Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды
Бәрі де ана бір өзіңнен басталды
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды
Еркелесем бір өзіңе еркелеп
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым
Қадыр Мырзалиев
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың батыр қыздары мен аналаының портреттері,ана туралы даналық сөздер ілінеді.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызыңнан арыла алмайсың.
Ердің анасы – елдің анасы
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Оқушы: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,қонақтар!
Оқушы: Бүгінгі мереке 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған ”Әлемнің жарығын сыйладың сен маған”атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Оқушы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың қыздарымыз. Қыз жібек пен Баян сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз КүләшБәйсейітованы, Роза Бағланованы, атақты күйші Дина Нұрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерееваны т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.
Ана деген – асыл жандар болаттай.
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай, - деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.
Ананың қоғам өміріндегіалатын орны үлкен.
Ана –перзент тәрбиелеуші,
Ана-қызметкер,
Ана-ғалым,
Ана-зейнеткер.
«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар! Ана – алып бәйтерек. Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!
Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз де осы бір аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз.
Жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету біз үшін қуаныш, әрі парыз да. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін!
Оқушы: Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалады.
Оқушы: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
-Жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
-Жоқ, әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек.
-Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – Ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Ана – үйдегі бақ,әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.
Оқушы:Үйдегі алтын қазық кім?
- Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі,әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың. Ананны сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде.
Оқушы: (Б.Омаровтың «анашым» әні орындалады.)
Оқушы:Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?
Оқушы: Дүниедегі ең сұлу-қазақ әйелі.
Оқушы:Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.
Оқушы:Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.
Оқушы: Иә, бүгін мақтасақ – барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы әйел-ананы мақтайық.
Оқушы: Бізге қажымас қайрат беретін әйел-анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан мен Тоқтар – сол әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ сүтінен нәр алған.
Оқушы:Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гауһар ана, бәрі бір ғана атқа ие, ол «АНА». Ендеше сол аналарды мадақтайық.
Оқушы: Төмендегі көріністе ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншытырған Темірдің сол аналардың алдында бас иіп кішірейгені айтылмақшы.
Көрініс
Алыстан әйелдің дауысы естіледі.
Оқушы: Жіберіңдер мені, үш ғаламның билеушісіне жібер,тарт қолыңды апарыңдар ханға!
Ақсақ Темір: Мына зарлы дауыс кімдікі екен,біліңдер тез!
Шабарман: Үсті-басы шаң бір әйел Ханға Жіберіңдер! Деп қасарысып тұр.
Ақсақ Темір: Алып келіңдер.
Ана: Баязитті өлтірген сен бе?
Темір: Иә, мен! Мен оны да жеңгенмін, басқаны да жеңемін. Әлі жеңуден қайтқаным жоқ. Сен не айтпақшысың әйел?
Ана: Тыңда! Сен – талай істі істесең де құр адамсың. Ал мен – Анамын! Сен әлемге қызмет қыласың, мен өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың. Міне, мен саған « сол жазаңды жу» деп келіп отырмын. Сен әділ болуға міндеттісің, неге десең, мен анамын!
Темір: Отыр да сөйле, мен тыңдайын!
Ана: Менің әкем де, ерім де бақытты еді. Оларды бақытты қылатын мен едім. Менің жалғыз ұлым бар еді. Жер бетіндегі ең сұлу сол еді.
Темір: Менің Жәңгірім сықылды.
Ана: Менің ұлым алтыға келгенде қарақшылар келіп, менің ерімді өлтіріп, ұлымды алып кетті. Міне жыл болды, жер жүзін шарлап, ұлымды іздеп жүрмін. Мен білемін, ұлым қазір сенің қолыңда. Сен менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, өзіме тапсыр!
Темір: Әйел, сонау жат жерден дарияларды, өзендерді, тауларлы, ормандарды өтіп қалай келдің? Саған аңдар қалай тимеді? Қолыңда қаруың да жоқ.
Ана: Жолда бәрі болады, қабан, аю, жер тарпыған бұқалар ұшырасты. Барысты көрдім, көздері сенің көзіндей екен, бірақ аңдардың жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім.
Олар менің ана екеніме сенді. Аяғандары емес пе, күрсініп, теріс қарап кете барды.
Темір: Солай,әйел аңдар, адамдардан күштірек сүйіп, жауларымен табандырақ алысады.
Ана: Әркімнің анасы бар ғой. Сені де бір әйел тапқан шығар.
Ақын: Солай, әйел, өңкейбұқадан бұзау тумайды, күнсіз гүл гүлдемейді, махаббатсыз бақыт болмайды, әйелсіз махаббат болмайды.
Ана: Ендеше, бер баламды өзіме! Неге десең, мен анамын, сүйемін ұлымды.
