Әлеуметтік жасырын сауалнама Нашақорлық сауалнама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік жасырын сауалнама Нашақорлық сауалнама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдердің арасында зиянды әдеттерге әуестігін нашақорлық, шылым шегудің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенің зерттеу мақсатында әлеуметтік жасырын сауалнама жүргізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

115 жалпы білім беретін орта мектебі

Әлеуметтік сауалнамаға қатысушы 9-10 сынып оқушылары

Picture 2 Picture 3

Picture 4 Picture 5 Picture 7 Picture 8







Әлеуметтік жасырын сауалнама

Құрметті жасөспірім!

Жасөспірімдердің арасында зиянды әдеттерге әуестігін нашақорлық, шылым шегудің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенің зерттеу мақсатында әлеуметтік жасырын сауалнама жүргізілді.

Ұсынылған сауалнама «тест» емес, онда «жақсы» және «жаман» деген жауаптар жоқ. Сіздің жеке пікіріңізді білдіру маңызды. Сізге бірқатар сұрақтар ұсынылады. Өзіңіз үшін ең дұрыс деп санайтын жауапты белгілеу керек. Қатысқаныңыз үшін Сізге алдын ала алғысымызды айтамыз.

САУАЛНАМА
1. Сіз өзіңіз үшін салауатты өмір салтын ұстануды қажет деп санайсыз ба?
а) иә,
б) бұл мәселе маған әлі маңызды емес
в) жоқ
2. Сіздің таныстарыңыздың арасында есірткі заттарын ("медеферон", "экстази", "скорость", "героин" т.б., -есірткі заттарды) қолданатын адамдар бар ма?
а) иә
б ) жоқ
3. Егер сіз досыңыздың есірткі қолданатынын білсеңіз.Сіз:
а) қарым-қатынасымды тоқтатамын
б) назар аудармай, достығымды жалғастырамын -
в) емделуге көмектесуге тырысамын
г) өзім де сынап көруді сұраймын
4. Сіз есірткі қолданып көрдіңіз бе?
а) иә
б) жоқ__________________________________________________
5. Сіз есірткі затын қолданып көргіңіз келе ме? Қайсысын?
а) иә
б) жоқ__________________________________________________
6. Есірткіні келесі қолданудан әрқашан бас тартуға болады.
а) иә
б) жоқ
в) иә, егер ерік күші болса
7. Есірткі мен психобелсенді заттарды заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын білесіз бе?
а) иә
б) жоқ
8. Сіздің ойыңызша есірткі туралы хабарландырулар қай жерлерде жиі кездеседі?
а) үйлердің қабырғаларында
б) құрылыстардың қабырғаларында
в) әлеуметтік желіде
г) Сіздің жауабыңыз: __________________________________
9. Құқық қорғау органдарының нашақорлық пен есірткі саудасының алдын алу саласындағы жұмысын қалай бағалайсыз?
а) қанағаттанарлықсыз
б) қанағаттанарлық
в) жақсы
г) Сіздің жауабыңыз: _______________________________________________________
10. Қалада есірткіні қай жерде сатып алуға болады деп ойлайсыз? (бір жауап)
а) белгілі орындарда
б) интернет ресурстарда (телеграм, инстаграм, және т.б)
в) курьерлік қызметтер арқылы
г) ойын-сауық орындарында
11. Соңғы уақытта нашақорлықтың таралауының себебі неде деп ойлайсыз?
а) құқық қорғау органдарының нашар жұмысы
б) шамадан тыс еркіндік, бос уақыттың тиімді ұйымдастырылмауы
в) есірткі бизнесінің әсері, есірткінің қол жетімділігі
г) профилактикалық жұмыстың әлсіздігі
12. Нашақорлықтың алдын алу және шешу үшін қандай іс -шаралар тиімдірек деп ойлайсыз? (бірнеше жауап нұсқаларын белгілеуге болады)
а)
 арнайы концерттер, фестивальдар
б) дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар
в) оқу орындарындағы дәрістер мен әңгімелер, видеороликтер көрсетілімі
г) психологтардың, психотеропевтердің көмегінің қолжетімділігін арттыру
д) Сіздің жауабыңыз: ___________________________________________
13. Қазір есірткі алу қиын деп ойлайсыз ба? (бір жауап)
а) өте қиын
б) қиын
в) салыстырмалы түрде оңай
г) өте оңай
д) білмеймін
14. Есірткі заттарын пайдаланғаны, сақтағаны және өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық жауапкершілігі Сізге белгілі ме? (бір жауап)
а) иә, өте белгілі
б) иә, жалпылама белгілі
в) белгісіздеу
г) мүлдем белгісіз
Өзіңіз туралы мәліметтерді белгілесеңіз:
Жынысыңыз: (Ұл/қыз) _______________
Жасыңыз: __________________________


ҚАТЫСҚАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!































«Нашақорлыққа- жол жоқ!»

Сауалнама қорытындысы

Сауалнама анонимді түрде,тек еріктілік қағидатын сақтай отырып жүргізілді.

Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Ұсынылған сауалнама «тест» емес, онда «жақсы» және «жаман» деген жауаптар жоқ.

Жалпы мектептен әлеуметтік сауалнамаға 14-15 жас аралығында 15 оқушылар қатысты.




Сауалнаманың нәтижесінде оқушылардың барлығы есірткі заттарды басқа да зиянды заттардың адам өміріне қауіпті екендігін жақсы білетіндігі анықталды. Жалпы мектепте үнемі іс-шарлар өтіп оқушыларға түсіндіре жұмыстары жүргізіліп отыратындықтан, оқушылар арасында теріс пікірде жауап берген оқушылар болмады. Наркобекет клубының жетекшілерімен бірлесіп отырып,оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында сынып сағаттары және де сыныпта тыс жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Оқушылар өміріне қауіп келтіретін зиянды заттардан бойларын аулақ ұстап,салауатты өмір салтын ұстанып спорттық шараларға белсене қатысатындары сауалнама барысында көрінді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2024
1814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі