Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әлеуметтік демографиялық өлкетануды оқыту әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1.Кіріспе. Өлкетану пәнінің маңызы.
2Негігі бөлім.
Әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
Қорытынды бөлім.
Жалпы халық санағы материалдарын және басқа да қазіргі заманғы демографиялық дереккөздерді пайдалану.
Өлкенің тарихын білу-өзінің отбасының, әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрыпын құрметтей де сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді.
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);
б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);
в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады);
Мектептегі өлкетану жұмысының өзіндік міндеттері бар. Бұл міндеттер оқушылардың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білімдік міндеттері:
– өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;
– туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;
– тірі табиғат нысандары мен құбылыстардың бір-біріне тәуелділігін, байланысын, табиғат заңдарын оқып-білу;
– биология, география, химия, физика сабақтарында алынған білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу;
– өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірі және экономикасымен таныстыру;
– туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу:
– табиғатқа дұрыс қарау нормаларын меңгерту;
– алынған білімді қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу барысында қолдана білу;
– туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;
– қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру.
Тәрбиелік міндеттері:
– өзінің туған өлкесіне, туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
– төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
– отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;
– отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиеттер оқу, фильмдер, бейнефильмдер тамашалау;
– өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;
– жергілікті халықтың алдында тұрған проблемаларды шешуге атааналармен бірге оқушыларды да қатыстыру;
– экологиялық мәдениет қалыптастыру;
– патриоттық және эстетикалық, сонымен қатар табиғат алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
– ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін тәрбиелеу;
– балалардың бойында жақсы көру, барлық тіршілік атаулыға аяушылықпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері:
– туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;
– тақырыптық акцияларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттықмәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;
– болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау сұрақтарын шешуге бағыттау;
– күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;
– туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту .
Өлкетану жұмысында тағы бір міндетті қосуға болады, ол – зерттеушілік сипаттағы міндеттер:
– қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау және туған аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы, проблема қою және оны шешудің жолдарын іздеу;
– оқығанды, танығанды, түсініксіз жағдайларды, мәліметтерді өз шығармашылығында көрсете білу;
– ізденіс арқылы таныс емес, белгісіз, түсініксіз құбылыстарды тануға, білуге, түсінуге ұмтылу.
Мектеп пәндерінің мазмұнындағы өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктер:
– тарихи және ұлттық-мәдени өлкетану (ата-бабалар тарихы, шығу тегі, тарихи ескерткіштер, ежелгі қоныс-мекендер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге, өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);
– табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары);
– биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жануарлар әлемі);
– әдеби өлкетану (жергілікті ұлттардың әдеби мұралары және ауыз әдебиеті, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары);
– химиялық өлкетану (ауыз суының сапасы, ауаның ластануы, жергілікті жердегі тау-кен өнеркәсіптері т.б.);
– әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
– өлкенің тарихи өткенін және халқын оқу, зерттеу (этнография, қалалар, ауылдар, топонимика);
– экономикалық өмірі мен шаруашылық құрылымын, сонымен қатар табиғат пен шаруашылықтың, шаруашықтың жеке салаларының өзара байланысын зерттеу;
– халықтың мәдени және рухани өмірі мен шығармашылық әрекетін зерттеу (ұлттық мәдениет, фольклор, сәулет өнері, қолөнері). Жоғарыда аталған өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктерге сүйене отырып, мұғалімнің алдында тұрған маңызды мақсаттың бірі – баланы дамыту, оған халықаралық аренада өзінің туған мәдениетін таныта білу біліктілігімен негізделген патриоттық тәрбие беру болып табылады. Оқушыларды туған және басқа да мәдениет әлеміне кіргізу, олардың тіл құралы арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді, оқушылар туған халқының менталитетін түсінуге үйренеді. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуы және мәдени дамуы оқушының туған өлкесінің мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, тарихы, тұрмысы туралы білімінің кеңеюі барысында жүзеге асады. Сондықтан да өлкетану материалдарын қолдану өзекті мәселе болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл — туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді.Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау — әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.
Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы — екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір территорияда (ел, район) немесе ұжым құрамында (ең алдымен еңбек) еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде — әртүрлі жас адамдарының арасындағы арақатынас.
Бұл құрылымдар кейде биологиялық ретінде белгіленеді. Шынында да, бұл айырмашылықтар биологиялық негізге тіреледі. Бірақ, адамдар жиынтығының жасы мен жынысы бойынша орнығуы әлеуметтік дамудың бір салалары.
Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша (жынысы немесе жасы), немесе екі белгі бойынша талдауға болады.
Үлкен қызығушылық тұрғындардың үш топқа ажыратылуы белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан жоғары (ересек).
Тұрғындардың отбасылық құрылымы — келесі көрсеткіштер: саны, көлемі, отбасы құрамы, бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және ұдайы өндіріс, миграция, тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы, жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады.Тұрғындардың отбасылық құрылымын талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана мен балалар арасындағы қатынастардан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен байланысқан адамдар тобы болып белгіленеді.
Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы деп атайды.
Тұрғындардың отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке — отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі құқықтырға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады. Отбасының түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді. Мұндай кіндік отбасымен ата мен әже немесе үйленген ересек балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін.
Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары:
— бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;
— баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге дайындау;
— отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Генетикалық құрылым – тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа аумақтан көшіп келген адамдардың арақатынасын белгілейді. Келушілердің арасында уақыт қонысына байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда , елеулі орын миграция ойнайтын, елдер мен район тұрғындарының басты сипаттамасы болып табылады.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. 1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады. Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз7
Тарихи-демографиялық деректердің ерекшеліктері. XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында ежелгі, орта ғасырлардағы және жаңа заман кезеңіндегі халық санының арақатынасына қатысты туындаған дауға байланысты демографиялық деректерге сүйену қажет. Бұл мәселе XIX ғ. соңында, әсіресе, XX ғасырда яғни демографиялық зерттеулер жүйелі сипат алған кезде жан-жақты зерттеле бастады. Оның ең алғаш негізін К.Ю. Белох, Ә. Левассер, З. Дошинская және тағы басқа ғалымдар қалаған. Бұл қалыптасу үдерісі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. XX ғасырдың І-жартысында халықтардың орналасу тарихы бойынша мәліметтер жинау үдерісі жүрді, олар ең бастысы нақты зерттеулерде талданды. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген ғылыми еңбектер ХХ ғасырдың ортасында жарық көре бастады.
Т. Холлингсворт демографиялық деректердің келесі түрлерін көрсетті: 1) халық санағы басты ерекшелігі олардың есімі мен жасына қарай құрылған болса; 2) өлім туралы бюллетендер; 3) шіркеу құжаттары; 4) салық құжаттары; 5) әскери құжаттар; 6)иеліктер тізімі; 7) генеалогиялық құжаттар; 8) өсиетнама; 9) некеге тұру келісімшарттары; 10) куәгерлердің куәліктері (растаулары); 11) ұзақ уақыт аралығындағы бағалар; 12) қала саны мен көлемдері; 13) археологиялық қалдықтар; 14) ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері; 15) әкімшіліктік және шіркеулік география; 16) жаңа жерлерді отарлау; 17) бейіт мәліметтері.
Құрамында Қазақстан болған, революцияға дейінгі Ресей империясының тарихында деректердің 4 негізгі тобы ерекше мәнге ие: 1) алым-салық төлейтін халықты тексеру мәліметтері; 2) шіркеу есебінің материалдары; 3) әкімшіліктік-полицейлік есептер материалдары; 4) 1897 жылғы жалпыға ортақ санақ жүйесінің материалдары. Осы және өзге де тарихи-демографиялық деректердің теориялық-дерек танулық мәнін түсіну осы ғылыми пәннің даму міндеттерінің біріне айналуда.
Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректерге анағұрлым кең мағынада халықтар мен демографиялық үдерістерге қатысты сандық мәліметтерден тұратын баспа басылымдары жатады. Олар репрезентативтілігінің деңгейі, этникалық тиістілігі, мәліметтердің сипаты, уақыты, ақпаратты жинау тәсілдері, басылым түрі жағынан ерекшелінеді. Онымен қоса, мұндай деректер толықтық деңгейімен мәліметтерінің шынайылығы тұрғысынан алғашқы және екінші дәрежелі деректер болып бөлінеді. Басты деректерге жиналған статистикалық материалдарды өңдеу және салыстырудың тікелей қорытындылары мен соның негізінде құрылған есеп көрсеткіштері жатады. Екінші дәрежелі деректердің негізін басты деректер бойынша алынған бағалар мен барлық есептеулердің нәтижелерін құрайды. Сонымен қатар құрамында тікелей сандық мәліметтері жоқ басқа да деректермен – құжаттық, әдеби, мерзімді т.б-мен толықтырылуы мүмкін.
Аталған ақпарат түрлері ашық, жарияланған немесе құпияланған, жалпыға ортақ ие және бірегей болып кездесуі мүмкін, жасырын ақпараттардың негізгі бөлігі басты орынды алып отырған массалық деректердің (басты немесе құрастырмалық) құрамында болады. Демографиялық деректер әлеуметтік ақпараттарды жазып алу формасы бойынша түріне (заттық, жазба, бейнелеу, фондық), кезеңіне (ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман) қарай жіктеледі. Сөйтіп ежелгі дәуірдің демографиялық тарихы үшін деректердің негізгі ақпараттың базасын жазба, палеоантропологиялық, археологиялық, этноархеологиялық және т.б деректер құрайды.