Темір: Мен тәңірінің құлы Темір тиісті сөзімді аитамын. Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреніп келді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың иінін қиратып келемін, оның мәнісі-ұлым Жәңгірдің кегін алмақшымын. Анам туралы ойламаппында. Менің алдымда отыған әйел маған сөйлемеді, бұйырды. Мен әйел қайратын ұқтым. Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің бәрін кезіп, мына әйелдің ұлын тапсын. Кімде-кім баланы тапса, ол бақытқа бөленеді. Осылай ма, ана?
Ана: Солай, хан, дұрыс айтасың.
Темір: Қане, атқа мінелік, біз де ізделік.
Оқушы: Осы айайтылғандардың бәрі – шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге данышпандарды, ақындарды, ерлерді әкелетін – аналар. Иә, аналар ажалдан да күшті.
Ұлдана: Ана
Оқушы: Міне, көрдіңіздер ме? Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана екен. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Не деген құдірет едіңіздер, аналарым !
Сыйынатын болса өмірдеқұдірет,
Сыйынар ем, ана деген тәңірге!
Ананы да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген .
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін балаларың.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан да, ана, сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Оқушы: Меккеге жиналған ұл мен қыздар, аналарға арналған әдеби-монтажымызды бастайық;
Оқушы: Күнде той бола бермес дәл осындай
Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай
Өмірде саған жақын адам болмас
Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.
Оқушы: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
Туған елін сүйсіне мақтасын деп.
Пәк сезіммен тілеймін адамдарға
Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Оқушы:Өмірде ана- бақыт ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем,талай шешен,
Талай ербталай ақынбталай дана.
Оқушы:Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да
«Ана»деп біздің халық текке айтпаған.
Би:
Оқушы:Адам бар ма ана сүтін таптаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты,ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам.
Оқушы:Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.
Оқушы: Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз,
Қыздарға да ақ пейілмен панасыз.
Сіздің жазған әніңізді орындап,
Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз.
Оқушы: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Хор: Менің анам алтын
Оқушы:: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Оқушы:Ана десем,сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Оқушы:Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Оқушы:Тыныштық – баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік тасылмайтын жыр-әніміз.
Арманның асқарына қана қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Оқушы: Ана жүрегі
Оқушы:Жарайсыңдар, балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының, бақыттың керегі жоқ.
Ал енді ата-аналармен кішкене ой бөлісіп ойын ұйымдастырайық.
Аналар шынайы жауаптарыңыз үшін көп рахмет!
Оқушы:Ана деген – адамзатты данасы,
Ана деген – сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген – өмірдегі қамқорың,
Ана деген – сүйенерің, жан құрбым.
Оқушы:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Оқушы: Мен өзіңмен қайда болсын біргемін
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Би:
Оқушы:Ол – ана,адамзатқа қанық үні
Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.
Ол деген алыбы ғой алыптардың
Ана тілі емес пе халық тілі.
Оқушы: Сәуле кіріп енгенмен саналарға
Бірте – бірте басқанмен заман алға
Адам болып жер басып жүргенменен
Алдыменен қарызбыз аналарға.
Оқушы:Ақ сүті оның өтейсіз жай қала ма
Борышты оған небір дархан дала да.
Тірлік сеуіп кележатқан дүниеге,
Ей, адамдар,жол беріңдер анаға!
Оқушы:О, аналар, осындайың бәрің де
Осындайсың жасың-дағы кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар ана деген тәңірге.
Оқушы: «Асыл ана».
Оқушы:Ана – адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым
Бір түнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,-деп кезекті әнге береміз.
Оқушы: «Анаға сәлем» (сөзі – ә. Иманәлиев, әні – Е. Хасанғалиев).
Оқушы:Көз керек – ананың өнерін, парасатын көруге.
Көз керек – арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге.
Көз керек – ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған
Әжімдердің сырын ұғуға
Мейірім мен жылылыққа толы ана алақанындағы
Ықыласты қолмен ұстап сезінуге.
Көз керек – бесік жыры мен ана әлдиінің құдіретін
Толық біліп ұғынуға!
Оқушы: Сөз керек – ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге,
Сөз керек – дүниенің алтын діңгегі
Ана екенін әйгілеуге.
Сөз керек – анаға деген махаббат пен құрметті
Тіл ұшына үйіруге.
Сөз керек жылына бір рет болса да
Ана мен әйелдің көкіректі кернеген
Сезім мен көңіл күйін білдіруге.
Оқушы:Ал,аналар,балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдеби-сазды ертеңгілігімізді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой»деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлігі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!
Адам баласы үшін ең қастерлі сөз—Ана деп білеміз!
Қорытынды.
Мұғалім: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.-
дей отырып,бүгінігі кездесу кешімізді аяқтайық. Ардақты аналар,мейрамдарыңыз құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз