Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әлемнің кірпішін қалаушы - Ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемнің кірпішін қалаушы - Ұстаз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлемнің кірпішін қалаушы - Ұстаз

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем

қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам,

ал Аристотельден өмірімді жақсы

өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Ұстаз –әлемді билеуші, әлемнің кірпішін қалаушы. Себебі, ұстаз- жас ұрпақты, жалпы адамзатты ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелеп, білімді сүюге, танымға құштарлығын арттыруға үйретеді. Әр шәкіртін жеке тұлға ретінде қалыптастыратын ерекше жан. Сол ұстаздың алдынан өткен жеке тұлғалар әлемді қалыптастырады.Міне,«Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» деп сол үшін айтса керек. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Би де, дана да, әкім де,қара да ұстаздың қатал тәртібі мен аяулы алақанының астында, берген білімінің арқасында үлкен жетістікке жете алады.

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәтіңде тәй-тәй басып,былдырлап сөйлеуіңе ата-анаң көмектессе, тәтті тіліңді ащы шындық айтуға,енді басқан қос аяғыңмен түзу жолда жүруіңе бағыт беретін ол - «Ұстаз» атты ұлы тұлға.Ол жандардың қоғам алдындағы парызы да оңай емес.«Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы»,-деп қазақ атамыз бекер айтпаған.Таудың тасындай қатал тәртіп пен бұлақтың суындай мөлдір білімді қатар бере алған ұстаздың шәкірттері қор болмасы анық.Ұстаздар сыныптағы отыз балаға тәлім беріп отырған жоқ,олар ел болашағына үлес қосатын жандарды дайындап жатыр.Бұл орайда,ұстаз тарапынан қандай да бір қателік кетсе,елдің дамуына,экономика көтерілуіне сызат түседі.Яғни,елімізге тек айлық үшін амалсыз қызмет ететін,оқушы алдындағы жауапкершілікті сезіне алмайтын,өз білгенін үйрете алмайтын ұстаздар керек емес.Бізге әр басқан қадамы адамға ой саларлық,жаңашылдыққа дайын,оқушыға бәрін жан-жақты түсіндіре алатын мамандар керек.

«Ұстаз»- деп, тебіреніп сөз жазғанда, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидей, жас пен кәріні өз өмірімен бай ақылымен баурап алған аты әлемге әйгілі Абайдай , алғаш мектеп ашып қазақ балаларын «Кел ,балалар оқылық! » деп оқуға шақырған Ыбырайдай ұлы ұстаздарды атап өтпеу мүмкін емес. «Мұғалім өзі сырттай қарапайым болғанмен – тарихта ең ұлы істің бірі» деген Ушинскийдің сөзіне сай ұлы істерге осы жоғарыда аталған ұстаздар әбден лайық екендігі сөзсіз.Олардың дәуірінде,сол тұлғалардан тәлім алғандар қазір кітап бетіне шығап отыр.Біздің дәуірге келер болсақ,ондай даналар саусақпен санарлық, тіпті жоқтың қасы.Себебі,жол нұсқар ұстаздардың аздығы болшақ жазушыға,дәрігерге, бизнесменге,не болмасаса эконамист т.б мамандарға кедергі болуы мүмкін.Яғни,ешқандай қателік жасауға болмайтын,шәкіртін өз баласындай көретін ұлы мамандық.

Әрине, сонымен қатар алдында отырған шәкіртіне бар махаббатын арнаған алтын ұям, әлемдегі ең керемет ұзтаздар жиналған Т.Жүргенов мектебі жөнінде айтып өткім келеді. Мектебіміз әрқашан жарық, мейірімге толы, құдды бір қара шаңыраққа жиналған бүтін бір әулеттейміз. Оған себепкер болып отырған мектебіміздің аяулы да, ардақты ұстаздары. Бірі сабақ беру әдісімен ерекшеленсе, бірі әдебиет әлеміне тереңдеп еңдіріп, қаламымызды құлшына сермеуге себепші ,бірі тапқырлықты бойымызға сіңіріп, еңбекқорлыққа баулиды. Соладың бірі алғаш әдебиет әлеміне жол тауып берген -Дүйісбаева Светлана Кеншіліковна. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында білім беріп, жүргегімен, ауданымыздың мектебіне қосқан үлесі шексіз. Білім іздеген адам бір орында тұрмайды, оған дәлел менің Светлана ұстазым. Ол кісі әдебиет пәнінен дәріс оқып қана қоймай, балаларды шығармашылық табысқа жетелеген тұлға. Қоғамға пайдасы өте зор тұлға десек те артық емес. Өйткені, жүздеген баланы жырға, әнге, жазуға дайындап, балалардың ынтасын күнде дамытып отыратын. Сол жұмыстардың арқасында қазір мен өз мамандығымды анық тауып отырмын. Светлана апайдай ұстаздар көп болса, жастардың арасында бәсекелестік дамиды, бәсеке бар жерде сапа барын ескеруіміз керек. Мен бұл сөздеріммен ұстаздарымды мақтап қана қойғым келген жоқ, сондай-ақ қазіргі таңның ұстаздары да даналардың өсірген, тамыры тереңде жатқан ағашты көркейтіп, жапырақтандыра алатындығын дәлелдегім келгені.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,атын атап, мақтауға лайық мұғалімдерден тәлім алып жүрген біз жастар бақыттымыз.Жаудың бетін бір сөзбен қайтарған халқымыз «Ұстазыңды атаңнанда әзіз тұт»,-деп айтып өткендей,төрт қабырғалы мектептің ішіне білім нәрін таратып жүрген ұстаздарды құрметтеуге міндеттіміз.Ұлағаты мол ұстаз деген есім,біздей жалынды жастар тұрғанда,ешқашан сөнбек емес.Келешегі айқын,болшағы жарқын азат елдің жастары «Ұстаз» деген атаққа ешқашан кір келтірмейді. Жүрегінің кеңдігі сонша мың баланы қамқорлығына алып,екінші анамыз атанып кеткен ұстаздарға мың алғыс!!!

Муттахайқызы Ақсая

Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2021
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12