Демографиядағы қойылған мәселелерді шешу барысында, кез келген басқа да ғылымдарда сенімді, арнайы әдістер қолданылады. Олардың көмегімен зерттеп отырған объекті жайлы керекті ақпарат алып, оны өңдеп, талдауға болады. Оларға зерттеудің жалпы тарихи әдістері, атап айтқанда тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелік әдістері жатады. Міне, сонымен қатар бірқатар ерекше әдістерді – синхронды (бір мезетті) және диахронды (түрлі-мезетті) талдаулар, тиісті демографиялық әдістер – когоротты, бойлық және көлденеңдік талдаулар, демографиялық коэффициенттерді стандарттау, когортты-өспелі-мерзімдік, мультидәрежелі, демографиялық кестелік, статистикалық - көп өлшемді талдаулар, математикалық, картографиялық, территориялы-коррекциялық, ретроспективті, графиктік (сызбалық, кестелік) және т. б. әдістер пайдаланылады.
Келешекте, тарихи-демографиялық зерттеулерде ғана өңделетін бай қоры бар мұрағат мәліметтерін кең түрінде жинау арқылы анықталған материалдарды терең меңгеру өлкетану зерттеулерін тиімді жүргізу үшін қажет.
●Жалпы халық санағы материалдарын және басқа да қазіргі заманғы демографиялық дереккөздерді пайдалану. Тарихи өлкетану үшін халық санағы материалдарының едәуір маңызы бар. Олардың ішінде белгілі бір сауалнамалар параметрі бойынша елдің барлық санын қамтитын халық санағының статистикалық материалдары маңызды болып табылады, олар өзінің дұрыстығымен ерекшелінеді. Мысалы, XV ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының этнодемографиялық жағдайын шамамен, кездескен қиыншылықтары мен мәселелері арқылы ғана анықтай алатын болсақ, ал Қазақстан халқының санды және сапалы құрамы туралы статистикалық мәліметтерді 1897, 1926, 1937, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы жалпы халық санақтарының материалдарынан табуға болады.
Бұл материалдар арқылы тағы да XIX ғ. соңы мен XXI ғ. басындағы Қазақстан аумағындағы этнодемографиялық үдерістердің өсуін бақылауға болады. Мұнда ең алдымен, біз республиканың халықтарын этникалық құрамы бойынша орналасуын қарастырамыз. Мысалы, қазақ (Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу), орыс, украин және неміс (Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан) этностары басым аймақтар, саны жағынан басым болып келетін этностардың орналасу ерекшеліктері, ауылдағы және қаладағы орналасу, халықтың орналасуы мен жылжуына урбанизация мен ауыспалы нарықтық қатынастардың әсері, миграциялық үрдістердің спецификасы, келу және кету аудандары бойынша мемлекетаралық, облысаралық миграция, олардың этникалық құрамы, міне, осы демографиялық мәселелер тарихи өлкетану үшін өте маңызды болып келеді.
Халық санағы кезінде өкілетті мемлекет органдары халықтың өндірісі мен табиғи қозғалысы туралы (туылу, қайтыс болу), отбасылық-некелік қарым-қатынастар туралы, некеге отыру және ажырасуды қоса, сонымен қатар облыс, аймақ, елдер масштабында миграциялық үдерістер туралы арнайы мәліметтер жинаумен айналысады. Ағымдағы статистика мәліметтерін тексеру жұмыстары олардың жеткілікті түрде толық нақтылығын көрсетеді.
Халықтың демографиялық талдауы үшін монографияларда, жинақтарда, арнайы анықтамалықтарда немесе бюллетендерде кездесетін қосымша статистикалық материалдардың едәуір үлесі бар. Мысалы, олар бойынша республикадан тыс қазақтардың миграциясы туралы, таяу және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасы жайлы, 1937-1939, 1939-1940, 1941-1945 жылдардағы күштеп қоныс аударылған халықтар туралы және олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы нақты және қосымша мәліметтерді табуға болады. Бұл республиканың белгілі бір аумағындағы халық санының өсуіне экологиялық, экономикалық және этносаяси факторларының ықпалын ашуға көмектеседі.
Оларды өңдеуде тарихи география, тарихи психология, тарихи социология, медик-биологиялық ғылымдар, этнография және т.б. аралас ғылымдардың бақылаулары мен қорытындыларын тарта білу қажет.
Осыған орай, тарихи демография демографиямен бірге халықтың дамуындағы тануды қамтамасыз етеді, өзінің өңделуі үшін арнайы білімнің, ең алдымен, тарих пен демография саласында білімнің болуын талап етеді.
Әлеуметтік- демографиялық өлкетануды оқыту әдістемесі - оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы
Реферат
Тақырыбы: Әлеуметтік - демографиялық өлкетануды оқыту әдістемесі
Орындаған: Сагатова Жанаргуль Максотовна
Тексерген: Байдалиев Қ.Ә
Орал қаласы
2018