманында тұра алатын қатар кім?!
Сен екінші Аристотель атандың»
Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның Халық жазушысы
9-оқушы:
«...Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын.
Әбуіміз – әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр әл-Фараби болатын».
Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақстанның Халық жазушысы
Бекіту кезеңі.
-
Нені білемін?
Нені білдім?
Қорытындылау.
Мұғалім сөзі: А.Тельманқызы
Әл-Фарабидің қазақ мәдениетіне тигізген үлесі орасан зор. Философияның, әдебиеттанудың, музыкалық негіздердің бастауы әл-Фарбиден басталады. Ол – біздің мәдениетіміздің бастауындағы ірі көшбасшымыз. Сөзімді «Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің адал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ғылымына қолы жетпейді» -деген ғұламаның сөзімен қорытындыламақпын.
Оқушыларды бағалау.
Өз бетінше ізденіп, сабаққа белсенділік көрсеткен оқушыларды мақтап, марапаттау.
Үйге тапсырма.
Ғұламаның өмірбаяны мен еңбектері, игі істері туралы эссе жазу.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары. Алматы. «Арыс», 2009.
2. Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 1-том.Метафизика. Астана, ТОО «Лотос-Астана»,2007.
3. А.Көбесов. Әл-Фараби. Алматы, «Қазақстан»,1971.
4.А.Машанов. Әбу Насыр әл-Фараби. Алматы. «Жазушы»,1970.
5.Ж.Дәдебаев. Шығыстың ұлы ұстазы. «Парасат» журналы,№6,2008.
Сағынбаев Кеңес Тельманұлы
Темірастау ЖББОМ-нің тарих пәні мұғалімі.
Жаныс би ауылы,
Ырғыз ауданы.
Ақтөбе облысы.